Азамат ЕСБЕРГЕН. Дағдарыс дәуіріндегі дарақылық | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Азамат ЕСБЕРГЕН. Дағдарыс дәуіріндегі дарақылық

Жәрдемші


Дағдарыстың «гүрілдеп» тұрған шағында әр түрлі жобаларға деген қаржы көлемін қысқартып, ысырапшылдыққа жол бермеу туралы сөз қозғалып жүр. Қаржыны халықтың қалтасынан алып, құрдымға батырар кейбір жоспарлар үшін бұл – жөнімен жасалған жай. Алайда, 2011 жылы өтуі тиіс VII қысқы Азиаданы аталған мәселе айналып өтетін секілді.
2011 жылы тойланатын қысқы Азиада ойындарына бөлінген қаржы көлемі қысқармайтын болды. Бұл туралы ҚР спорт және туризм вице-министрі Талғат Ермегияев мәлімдеді: "Республикалық бюджеттік комиссия өткізген тыңдау барыстарында қаржыландыруды қысқарту мәселесі көтерілгені рас, бірақ біз Азиада ойындарын кең ауқымды етіп өткізу құқына қол жеткізе алдық. Қалай дегенмен, бұл, ең алдымен имидждік жоба: елімізге 45 елдің спорт қозғалысының өкілдері келмек. Әсіресе, Астанада салынып жатқан велотрек құрылысына қызығушылар көп, мұнда шорт-трек және мәнерлеп сырғанау бойынша сайыстар өткізілмек. Уақытша мұз айдынын құру мәселесі де жоспарда бар...".
Республикалық бюджеттік комиссияда бірнеше рет көтерілген бұл мәселе ақыр аяғында сол қалпында қалды. Әлемдік дағдарыс кезінде қаржы үнемдеуді мектеп бітірушілердің салтанатты кешін өткізуге тыйым салудан бастаған біздің үнемшіл Үкімет бұл мәселеде ләм-мим демеді. Керісінше, асыра сілтеушілікпен болса да ел атағын шығарғанды құптайтын секілді. Сонда, біздің Үкіметке қаржы тапшылығынан қиналып, өлместің қамын кешуге көшкен қара халықтың жағдайынан атақ-даңқ артық болғаны ма?! Бұқараны «бұратылдырып» келген атақтан не үміт, не қайыр?... Белгісіз де бұлыңғыр. Тек бір анығы дарақылықпен даңққа жетуден өзге, шенеуніктер қаржының қысқармағанына қуанып, алақанына шырт түкіріп отырғандығы. Тер мен көз жасынан құралған ақшаны игілікті іске емес, дарақылық пен даңғойлыққа, жебірлік пен жемқорлыққа құртқаннан мемлекетке не пайда келмек?!... Белгісіз... Әйтеуір бір билікке ғана мәлім сағым-дүние...

 

 

«Қазақстан» апталығы. 04.06.09


 




айтылар өзектіні айтыыыып-айтып тастау керек кой осылай, соны кара халык та біледі гой, бірак не істей алар дейсің

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>