Ауыс-түйіс: кім қайда барады? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Ауыс-түйіс: кім қайда барады?

Жәрдемші


Бесінші шақырылған Мәжілістің жаңа құрамы бектіліп, алғашқы отырысын бастаған соң іле-шала атқарушы билікте ауыс-түйіс болып қалуы мүмкін. Бес жылдың бедерінде Премьер-министр орынтағында жайғасқан Мәсімовтың аз күндерден соң ат ауыстырары аныққа шығып жатыр. Оның орнына Президент әкімшілігінің қазіргі басшысы Аслан Мусин барады дейді  ұзынқұлақ. Бір білгіштер  Есболайдың ұлын Елбасымыз елшілікке аттандыруы кәдік деседі.
Мәжілістегі төрағалық Нұрлан Нығамтуллинге тиетін көрінеді. Кәнігі депутат Қуаныш Сұлтановтың да аталған орыннан дәмесі бар  дейтіндер  және  табылып жатыр.  Облыс әкімдерінің арасы да ауыс-түйістен шет қалмайтынға ұқсайды. Шығыс жұрты «Сапарбаевты Астанаға алып кететін болыпты» деп гулеп жатыр. Бәлкім, премьерлік пост мемлекетшіл тұлға Бердібекке берілуі де ықтимал.
Сонымен, кім қайда барады? Ұзынқұлақ пен сымсыз телефон не дейді? Ақорда жақтан жіңішке ақпарат ала алатын ағайынның аузындағы сөз қалай? Талқыға салып көрейік.
«Абай-ақпарат»

Прикрепленный файлРазмер
medium_1250686089_photo.jpg158.38 кб
medium_1250686089_photo.jpg9.7 кб

 




меніңше, Серік Ахметов Үкіметбасы болады. "Нұ Отан" деп шапқылап жүрген Нұрлан Нығматуллин Мәжілістің тізгінін ұстайды. Қасымжомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы болады, қазіргі қызметімен қоса алып жүруі мүмкін. Соңғы кезде өте белсенді шенеунік (ислам елдерімен экономикалық ынтымақтастыққа ерекше құмар) Әсет Исекешов Үкіметбасының бірінші орынбасарлығына қонжияды. Президент Әкімшілігіне Иманғали Тасмағамбетов барғанын қалар едім. Әй, қайдам, ол бола қоймас. Бірақ бәрі де мүмкін.



Президент Әкімшілігін тазарту керек. Бөлім бастықтарын орындарынан алу керек. мемлекеттік идеологиясын жасайтын ПӘ екенін ұмытпайық. Бүгінгі ПӘ-нің бүгінгі құрамы елдің идеологиялық саясатын жүргізгенін көрген жоқпыз, керісінше кері кетті, мемлекеттің берекесін қашырды. Сондықтан тазарту керек. Атап айтқанда, Аслан Мусин, Дархан Мыңбай, кеңесшілер Ертістаев, Шабдарбаев, т.б. орындарынан кетіру керек. оларды халықтың тағдырымен байланысты қызметке қоймау керек деп есептеймін.



Бердібек үкіметке барса жаман болмайды. т.е. ел жаман болмайды.



Кошербаевты, Мусинді елшілікке жіберу керек



Асылан қалай болғанда да кәзіргі орыннан төмендетілмейд, премерлікке сол барар. Оның орнына Иманғали бару мүмкін.Имаш мемхатщы болып та қалуы мүмкін, оған үлкен орын берілмес. Берілсе Батыстың қажетіне жарайтын орын ғана берілер, ол ПА болмаса Маңғыстау облысы болуы мүмкін. Мұхаметжанов қайтадан ішкі істі басқарар.Спикерлікке Сұлтанов, ал оның орынбасарының бірі болып Нығметуллин барады.ПА-ны Кәрімге беру де мүмкін.Оған Алматы қаласын да беруі кәдік. Әзірге осы жетер.Осының елу пайызы келсе де, ризамын.



Қай әкім ауысады екен? "Қызылордаға Палымбетов келеді.." деп бал ашқандар көп еді...



Қарапайым арифметика: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосынды өзгермейді



Кім қайда барса онда барсын, тек біздің облысты мына Бозық Бозымбаев бөжегінен құтқарса болар еді. Бұл қағаздағы өтірік ақпараттан басқа бір іске шамасы келмейтін, аңдығаны тендердің тиыны болған бір сорлы екен. Онсыз да былығып жатқан облысымызды әбден тұралатып бітті. Қайран қара шыршасы қалаға көрік беріп тұрған орталық алаңымыздың бүгінгі түрін көргенде жынданып кетуге шақ қалатын болдық. Ол туралы не білесіңдер?



