Кеше теледидардан Американың қоғамдық тәртіпті бұзушылар туралы бағдарламасын көріп қалдым. Сондағы бір сюжет кәдімгідей ой салды. Оқиға дүкендегі бақылау камерасына жазылыпты. Дүкен иесі қара нәсілді азамат сауда жасап тұр. Екі ақ нәсілді клиент зат сатып алмақшы. Оның бірі - әйел адам қолындағы жалған ақшаны өткізу үшін себепсіз айғау-шу тудыруда. Ол серігіне мына қара нәсілдінің америкалық емес екенін, өзі секілді америкалықтарға қызмет көрсетуге де тұрмайтынын айтуда. Оған ашуланған дүкеннің иесі абайлап сөйлеуін ескертіп, өзінің де америкалық екенін, АҚШ азаматы екенін мақтанышпен жеткізді. Дегенмен, өршеленген әйел одан әрі тілінің бізін қадап, сатушыға «табанымды жала» деді. Ол болса «сенің аппақ табаның күс қой, жалауға жарамайды» деп жауап қайтарды. Сонымен не керек, жанжалдың соңы төбелеске ұласып, ақыры полицейлер келіп оқиға тәртіп бұзушыларды тұтқындаумен аяқталды.
Мұны неге айтып отырмын. Былай қарасаң түкке тұрмайтын оқиға. Анау айдаладағы американың бір түкпіріндегі алақандай дүкендегі болмашы жанжал ғана. Бірақ, өз басым осыдан былай ой түйдім.
Біріншіден, америкалықтардың отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттығы тым мықты. Қылмыскерлер де ақымақ емес, қара нәсілдінің қалай намысына тиюді біледі. «Америкалық емессің» деген сөз оларға «адам емессің» дегеннен де жаман естіледі. Қылмыскер сатушының солайша жүйкесін жұқартып алып жалған ақшаны өткізіп жібермек болды.
Ал бізде ше? «Сен қазақстандық емессің» деп біреудің намысына тие алар ма едік? Әй, қазақтан басқалар қыңқ етпес. Қайта қуанып, өзінің өзге отаны бар екенін, екі азаматтығы бар екенін мақтан етіп айтып берер.
Екіншіден, ХХІ ғасырдағы ең өркениетті ел Америкада әлі күнге нәсілдік бөлінушілік жойылмаған екен. Тіпті, қарсыластарынан қара үзіп «қарадан» шыққан хан» атанып Барак билікке келсе де жағдай түзелмепті. Бірақ, Барак та, басқалар да мұны жасырып отырған жоқ. Жікшілдерді әшкерелеп, күресудің жолын іздеуде. Бізде ше? Бізде ұлттарды кемсітуілік жоқ деп айта аламыз ба? Айта алмаймыз. Өзгелерді ешкім кемсітіп жатқан жоқ, әрине, ал қазақты күнде кемсітеді. Тілін қорлайды, өз жерінде өгейсітеді. Ұлттар достығының ұйытқысымыз деп ұрандатамыз да, ұлттар арасындағы сызатты нәжісін көмген мысықтай жасырып әлекпіз. Айтып айтпай не керек, жараның бітеуі жаман. Іште жарылып іріңге айналады. Егер бізде толеранттылық өзіміз айтып жүргендей өзгеге үлгі бола алатын дәрежеге жетсе, онда неге өзгелер қазаққа құрметпен қарамайды? Неге тілін үйреніп, дәстүрін сыйламайды?
Үшінші және ең басты мәселе - біздің азаматтардың бойында отансүйгіштік қасиет қалыптаспай отыр. Патриоттық тек қазаққа керек пе?! Өзгелер де жылуды сырттан іздемей, анау қара нәсілді Америка азаматы секілді Қазақстанның «ыстығына күйіп, суығына тоңуы» керек емес пе. Иә, бүгінгі күні мемлекет халқының басым бөлігін құраушы ұлтқа айналған қазақтардың бойында ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сезім біртіндеп оянып келе жақанын сүйіншілеп айтуға болады. Оны соңғы кездегі «Абай.кз» сайтындағы жарияланымдардан-ақ анық байқай аласыз. Әрине, бұл арада әңгіме билік туралы емес, қарапайым халық туралы екенін өзіңіз де біліп отырсыз ғой.
