Асқар АҚТІЛЕУ. Ақтөбеде ауыр өнеркәсіп пайда болады | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Асқар АҚТІЛЕУ. Ақтөбеде ауыр өнеркәсіп пайда болады

Жәрдемші


«Ақтөбе маңында металлургиялық зауыт құрылысы қарқын алмақ. Зауыт жапондық Iron Nagget Exchange компаниясының шойын өндірісі  технологиясын пайдаланады», - деп мәлім етті тілшілерге берген сұхбатында SBS Steel ЖШС директоры Марат Ибрагимов. Оның айтуынша, өндіріс орнының қуаттылығы жылына 500 мың тонна түйіршіктелген шойын өнімін құрауы мүмкін. Күншығыс елінің жаңашылдығы экологиялық тұрғыда таза, уақыт жағынан алғанда өндіріс барысында рудадан темірді алғанда небары 10 минут уақыт кетеді. Аталған технология бойынша металлургиялық темірден қалдықтарды ажырата отырып, құрамы таза темірден тұратын түйіршіктерді алуға болады. Ақырғы өнім, Марат Ибрагимовтың айтуынша, құрамында 96-98 пайыз темірдің үлесі бар жоғары сапалы түйіршіктелген шойын болмақ.

 

Өз кезегінде металлургиялық зауытты Жапонияның Iron Nagget Exchange компаниясының салатыны жөнінде таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуінде компания президенті әрі бас атқарушы директоры, технологияны ойластырушы Токуйя Негами мәлімдеген еді. Оның сөзіне қарағанда, осыған ұқсас зауыт бүгінде Американың Миннесота штатында салынып жатыр.

Жалпы, Ақтөбе облысында, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында зауыт құрылысы басталып кетті деуге де болады. Бұл туралы SBS Steel ЖШС-тің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі хабарлады. Негізгі құрылыс жұмыстары жобаны қаржыландыру жұмыстары басталысымен тамыз айында қолға алына бастайды. Таяуда Үкіметтің осы жобаны қолдау жөніндегі шешімі қабылданғаны белгілі. сөйтіп, Қазақстан жағы жұмыстың белгілі ауқымын қаржыландыратын болып келісті. Оның ішінде зауыт аумағындағы 42 шақырым теміржол құрылысы, кәсіпорынды электр көзімен қамтамасыз ететін электр жеткізу желісі, автожол құрылыстары қарастырылған. Бұл өз кезегінде жобаның құнын 450 миллион доллардан 380-390 миллион долларға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Қаражат SBS Steel ЖШС құрылтайшылары мен Қазақстан Даму банкі тарапынан болады.

Айта кетейік, бастапқыда кешен аясында өзінің жеке 180 МВт-тық газтурбиналық стансысы құрылысының жобасын да ойластырыпты. Сараптай келе, энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету тиімсіз екендігіне көз жеткізген. Кәсіпорынның жұмысына қажетті 12-15 МВт электр энергиясын KEGOC-тан тікелей тартып алуға да болатынын дер кезінде түсінген.

Алғашқы өнім құрылыс басталғаннан кейін үш жылдан соң алынады. Алайда зауыт басшылығы, мүмкіндік болса, ертерек алуға да құлшыныс танытып отырғандығын жасырмайды. Бір жағынан алғанда, тұтыну нарығы да өнімді тезірек алуға мүдделі. Өз кезегінде SBS Group тобы маркетинг бөлімінің директоры Светлана Обухованың хабарлауына қарағанда, жапон серіктестері зауыттың барлық өнімін сатып алуға әзір. Дегенмен өндіріс орны өнімнің белгілі мөлшерін Ресей тұтынушыларына жеткізу жағы да қарастырылып отыр. Тұтыну нарығы тұрақты болады деп күтілуде. Әрі осының есебінен болат өндірісімен айналысатын металлургиялық кәсіпорындар да тұтынылатын энергия көзін 20 пайызға үнемдей алады.

Жаңа зауыт жақын арада газды да өндіретін болады. Жаңажол мұнай кен орнынан тартылатын көгілдір отын табиғи газдан үш есеге арзанға шыққалы отыр. Ал шикізат Сарыбай-Соколов кен орнынан жеткізілмек. Компания директоры Марат Ибрагимов сондай-ақ Ақтөбе облысындағы кен орындарын да пайдалану мүмкіндіктерін қарастырып жатқандықтарын айтады. Мысалы, Ақтөбеден 140 шақырым жердегі Оңтүстік Вериковский кен орнының өнімі жаңа зауыт үшін таптырмас шикізат көзі болуы мүмкін. Ал болашақта осыған ұқсас қуаттылығы 500 мың тоннаны құрайтын екі жоба құрылысы қолға алынады деп жоспарланыпты.

Жалпы, Ақтөбеде бой көтергелі отырған қара металлургиядағы үшінші буын технологияны пайдаланатын кәсіпорын әлем бойынша екінші зауыт екен. Біріншісі АҚШ-та салынып біткелі жатыр.

Айта кетейік, SBS Steеl ЖШС-і мұндай ауқымды жобаны «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшы» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ инвестициялық бағдарламалар аясында қолға алғалы отыр. 480 миллион доллар көлеміндегі зауыттың жалпы құнының 384 миллион доллары «Қазақстан даму банкі» АҚ тарапынан қаржыландырылмақ. Қалған 96 миллион доллар көлеміндегі инвестицияны SBS Steеl ЖШС құрылтайшыларының есебінен өтелмек.

 

«Алаш айнасы» газеті, 30.07.2009

 


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
9 + 10 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>