Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 ақпан 2010 жыл
[caption id="attachment_1197" align="aligncenter" width="1024" caption="\"АЛДАСПАН\" пікірсайыс орталыгында"][/caption]
2010 жылы 28 қаңтар күні "Қазақстан-ZAMAN" газеті оқырмандарының "АЛДАСПАН" пікірсайыс орталығында, "Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма?" тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті. тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.
Отырысқа қатысушылар, негізінен, төмендегі үш сұраққа жауап іздеді:
1. Аңыз-әпсаналарды тарихи дерек-көз ретінде қарастыруға негіз бар ма? Егер, бар болса, оның алғышарттарын көрсетсек. 2. Қазақ шежірелеріндегі сәйкестіктер мен кереғарлықтарды зерттеуді отан тарихы ғылымының басымдықтары ретінде қарастыра аламыз ба?
3. Жыр-дастандар мен толғауларды фольклор немесе әдебиет тарихы ғылымы меншіктеп алғаны белгілі. Бірақ, фольклорлық мұраларымыздың белгілі-бір тарихи оқиғаларды суреттейтіні көпшіліке аян. Ендеше, жыр-дастандар мен толғауларды отан тарихы ғылымының қайнар-көзіне жатқыза аламыз ба?
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз: Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Мұқан Исахан Тарихи деректің бір көзі қазақ фольклорында жатыр
С ҒАББАСОВ Батысқа жалтақтамай,шығыстық болмысқа терең үңілейік
АХМЕТ АЛЯЗ Фольклордан да тарихи деректерді іздеп табуға болады
С ҒАББАСОВ Еуропацентрстік методологияның ТУРАН тарихына қиянаты
Е ҚУАНДЫҚ Тарих ғылымында фольклор мен шежіренің өз орны бар
Ш ЕРГӨБЕК Қазақ фольклоры нақты тарихи географиялық дерекке толы
М БӨТЕЕВ Фольклордағы деректерді жаңаша зерттеу жастардың еншісі
Е ӨМІРЖАНОВ Тарихымызды кеңейтуде тың ғылыми ізденістер қажет
ПІКІРСАЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:
Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:"...шығысымызда Қытайдан бастап, батыста Рим, оңтүстікте Египетке дейін әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, әсер еткен Тұран елінің тарихын, еуропацентристік методология, әлі күнге дейін жоққа шығарып келеді..."
"Қазақстан-ZAMAN" газетінің бас директоры,Ахмет Аляз: "...Түркі халықтарына өш Елдердің дерек көздерінде, біздің тарихымызға қатысты, ақиқатты ақпарат өте аз болады... болса да, бізге бұрмаланып-өзгеріп жетеді..."
[caption id="attachment_1061" align="alignnone" width="150" caption="Болат Бутеев"][/caption]Болат Бөтеев, "Алаш үні" қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестіру қызметінің жетекшісі: "...сәл логикалық талдау жасап көрейікші..., Қазақ қоғамы еркін өмір сүрген замандарда, ақын-жыраулар, бүгінгінің журналистері сияқты қызмет атқарған ғой. Бірақ көзге ұрып тұрған бір айырмашылық болғаны анық. Ол кездегі ақын-жыраулар, өз ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ (ата, АУЫЛ, ру.) табиғи сұрыптауынан өткен (диплом сатып алмаған), парасат иелері болатын..., ...сондықтан жыр-әпсаналарды тарихи дерек көзі ретінде қарастыруға болады."
Тарих ғылымының докторы, профессор Есенғазы Қуандық:"...жырдан да, дастаннан да, шежіреден де тарихи деректерді алуға мүмкіндік беретін ғылыми әдіс-тәсілдер бар...,... әсілі, ақиқатқа қызу да, терең пікірталас арқылы ғана жетуге болады..."
(біраз материалдар әлі өңделуде...)


