Дүйім елдің алдында, әлем қауымдастығының алдында тағы да ұятқа қалдық. Бұл жолы біздің билік Алланың адамзатқа сыйлаған ең ұлы кітабы Құранның кейбір сүрелерін экстремистік бағытта деп айыптап, оқуға және таратуға тиым салды.
Бұндай сорақылық әлемде бірінші рет біздің елде, діндер ымырасына ұйытқы боламыз деп жиын өткізетін, сол жиынға арнап пұтқана-пирамида тұрғызған, барлық діндердің еркін етек жайып, тіпті секталардың да секемсіз жұмыс істеуіне жағдай жасап беріп отырған елде болды. Қазір бұл мәселе әлемнің мұсылман қауымын елеңдетіп, олардың тарапынан айтарлықтай наразылық тудырып отыр.
Бірқатар үнпарақ және кітаптармен бірге кейбір сүрелердің аудиожазбасына тиым салу туралы Астана қалалық сотына Бас прокуратура арызданған. Қазақшылығы «саламатсыздан» аспайтын, діншілдігі қол жаюға ғана жететін мәңгүрттердің ісі болды бұл. Олардың білімінің «биіктегені» соншама Құран сүрелері «уахабшылдықты» уағыздайтынын «анықтапты». Тиым салынған сүрелер мыналар - "Ахкаф" (Құмдар), "Мұхаммад", "Фатх" (Жеңіс), "Хұжрат" (Бөлмелер), "Кәф", "Тәбәрәк" (Билік), "Калам" (Жазу таяқшасы), "Хакка" (Ақиқат), "Мағриж" (Баспалдақтар), "Нұх", "Жын", "Мұзаммиль", "Мұддасир", "Қиямет" (Қайта тірілу), "Инсан" (Адамзат), "Мұрсалат" (Жолдау), "Әл-Бақара". Үнпарақтар және кітаптармен бірге аталған сүрелерді де Қазақстан аумағына әкелуге, таратуға тиым салынған. Демек, Құранға тиым салып отыр.
ҚМДБ болса Астана қалалық сотының шешімін тек эксремистік «Хизб-ут-тахрир» ұйымының іс-әрекетіне қарсы шара, ал сүрелерге тиым салу туралы әңгіме жоқ, аздаған техникалық қате кеткен шығар деп жуып-шайды. Алайда бұл осылайша жылы жауып қоя салуға болатын іс пе? Бұл соттың кәсіби біліксіздігін, адам тағдырын шешетін іске салдыр-салақ қарайтынын, білімі таяз екенін көрсетпей ме? Осыдан кейін біздің сот әділетті емес, жемқор дегенге қалай сенбессің! Ақиқатына бір Алла өзі куәлік еткен Құраннан құдайсыз судья не кінә тапты? Неге ол өзіне берілген билікті санасыз пайдаланып өзі өмір сүріп отырған Отанының абыройын айрандай төгіп, ел естімеген, ақылға қонымсыз, адамгершілікке жат шешім шығарады? Мұндай масқарашылыққа орын берген соң да ол солай судья болып қасқайып қарап отыра бере ме? Құдайдан қорықпайтын қазыдан халқына қайыр бар ма?! Көрсеткішке құл болған құқық қорғаушылар осындай масқарашылық жолмен халқына қызмет етпек пе? Ұят-ай! Өзге діндерді еркінсіту бәйгесінде бас жүлдені бермейтін Қазақстан ата-бабасы ұстанған өз дінін осылайша қорлауда.
Санасыз судьяның сандырағына барша мұсылман қауымы қарсылық білдіруде. Иә, ұлық дін Ислам ешқашан қантөгісті, қара пиғылды экстремизмді қолдаған емес. Ондай ағымдарға тиым салынғаны жөн. Бірақ қызды-қыздымен артымызды ашуға болмайды ғой. Сондықтан сот, прокуратура, құқық қорғау орындарын бас ал десе шаш алатын жандайшаптардан тазалау қажет. Әйтпесе, экстремизммен күрес ертегі болып қалады. Соңғы уақытта еліміздің әр өңірінде экстремистермен «байланысы» бар «террористер» тұтқындалып жатыр. Алды тіпті қой құмалағындай қорғасыннан ажал құшып сүйегі жат жерде қалды. Ақтаулық жігіттерді айтамыз. Бұған кім кінәлі? Ең алдымен көрсеткіш қуған полицейлер, көрсоқыр соттар, парақор прокурорлар мен жемқор шенеуніктер кінәлі. Олар Исламның ақиқатын білмейді, діннің бар білімнің басы екенін түсінбейді. Жастарды жат жолға жағымсыз қылықтарымен өздері итермелейді. Мселен, Құраннан кейінгі киелі кітабымыз Конституцияның өзін белден басып отырып сорақы шешім шығарған сот та өз әрекеті арқылы болашақта билікке наразы болатын діндарлардың қарасын көбейтеді. Ал біздің билік оларды бір ауыздан экстремистер деп бағалайды. Сөйтіп экстремизмнің елесін өздері қоздыруда.
