Астана. Қайта жаңғырған тарихи-мемориалдық «Қазақ елі» кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қола бейнесі «Тұңғыш президент және халық» барельефінен орын тапты. Қаумалаған халықтың ортасындағы Елбасы Ата заңға қолын қойып тұр. Ел тәуелсіздігі мен келешегін таста сомдаған сәулетшілердің айтуынша, бұл шешімсіз композиция жетімсіз болар еді...



ұят ай түрікмендерге күліп жүргенде басымызға келді
Астапыралла! Біреуге күлердей өзің саф алтыннан соғылдың ба? Имансыз ғана Елбасыға тіл тигізеді. Одан да өзіңе қарап ал, жүзі қара!
Бара-бара Тас Құдайға айналып бара жатыр. Шексіз билік пен байлықтан крышасы кеткен-ау шамасы.
ТАС ҚҰДАЙДЫҢ ЗАМАНЫ МУХАММЕД С.Ғ.С. дейін болған. Ал бұл ескерткіш өнер туындысы. Біздің арамызда мұсылмандардан басқа да ел барын ескерсек неге өзге Елдердегідей өз Елбасын ардақтамасқа? Сыйын деп емес, ардақта деген мағына жатқан жоқ па мұнда! Иә, Қазақ Елі Монументіне тірі Елбасы келмей, одан басқалары жиылып келіп, ақ жауып, бейне жоқ адамға ескерткіш қойғандай осы мүсінді ашқан кезде өліп қала жаздағанымыз рас. Себебі бұл тарихтың бір кезеңін артта тастағанымызды... білдірген еді. Алланың разылығы үшін Елбасы Нұрсұлтанның бас амандығы үшін деп, осы арадан кетіп құдайы құрбандық шалдық, етін ескерткіш қоюшыларға тараттық.. Бір апта көз жасымызды тыя алмадық.. Елбасымды жоғалтып алғандай өзегіміз үзілді. Тек Ассамблеяға қатысып отырғанын эфирде көрген соң ғана есімізді жидық. Бұл биліктің жанымызға берген соққысы болса да астарында жақсы ниет жатыр, яғни Елбасы еңбегін орынды бағалау жатыр.. Бұл құптарлық зат.
Алладан басқа жоқ тәңір! Мұхаммед оның елшісі! Оқысаң құран тәп тауір Жаныңның жалғыз елшісі! Адамның бәрі жат бауыр Заманның сол ғой кем тұсы! Болуы қиын хаққа құл Ібіліс болса өршісі. Жер бетіндегі көп қабір Пенденің алған еншісі!
Біздің кейінгі ата жылнамаларымыз оған аянышты мысқылмен қарайтын болады! Ақиқаттың жалғандыққа иіліп қызмет ететін кездері болатынын біздің осынау бір замандастарымыз көзімен анық көрді!!!
Тарихта мысырда өткен перғауын кешегі,сәбет көсемі Ленин және комунистік Қытай басшысы Мауа мәңгі өлмеймін деп арман қүып жаратқан Аллахқа шек келтіріп қалалармен-далаларға мың жерден тас мүсін койғанымен, Алладан ажал қүрығы келген күні шыбын ғурлы қауқарсыз болып О дүниеге кете барды. Жаратқанның оларға сыйлаған сасық денесі де қасиетті қара жер қойнауына тапсырылмай күні бүгінге дейін мылжа-мылжа болып келер ұрпақ алдында масқара болғаны қандай өкінішті.Олар тарихтың ұлы тулғалары емес сайқы мазақтың кейіпкеріне айланды. Мен Нурекеңді ондайға еш уақытта қимаймын, бырақта күн өткен сайын олардың іс қимылына үқсап келе жатқаны қалың қазақты барған сайын алаңдатуда.Күпірлікпен мен-мендік жаратқан Алла алдында да, келер үрпақ алдында да абыр-ой бермейтіні булжымас ақыиқат.
Пікір қосу