бұл менің пікірім ғана. Премьер министр-Бердібек Сапарбаев, ПМ бірінші орынбасары Әсет Исекешов, ПӘ басшы-Иманғали Тасмағанбетов, Спикер-Нұртай Сабилянов, Астана әкімі-Бақытжан Әбдірайымов (бұрынғы ЕҰУ ректоры), Алматы әкімі-Дархан Мыңбай немесе Шөкеев Өмірзақ, мем. хатшы-Мұхтар Шаханов немесе А. Айталы ағаларымызды, Нұротан ХДП төрағасының бірінші орынбасары-Ерлан Қарин, Астанадағы өнер академиясы (Мусаходжаеваның орнына)-Бекболат Тілеуханды тағайындау керек. Саудабаевты, Мусинды, Мәсімовты, Кулыбаевты елші қылып жіберу керек. Самұрық қазынаны жауып тастау керек, елімізге ешқандай пайдасы жоқ бұл ұйымның. бұлбұл Ертісбаевті отставкаға жіберу керек. Асан



Тозған картаны балаларға лақтырып тастап, енді сендер ойнаңдар дегенде, олар да оны менсінбей, үлкендер жоқта жасырып жаңа картамен ойнаушы еді, мына билік жаңа карта алмақ түгілі, ескісін жамап жөндеуге де көңіл бұрар емес, сол баяғы тозығы жетіп тозған, шіріген колодасын сапырылыстырады да отырады әйтеуір....



Сол сапырылстың ішіндегі азаматтарда да ұят жоқ, қай құйысқанға қыстырса да қуаныштымын, ЕБға рахмет деп сүмеңдеп жүре береді....



Қарапайым арифметика: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосынды өзгермейді



Сондықтан тазарту керек. Атап айтқанда, Аслан Мусин, т.б. орындарынан кетіру керек. оларды халықтың тағдырымен байланысты қызметке қоймау керек деп есептеймін.
оте дурыс



Әсет Исекешов жақсы Азамат ! Болащағынан мол үміт күтем сол ағамнан ! Нұрастана мештіне жұма сайын, жұма намазына келіп тұрады...Көріп жүрем, кім болмасын қандай азамат болмасын мұң мұқтажын айта бастаса, қашан да тыңдауға әзір тұрады.
Мінезі де сондай жақсы, ағашқа мәуе бітсе бәсең бәсең демекші, қашан қарасаң сондай қарапайым, салмақты, бір тоға ...Өзі орысшалау болса да, қазақ дегенде шығарға жаны бақа ! Ең бастысы білімі терең ! Осындай иманды, өз ұлтынын тағдырына бейжай қарамайтын азаматтар өссе екен, осылардың тасы өрге домаласа екен...



Премьерге қоңырат Бердібек Сапарбаевты апару керек! Кешегі Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Нұртас Оңдасыновтардың тұқымы ғой бұл.Шыңғыс ханның нағашыларына билік тимегелі көп болды.



Маңғыстаудан кеткен Қырымбек Көшербаевтыда ұмытпау керек,қазақылығы мол,ұлт жанды азамат екен, қолында билік жоқ бөліп беруге амалсыз кетті.Сіздің Маңғыстауға істеген ісіңіз жеткілікті адам білмесе АЛЛА біледі,Адай біледі.Бірақ ақ ордаға қазақ тілінің мамандары керек емесқой.



Бердібек Сапарбаев Семейімде қала берсінші ол кісіні қимаймыз!!!!



Тура Би
Асанның пікіріне қосыламын. Шындығында Бердібек Сапарбаев қай салаға, қай облысқа барса да айналайын түрлендіріп жібереді. Құдай тіл көзден сақтасын. Осындай азаматтар Елбасының айналасында көп болса, Қазақстан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығына 5 жыл бұрын ақ кірген болар еді. Шенеуніктер жеке мүддені көздей бермей мемлекетшілдік саясат ұстаса еліміз алға шығар еді ау...



Әсет Исекешов жақсы Азамат !
---------------------------

Айтпақшы, Әсет үкімет басына баруы әбден мүмкін, оның бірінші орынбасары сары Асылан болар.
Әсет - кіші қызымыз Әлияның күйеуі деген рас па? Сондай болса қызымыз шынында да азаматты тапқан екен.Баланың бойында бәрі бар.



Мен 5-постыда спикер ретінде Сұлтановты болжап жүрсем, ол сенатор екен ғой, шамасы спикерлікке Мәулен Әшімбаев жіберіліп отыр екен. Оны неге ойда-жоқта депутат қыла қойды десем.



Жоқ тағы да қателестім, Орал Байғонсұлы өз орнына қайта сайланып, орынбасарлыққа Дариға, Нығметуллин,сосын Логутов Николай Николаевич деген біреуді қоя салады.



премьер Серік Ахметов болады



Сергей Кулагин қайда барар екен?



Оны Арқалыққа әкім қылып жіберу керек!



Қарапайым арифметика: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосынды өзгермейді



Бердібек мырза үкімет басқарса АҚСАРБАС дер едім, нағыз мемлекетшіл АЗАМАТ, жанына Қажымұрат Нағмановты қосып берсе..... Билікте қанша болса да арын, ұятын, намысын жоғалтпаған ..... Қандай жалмауыздар мен *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тардың ортасында жүріп, халықты ойлаған.... және қолынан келгенін істеген... АМАН болыңыздар, ТІРІ болыңыздар....