Құдайсыздар Құраннан не кінә тапты екен?..
«Абай-ақпарат»





Иә биліктен бір сорақылық кетті, енді мұны онша дабыра қылу жақсы емес. Бір топастың қылығынан мұқым қазақтың аты шулайды, сондықтан мұны "жылы жауып" қойғанымыз дұрыс болар.
Әсіре діншілдіктен аулак болган абзал тегінде. Осы казыр дінге берілгендер қазақтың дәстурінен мүлде қол үзіп бөтен, бөгде жандарға айлып барады
Бауырым! Дінсіз қоғам азып кетеді. Дін керек, алайда ақылды дін керек!
Дінсіз қоғам азып кетеды бауырым!
Діндар емес, адам иманды болуы керек. Ислам елдері қазір ғылымда артта қалып барады. Ортадоксалды ислам елдерінің ішінде сауатсыздық басым. Ал хадистерге келсек, оның бәрі Мұхамед пайғамбардан қалған хадистер емес. Кейін пайғамбар айтты деп Құран сөзін бұрмалағандар көп болған. Сондықтан дінге көзсіз бас ұрмай әр нәрсенің арты мен алдын ойлаған абзал.
Мұсылман елдерінің кәзіргі кезде артта қалғанын исламнан көру дұрыс емес. Машинаның шопыры мас екен деп, машинаны жамандай алмаймыз ғой... Құран еш өзгеріске ұшырамаған. Ол өзгеріске ұшырады деу нағыз саутсыздың сөзі. Исламды құртып отырғандар, өздерін мұсылманбыз деп атағанмен, исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын думше, надандар болып отыр.
Кезінде мұсыламан ғұламаларын Еуропаның маңдай алды ойшылдарының өздері ұзтаз тұтқан ғой, сондықтан Исламның кесірінен артта қаламыз деп оттамаңыздар!!!
мына автор осы елге жаны ашып журген жалгыз адам ау шамасы...айдаганы канша ешки екенин билмеймин ыскырыгы жер жарып барады гой тайири...жаны шыгып бара жатканга караганда ишинде биликке карсы ызасы бар ваххабшыл асире мусылманнын биреуи ау...кетсе кате кеткен шыгар....елди дурликтире бермей жонди нарсе жаз....кай актаулык жигиттерге жаны ашып отыр...анау таяу шыгыстагы канды урыстарга катысып алемди капирлерден тазалаймыз деп ресейдин жеринде атылган ваххаб-салафит 5 жас жигитти айтып отыр ма...ажеп болган оларга....баскалар туралы жазса егер кеширим сураймын...ал егер солар туралы айтып кабыргасы кайысып турган болса тфу ма!!!....обал болыпты мыс оларга...оларды кушик кезинде атып тастау керек еди.... сол бес жигит ертен бес млн казакты кыратын еди сендер капирсиндер деп...кыскасы сол....басты катыра бермей одан да табигат туралы оленинди жазып журе бер...даурен мундайларды жибермесенши...не маскара мынау ...сайттын бетин былгап
тым болмаса атыңды өзгертші. Ағайындар! Димаш атаның атын, суретін анда мында тыкпаламаңдар! олақылды қазақтын іс емес. Егер азан шақырып қойылған атың Дінмұхаммед болса сөз басқа. бүркеншік атқа басқа сөз құрып қалдыма?
макаласын кудайсыздар деуге караганда кудайдын кимнин тарапта екенин кудайдын озинен сурап алган гой деймин...астапыралла....биликтегилердин барине топырак шаша бергенше жонинди айт...кайдан шыккан казы мынау ....ашуым келип отыр мынаган....авторга айтарым....ишиндеги осы мемлекетке деген кыжылынды баса алмасан баска елге жогал...баспа бул топыракты....кате кеткенди жар салып ауылдын катындары сиякты гой ггойлетип кагаздын бетин былгаганша озинди жондеп ал....батырым..ангиме осы
сен өзің құдайды, елінді де, жерінді де ойламай тек өз кара басыңды ойлайтын болашағы жоқ тек маған тимең деген мүсәпірсің ау деймін
мынау кім аузынан ақ көбігі ағып сөйлеп отырған? Басын қатты қатты шайқаймын деп жарға (тас қабырғаға) соғып алған біреу ғой деймін. Қауіпті сакталардың жұмысын тия алмай отырған биліктің мұслман қазаққа білгенін жасап отырғаны өтірік пе? Өй, батшағар!