Осы патриоттық тәрбие мәселесі бізде күні бүгінге дейін ақсап жатыр.
Қазақ журналистерінің Халықаралық 1-форумында бұл сұрақ күн тәртібіне қойылауы тиіс. Форумның бір тақырыбы ретінде талқыланып, «Қазақ журналистері патриоттық тәрбие қалыптастыруға қалай үлес қоса алады?» деген сұраққа жауап берілуі керек секілді.
«Абай-ақпарат».






Мұның жауабын Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқан. Шамамен былай: "Қазаққа өзге дамыған жұрттармен терезе теңестіру үшін үш нәрсе керек.
Бірінші қазақ мықты болуы керек, екінші бай болу керек, үшінші білімді болы керек. Мықты болу үшін бірлік, бай болу үшін кәсіп, ал білімді болу үшін оқу қажет. Осы үш керек бойынша жұмыс істеу керек".
Жылау мен сұраудан мүйіз шықса, қазақтың мүйізі қарағайдай болар еді. Сондықтан әрбір қазақ өз ісіне мықты болса,
тиянақты, профессионал болса, ешкімге есесін жібермейді. Керісінше, басқа жұрт қазақпен санасатын болады.
Өз еліңде, өз жеріңде отырып, мені кемсітіп жатыр, өгейлік көріп жүрмін деген қандай аянышты жағдай.
Намысқа тиетін нәрсе. Сондықтан әр қазақ өзін осы жердің иесімін, қожасымын деп сезінуі тиіс.
Өз елімде өгейсіп өмір сүру - өзекті өртейді. Туған тіліңді, салт-санаңды құлай сүйгенің үшін қудалауға ұшырасақ - ел ертеңі не болмақ?
Қазақты тек қазақ ғана көгертеді деп аталарымыз босқа айтпаған!
Білімді мыңды жығады дегенге толық қосыламын қазақ тек мықты болса ғана бізбен сөйлеседі әйтпесе осылай жалтақтаудың саясатынан шыға алмаймыз!
Қазақстан мемлекетін құраушы ұлт қазақтар "қазақстандық" атануға көнбейді. Дәл іргеміздегі алпауыт Ресей мен Қытай әлемге ұлы мемлекет есебінде көрінгісі келіп тұрғанда, Қазақстандағы орыс пен қытай диаспорасы "қазақстандық" деген атауды өздерін кемсіту деп түсініп, қабылдамайды. Оларды айтпағанда, ұйғырлардың өздері "қазақстандық" атануды құп көрер ме екен?.. Тек Ресейде мемлекеттік құрылымдары жойылған ұсақ ұлттар мен ұлыстардың Қазақстандағы өкілдері ғана "қазақстандық" атануға қарсылық таныта алмас. Мәселен, ноғай, құмық, бурят, саха, чукши, т.б. Түбінде биліктің бұл жобасы Хрущевтің тәжірибесі сияқты жүзеге аспайтыны анық.
Ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде сөйлейтін қазақстандық ұлтты қолдан жасау жобасы қазақстандық биліктің АҚШ-тың ыңғайына қарай жығылуды көздеуінен туындап отыр. Батысшыл (прозападный) президенттер Ющенко мен Саакашвилидің өздері ағылшын тіліне қандай да бір мәртебе беруге әрекет жасамай-ақ, мемлекет құраушы ұлттың сапалық қасиетін көтеруге бірден кірісіп кетті. Бұларға енді Батыс пен АҚШ қандай да бір кінарат арта алмайды, керісінше қолдау көрсетуде. Олар ұлттық мемлекет құруды көздеген өзбек, түркімен, тәжік президенттерін де айыптай алмас. Ал біздің биліктің ағылшын тілінің Қазақстанға дендеп енуіне қолайлы жағдай тудыру арқылы оның рөлін біртіндеп орыс тілінен жоғарлату саясаты Мәскеуге ұнай қоймас, тіпті Кремльдің ашуын тудыруы мүмкін... Енді үш тұғырлы тіл саясаты мен қазақстандық ұлт жобасынан бас тарту Вашингтонға ұнамайды, Ақ үйдегілер қатты ренжіп қалуы ықтимал... Күні ертең "Екі түйе сүйкенсе - арасындағы шыбын өледі", "Екі кеменің құйрығын ұстаған - суға кетеді" деген аталар нақылының байыбын кеш түсініп, опынып қалмас па екенбіз?..
ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІН БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚОЙҒАНДА ҒАНА БІРЛІК БОЛАДЫ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ,орыс тілінен жоғары тұру міндетті,ҚАТАР қоиуға болмайды.
Оралмандар немесе шетелдегі қазақтар туралы сөз бола қалса, "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" дегенді жиі қайталап жатамыз. Сонан соң, өз елімізде жер басып жүргенімізге мәз боламыз. Әрине, тәубешілдік жақсы, дегенмен қазақ өз елінде неге сұлтан болмай, ұлтан болуы керек? Бұл қазақтың басынан сипап, арқасынан қағып қоюдың бір түрі, сөйтіп өзгелерді оп-оңай сұлтандыққа шығарамыз. Журналистердің алдағы уақытта осы мақалды қолданбауын қалар едім...
Қадыр ағамызды жаттап өстік. "Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл -
Өз тіліңді құрметте!?
Құрметтеу мен білу - екі түрлі нәрсе ғой. Құрметтесең - үйренуге ынта-жігер жұмса.
Өз тіліңді бәрің біл - өзге тілді құрметте!
Жеке адамдар, отбасылар арасындағы достықпен сыйластық бар. Осындайдан барып - ұлтаралық достық туындайды. Ал, ұлттық сезім - өте нәзік те, жанартаудай жарылысы бар, күшті сезім. Ол - үнемі бадырайтып, алаулатып-жалаулатуға келмейтін үнсіз махаббатпен көмкерілген. Сондықтан да -мен қазақпын. Маған "қазақстандық емессің" десе, әрине, шамданамын.
Бір адамның "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ" болайық дегенге тек қазақ секілді ақымақ ұлт "мақұл" демесе ,басқа есі дұрыс ұлт қосылмайды.,басқаны білмеймін: Жаркенттің ұйғырлары қосылмайды. жаркенттегі ұйғырлардың паңдығын көргеніңде бірден бауыздағың келеді!олар қазақты көргенде бір жындыны,ақымақты көргендей жиіркене қарайды.адам құрлы көрмейді.оларға тисіп қойсаң өзің сотталасың сенікі дұрыс болсада.үйткені Панфиловта ұйғырлардың ықпалы күшті.базарларды,техникаларды,зауодтарды солар йеленіп алған,олар барлығын ақшамен шешеді.билік басындағыларды ақша беріп өздерінің йті етіп алған.сондықтан олар ұйғырлардың созін сөйлейді.олар орысша сөйлейді.қазақшаны тек масқаралағандай бейнеде сөйлейді.
11.11.2009 / 14:56
Босқындарды жарылқамас бұрын, шетелдегі қазақтардың жағдайын жақсартып алу керек - Б. Тілеухан
АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет босқындарды жарылқамас бұрын, шетелдегі қазақтардың жағдайын жақсартып, оларды елге көшіріп алу керек еді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Босқындар туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Бекболат Тілеухан осындай пікір білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Босқындар туралы» заң қабылданғаннан кейін Қазақстанға қарай жақын шетелдегі «босқын» ағыла түседі деген үлкен қауіп бар. Олар келе-келе ұлттық саны артып, біздің елімізден өздерінің ұлттық-мәдени орталығын ашқысы, тілін дамытқысы келетіні түсінікті жайт. Ал бүгінгі заң жобасы осылардың барлығына айқара есік ашып, тағы да құшағымызды кеңінен жаймақпыз. Жалпы, өзінің отанына опа бермеген адам, Қазақстанға келіп нені жарылқамақшы?», деп атап өтті Б. Тілеухан. Оның пайымдауынша, бұндай заңды қабылдау, әсіресе Қытайдың келешек жоспары үшін оңтайлы болуы мүмкін. Осыны алға тартқан депутат Қазақстанға келетін босқындарды жарылқамас бұрын, алдымен елге келетін оралмандардың жағдайын жасау керек еді деген ойын ортаға салды.
