Аңыздың да айтары бар. | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Аңыздың да айтары бар.

Жәрдемші


- Көне дәуірдегі жаугершілік жорықтары кезінде кемелері Жерорта теңізінде қатты дауылға ұшыраған парсының қалың әскері белгісіз шағын аралға аялдапты делінеді. Арал тұрғындарының әміршісі парсы әскері қолбасшысына құрмет көрсетіп отырған сарайға аралдың екі тұрғыны келіп төрелік сұрапты. Әлгі тұрғындардың бірі екіншісінің иелігіндегі алаңнан шағын жер сатып алған екен. Сол жерді өңдеп жүргенде жер астынан алтын салынған құмара тауып алған екен. Соны бұрынғы жер иесіне апарып,  ""  мен жеріңді сатып алдым, бірақ жер астынан табылған мына қазынаны сатып алғаным жоқ.. Сондықтан  оны иеленіп күнәһар болғым келмейді" депті. Жерін сатқан екінші тұрғын да " мен жерімді сатқанда астын да, үстін де сатқанмын. Сондықтан мен де иеленіп күнәһар болғым келмейді" деп, қазынаны алудан бас тартқанын айтыпты. Арал әміршісі екі тұрғынның адалдығына  риза болып: "біріңнің ұлың, екіншіңнің қызың бар болар. Соларды үйлендіріңдер де, тапқан қазыналарыңды соларға енші етіп беріңдер" деп төрелік айтыпты. Екі тұрғын кеткен соң арал әміршісі парсы қолбасшысынан: " Сіздің еліңізде осындай шағымдар қалай шешілер еді" деп сұрапты. Парсы қолбасшысы: " біздің елдің әміршілері әлгі екеуінің де көзін жойып, қазынаны өздері иемденген болар еді" деген екен. Бұған таңданған арал әміршісі : "Сіздің елде де күн шығып, жер көгеретін болар.Бірақ күн шығып, жердің көгеруі адамдар үшін емес, жан-жануарлар тіршілігі үшін қажет шығар. Ал адамдарыңыз бодан болуға, әміршілеріңіз күнәһар болуға лайықты екен" депті.
- Аңыз болса да айтары бар осындай деректер бүгінгі тіршілігімізге еріксіз назар аудартады. нақты өмірде біз көріп жүрген төрелік түрі бұдан өзгешелеу. Қазіргінің төрелері қол ұзартатын көсеу ұзын болса қол күйдірмейтінін біліп алғандықтан жоғын түгендей алмай жүргендерге басқаша қарайды. Қалтаға қарайтыны бар, алақан жаятыны бар, мызғып отыратыны бар дегендей, төрелер алаңына шолақ көрпелілер төңіректеуден қалып барады. Жаппай жалтақтық бұқпа билерді де тура сөйлеуден қалдырып, туа шөктіргендей болып отыр.
- Баяғыда Ақ Орда ханы Барақ елге танымал Құдірет деген биден: - " мына төрелер маған бағынар емес, не істесем қолайлы?" деп, ақыл сұрапты. " Бағынбаса байыған шығар, жарлы болса жарбиып маңыңыздан кетпес еді" депті би. Сол айтқандай, жарлы қазақ бөтен пиғыл танытпай момын тірлігін жасап жатыр. Байығандар болмаса, жарлы қазақтан қауып жоқ. Жаңа тасталған сиырдың тезегіне үймелеген қоңыздардай таласып-тармасып кім көрінген бөлшектеп алып кетіп жатырған ел байлығының сол тезек құрлы сұраусыз болуы қынжылтады. Бәрінен бұрын өздерін құдірет санайтындар өктемдігін жаратылыс заңдылығы деп жүргендердің әрекеті ерсілеу болып тұр.        "Байлық дегенің алланың салған таңбасы. Бай екенсің, ендеше, құдайдың саған бүйрегі бұрып тұрғаны. Байлардың кедейлерден адамгершілігі басымырақ, қимыл-әрекеттері еркін. Ал кедейлер өлместің қамы үшін небір сорақылыққа барудан тайынбайды", - деп жазыпты анада "Алтын Орда" газетіне бір ағайынымыз. Сол небір сорақылықтардың шығу тегі " құдайдың бүйрегі бұрғандардан" өрбіп жатқанын білмеген сыңай танытып отырғандарға не айтарыңды білмейсің....


 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>