Мынау дәу де болса ана судьяның өзі-ау. Жанды жеріне тиіп кеткен секілді. Ал мақала орынды жазылған.
Ассалямуалейкум құрметті қазақстандық мүмин мұсылман қауым!
80-шы жылдардың басында дүниежүзі ғылым қауымдастығы адамзаттың хатқа түскен барлық жазба деректер мен жетістіктерін саралай отырып, тарихта өткен 100 ұлы адамды сапқа тұрғызды. Сол 100-дің бірінші орнын кім алады деген үлкен сұрау мыңдаған ғылым қайраткерлерінің басын қатырған үлкен мәселе болып, ең соңында пайғампарымыз Мұхаммед (с.а.у) бірінші орында қоюға лайықты бірден бір адам болып белгіленді. Оған негіз болған касиеттті Құран Кәрімдегі адамзат күні бүгінге дейін түсініп жеткен және жете алмай отырған Құран мұғжизаларды боып есептеледі. Ал енді біздің Астанадағы мәңкүрт ағайынымыз басқаны былай қойғанда шетел танитын бірде бір өз саласы бойынша ғылыми мақала жазды ма екен?! Ақпараттар көзіне жүгінсек, қазақстандықтар жер көкке сиғызбайтын Россиядағы мықты ақадемик дегендердің (том-том ғылыми еңбек жазған)бірнешеуі ғана жоғарыдары ғылыми талқылауға қатысуға әрең дегенде рұқсат алған. Ал сіз 2-3 жыл заң оқып, оқу үлгеріміңізді 2000-3000тг.-ге қойдырып, соңында дипломды сатып алып, жоғары жаққа пара беріп, прокурор болып алып, Қасиетті Құран Кәрим сүрелеріне тиым салғаныңызды басқалар естісе аузы емес арт жағымен күлер-ау! Бұл өте ұят әрі АЛЛАҺ алдында ауыр күне деп есептейміз.
Әрқандай дін, саясат, қоғам болмасын, адамдардың мәдениеттілігі олардың сөйлеген сөзі мен іс-әрекетінен байқалып тұрады. Динмухамед бауырым, сенің жазғандарыңды оқып, мен қырымнан қысылдым. Біздің қазақстан зайырлы демократиялық мемлекетпіз, мемлекеттің тірегі қазақ халқы және оның діні, тілі, ділі. Біз, бәріміз, отанымызды шын ғалбымыздан сүйеміз. Сүйгендіктен де оның ыстығына күйіп, суығына тоңуға тура келеді. Әрбір қазақтың өз мүддесін және ұлт мүддесін қолдауға, қорғауға толып құқығы бар. Сондықтан да жоғарыдағы Байжан Дубай сияқты ақ ниетті, адал азаматтарды халық қай уақытта да колдайды. Сіз көпке топырақ шаша алмайсыз. "Қазақта көп коркытады, терең батырады" деген аталы сөз бар емес пе?! Сіз мені кешіріңіз қалың оқырман алдында ондай шайпау сөз айту азаматтығымызға да, қазақтығымызға да жат нәрсе. Сізге айтарым, ең жақсысы әдіс жоғарыдағы айтылған артық-кем сөзіңізді қайтарып алыңыз. Сонда нағыз азамат боласыз, ал олай болмаған күнде не боларын өзіңіз де іштей бажайлап біліп отырған шығарсыз. Сіз мені дұрыс түсінеді деп ойлаймын.
Ассалаумагалейкум бауырлар.Куранды соттамак турмак, талкылауга ешкимнин кукыгы жок.Ол адам жазган Конституция емес,ол Жаратушынын сози(буйрыгы).Казакстан алемдеги сектанттардын пладздармына айналды.Он пайызга жуык казактар артурли сектада.Олардын шетелдик демеушилери де мыкты, кобиси ар салада жумыс истейди. Куранга куие жакпай оздери дурыс жолга туссин.
Госпадин судья по каитесь перед аллахом.АЛЛАХ милостив и милосердныи и любящи прощять.Не один ученный не нашёл не одной ошибки в коране.И некогда не наидет Не забываите что над вами будет самый справедливый суд в судный день.
Алла жаратушы
Пікір қосу