26-қонаққа! Қажымұрат Нағымановты ұмытпайтындар бар екен-ау...Шынымен ол МЫҚТЫ АЗАМАТ!



Кім болса ол болсын, бір ит кетіп, бір ит келеді....



Билік заман ауқымымен елге оң баға алғысы келсе біраз жаңарту жасағаны оң. Бердібек Сапарбай қазақшылдығыда бар іскер адам. Үкіметке іскер ел жанды азамат қойылғаны дұрыс. Тұрақтылықпен даму ел пікірін іскеріп ел ішіндегі мәселелерді шешумен жүзеге асатыны белгілі. Әсте жасырып жалтарумен емес. Әне сол нағыз тұрақтылық.Елішіндеде саясаткерлерденде тұлғалар табылады. Бастысы адамгершілік ел жандылық ,білім қабілетімен адалдық, имандылық жігерлі еңбешілжігі болса елгеде биліккеде жаман болмас еді.

Адамдар өмірде мәңгі қалмаймыз, адамгершілік ізгілік пен шындық басты құндылық қашанда.



Зейнолла Какимжановты бугинги укимет умытты ма? Егер шын казак укимети жасақталатын болса, Мысалы Бердібек немесе Иманғали басқаратын онда Зейнолла Кәкімжанов та Үкімет мүшелугіне келгенін қалар едім.



Шөкеев премьер болсын. Тасмағамбетов апыға барсын. Ғалым Боқашты вице премьер қылу керек. Ертісбаевты Ембі ауылының әкімі қылу керек. Мусинді Сарға ауылдық әкімшілігі аппаратының басшысы қылу керек. Бозымбаевты Балқаш қаласының замы қылу керек. Сапарбаевты Астанаға әкім қою керек. Көшербаевты Жалағаш мәдениет үйінің директорлығына қою керек! Лауазымды қызметте жүрсін, үйренген ғой. Қаринді Нұротанға қою керек. Жұмағұлов Жетісай пед училищесіне бастық болсын!



Азат Перуашев Петропавл қалалық музейінің директоры. Мәсімов мақсатына жетіп, Шонжы ауылын басқарсын. Мыңбай тележүргізуші болсын Бинго жүргізетін. Тілеухан Тараз триосына қосылсын! Тілекті Құдай берсін!



Айтпақшы, Мұхамбетжанов Моңғолияға елші болсын! Мұхтар Шаханов спикер бола қойсын.



Жындының сандырағы келсін!



31-ге, Иртышбаев ауылға әкім бола алмайды, ол селоның старостасына ылайық...



Ұйғырларым ерлеп тұр. Кәрім акам премьер болып отырады, Азат акам шоң депудат сосы вице спикер болады. Қалған орынды қазақ акалар ала берсін



Кулагинди алындар букул бидайды жеп карны жарылоайын деп жур



Төменде және жоғырыда ескертілген ескертепелерді ескере отырып, аталған жарлыққа қол қоямын: Бердібек Шығыстан кетпейді.ол жақты реттемесе болмайды. Өскеменде шовинист орыстар көп. Семейді бірте бірте өз алдына облыс қыламыз. Үржардың бюджетін тіке Семейге бұрамыз. Қытай жақтағы сауда орындарын ретке келтіреміз. Бақты, Достық бекеттерінен түсетін қаржы Семейге құялады. Ал, көшербаев, ертышбаев, мусин, кузиндарды халқым қайда қойсаң, онда қой



Азат Перуашов ұйғыр ма не?



казіргі укіметтегілер мен бугінгі депутаттарымызда ұлт жоқ, барі члены, нуратан члендары



Бердібек Сапарбаев, Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов, Жақсылық Досқалиев, Ғалымжан Жақиянов, Тоқтар Әубәкіров, Жақсыбек Күлекеев ҚАЗАҚЫЛЫҒЫ БАСЫМ, ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН АЗАМАТТАР. АМАН БОЛЫҢЫЗДАР! ЕШТЕҢЕ МӘҢГІЛІК ЕМЕС.



САРТТАРДЫҢ УӘДЕДЕ ТҰРҒАНЫН ҚАШАН КӨРІП ЕДІҢ?.......



СОРЛЫ ҚАЗАҚТАР, ҚҰЛ ҚАЗАҚТАР......БӘРІ ЖАМЫРАП АРТТАРЫНАН БАЛ АШЫП ОТЫРҒАН ТҮРЛЕРІН АЙ..... БҰЛ ШІРІГЕН БИЛІККЕ МӨЛИІП БАСҚА БИЛІК ТУРАЛЫ ЕШКІМ ӘҢГІМЕ АЙТПАЙДЫ ДА ОЙЛАМАЙДЫ ДА.. СОЛ ЕСЕК ДӘМЕ, СОЛ ҚҰЛДЫҚ ҰРУ



Кім біледі осымен ауыс түйістер аяқталдыма, әлде екінші толқуы болама?



Премьер-министр кылып Алихан Байменовты кою керек. Оте білімді адам. Казахка жаны ашитын азамат. Муны ауткан А.Ж.



Кім бастык болса ол болсын қарпайым халықтын қамын ойласа болды

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>