«Бүгінгі күні Өзбекстанда 2 млн. қазақ бар, Қытайда 1,5-2 млн.-ға жуық қазақ бар. Босқындардан бұрын алдымен өзінің қазақтығынан айырылып қалуы мүмкіндігін бастан кешіріп отырған осы ағайындарды неге елге әкеліп алмаймыз. Қытайда батысты игеру деген бағдарлама бар, бұның негізгі саясаты - барлық ұлтты қытайландыру. Сондықтан да, ендігі 10-15 жылда көрші елде тек қытайланған қазақтар қалуы мүмкін. Ал осы шетелдегі қазақтардың жағдайын көре отырып, басқа босқындарға пана боламыз деу үлкен әбестік болмай ма?!», деді Б. Тілеухан.
2009 жылдың ақпан айында Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика кафедрасы меңгерушілігіне конкурстық жиын өтті. Сонда жиналысты басқаруға келген проректор Дихан Қамзабекұлы деген жігіт "Қазақстанда тумағандар кафедра басқармасын!" - деп ашықтан ашық мәлімдегенін естігенмін. Ондағысы кафедра меңгерушілігіне конкурсқа құжат тапсырған бір оралман бауырымызды шеттеткені болатын. Оған бәріміз үнсіз келістік те Диханның жерлесі шымкенттік тума Қайрат Сақ меңгеруші болды.
Ондай жағдайда сотқа берумен қатар Диханды проректорлықтан қазірдің өзінде алып тастауға негіз бар.
Алаш рухын көтеріп, жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген Дихан Хамзабекұлы осылай десе, білмеймін.
Jigitter, Alashtyn joghyn goqtap jiurgen Dikhap boulai deui miumkin emes. Ol orystardy aitqan shyghar.
Сабырбай
Дихан Хамзабекұлы Смағұл Сәдуақасов туралы еңбек қорғаған және Алаш орталығын әр облыс орталығында құрамыз деген сқхбатын жуықта ғана Жұлдыздар отбасынан оқығаным бар-ды.
Ағайын, тырнақ астынан кір іздеп, аяқтан шалуды қояйық. Дихан да, әлгі айтып жүрген Сақ Қайрат та менің екі туып бір қалғаным емес. Оның екеуі де - қазақ, қазаққа болсын деп жүрген жігіттер. Екеуі де Алаш мұрасын зерттеп жүр. Сақ Қайрат ҚазМҰУ-де кафедра меңгерген. Тәжірибесі де жеткілікті, білімі де сәйкес келіп тұр. Сондықтан бір ауыз сөзге бола, азаматтарды ағаш атқа теріс міңгізуге болмайды. Керісінше, осындай қазақы азаматтардың өскенін қолдауымыз керек. Бұл қазақтың мүддесі үшін қажет.
Пікір алынып тасталды!
Мен ондай сөзді айтқан емеспін. Әлгі өзін әркез "оралман" санайтын, бірақ ҚР заңдылықтары бойынша Қазақстан азаматы (азамттық алған күннен бастап шетелдік қандастарымыз "оралман" емес)журналист, ф.ғ.к.Қуандық Шамақайұлы бұл сөзді шындыққа сай келмейтін түрде айтып, жазып жүр. Мен ол жерде бір әріптестің сұрағына орай "Қазақстанда тумағандар тек Президенттік сайлауға ғана қатыса алмайды" дедім.Бар шындық осы."Өтірік жарға жығады" деген.
Жоғарыдағы сөздің иесі - мен, Дихан Қамзабекұлы.
Құрметті бауырлар! Біздің кейбір ағайындар "оралман" деген мәртебесін өзінің жеке басының пайдасы үшін "саудаға" салып жүр.Абайдың сөзімен айтсақ,"қулық сауып жүр". Өйткені ол қазіргі Қазақстан үшін өтімді тауар. Қулықты "кәсіп еткен" қандастарымыз да бар, өкінішке қарай. Дихан Қамзабекұлы - Алаш мүддесін рухани салада қорғап жүрген ғалым-азамат. Пасық адамдардың "пыш-пыш" сөздерін қәперге алмаңыздар!
"Қазақстандық емессің" десе, өзім титтей де қорланбас едім. Мен "қазақстандық" емеспін, менің орыс, кәріс, неміс бауырым жоқ, керек те емес. "Қазақ емес" десе, басқа әңгіме.
Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.
Пікір қосу