«Алтынорда» веб-порталы | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

«Алтынорда» веб-порталы

Жәрдемші


http://altyn-orda.kz

Тақырыптық номинациясы: қазақ тіліндегі үздік материалдарды орыс тіліне аударып басу, дайджест
Ресурстық тілі:  орысша
Ашылған жылы:  2009
Бас редакторы: Серік Мәлеев, саяси шолушы

Жоба туралы:

Осыдан бірер жыл бұрын ақпарат айдынына қосылған «Дайджест.kz» басылымы аз уақытта өз оқырманын тауып үлгерген-ді. Қазақ газеттерінің бетіндегі ең үздік материалдарды орыс тіліне аударып басып, сауатты дайджест ұсынған басылымның шабысы алысқа бармады. Қаржы тапшылығы қолбайлау болды, жұмыс тоқтады. Енді міне, Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі Президенттік қордың қолдауымен жаһанторға жолдама алған жаңа сайт - «Алтынорда» осы олқылықтың орнын толтырмақшы. Бас редакторы - «Литер» газетінің саяси шолушысы әрі аудармашы, орыстілді ағайынның ішкі қыр-сырын бес саусағындай білетін Серік Мәлеев. Қазірдің өзінде аударылған материалдар «Библиотека», «Обзор казахской прессы», «Точка зрения» сияқты айдарларға топтастырылып жатыр. Сайт дизайны да асқан қарапайымдылығымен һәм интуитивті интерфейсімен көз қуантады. Ендеше, жаңа ғана тұсауын кескен сайттың әлі оқырманды тың материалдармен қуантып, қуаныш сыйлайтынына сеніміміз мол.

 


 




Мемлекетшілдік, отаншылдық, ұлтшылдық сезімдерін ұлықтап, соларды қоғамдық санаға сіңіретін материалдар негізінен қазақ тілінде жазылады ғой. Егер сол жарияланымдардың аудармалары "Алтынорда" сайты арқылы диаспоралар мен орыстілді қазақтардың санасына оң ықпал ете бастаса ұлттық мұрат-мүддемізге жетуіміз жеңілдене түсер еді.
Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі Президенттік қордың сайтқа қамқорлық көрсетуіне ризашылығымызды білдіріп, "Алтынордаға" сәт сапар тілейміз!



"АЛТЫН ОРДА".Жақсы-ақ ат екен., Бірақ, "Алтын Орда" республикалық тәуелсіз апталығынының бар екенін ескеріп, басқаша ат ойлағанда жақсы боолар еді. Бір естіген жұртқа алғашқы қарқынынан баяулап қалған қазақ гаазетінің порталы секілді елестеп кетеді. ТОМИРИС



Алтын Орда газетінің өз сайты бар емес пе? www.altyn-orda.kz



жаксы сайт екен!



Қазіргі кезде сол алтын орда туралы ғылыми зерттеулер жүруде ма?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>