Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Осы жылдың 1 қыркүйек күні 2 496 465 оқушы мектепке барады. Оның ішінде 297 778-і мектеп табалдырығын бірінші рет аттайды екен.
Айтқыш екен
Өз жерінде жеуге жарар, дәметер ештеңесі болмағандықтан ауыз бәрін шеттен алады. Экспорты - тек қана сөз.


Оспанхан Әубәкіров

Загрузка

Алтын Емел…

Жәрдемші


Алтын Емел... Қорғасын иісі қолқаны қапқан Алматыдан 160 шақырым қашықтықта, Іле өзенінің аңғары мен Жоңғар Алатауының оңтүстік аймағынан орын тепкен осынау табиғат бұрышына келіп тұрып, оның әсемдігіне тамсанбай, сиқырына арбалмай кете алмайсыз. Себебі, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық саябағы - табиғаты ерекше сұлу, сирек аң-құсқа, шөп-дараққа бай, бағзы заманнан бері еш бүлінбеген, тамылжыған пәк табиғаттың символы. Сонымен бірге, қорық жері көшпелі тайпалардың тарихи өмірін де көздің қарашығындай сақтап келеді. Мысалға, Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандарға б.з.д. VII-III ғасырлардағы сақ тайпасының ақсүйектері жерленген. Мұнда көлемі 2 шаршы шақырым болатын алаңда диаметрі 8-ден 70 метрге, биіктігі 2-ден 20 метрге дейін жететін 18 патшалық қорған орналасқан. Бесшатырдың қатарында сақтардың Қызылауыз, Алтын Емел, Қарашоқы қорғандары да бар. Ал, табиғатына тағы тоқтала кететін болсақ, бұл қорықта өсімдік әлемінің 1800 түрі өседі, соның ішінде 21-і сирек кездесетін, ал 60 түрі эндемик, яғни тек осы аймақта ғана өседі. Жануарлар әлемінің 50-ге тарта түрі бар. Алтын Емелден қарасы құруға тақаған құланды, арқарды, сібір тау ешкілерін де көруге болады. Ал мына алдыңыздағы суреттерде негізінен осы қорықтың ең тамаша жерлері - ұзындығы 1,5 шақырымға созылып, биіктігі 120 метрге дейін жететін «Әнші құмдар» мен Шолақ, Қалқан, Ақтау тауларын көре аласыз. Бұдан бөлек вулкандық негізде пайда болған Қатутау тауы да Сіздің назарыныздан тыс қалмайды. Оның кейпіндегі ерекшелік - үлкен тесіктері бар ірімшікке қатты ұқсаса, Ақтаудың көктен қызылға дейін түрлі түске боялған жартастары қиял көкжиегіңізді кеңейте түседі.   

 


 



Ұлы Шоқан мәңгілік тыныс тапқан өлке осы емес пе? ғажап, бір көретін жер екен.


айтары жоқ, әдемі көріністер..

Мақтаса да ойлан, даттаса да ойлан


Ата-бабаларымыз ұрпағына аманатқа қалдырған Қазақтың алтынға бергісіз жері-ай...,Алтын Емел...әсемсің, сұлусың, көркемсің, еркесің, табиғатыңа көз тоймайды, аллаһ сұқ көзден сақтасын!(Мұңдақ)


Көрмегеніміз көп ақ екен ғой...

Еркектен еркек туады.
Нағыз еркектен қыз туады.
Тука Жырау.


Жақсы Алтын Емел, Жаман Алтын Емел деген ескі атаулары болған көрінеді, айтыңыздаршы бұл не? жақсы жағы қайсы, жаман жағы қайсы. Алтын Емел тауларының физикалық географиялық картасын да қосып беру керек еді мына суреттердің жанына..Шоқай


Мен Жаркент өңіріненмін.Ауылыма Алтын Емел арқылы барамын.Бұл алланың рахымы түскен жер ғой.Ол жердің табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Көзбен көру керек.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

1 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Қыркүйек 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930123

Айлық статистика

<<  >>




muftyat.kz/jaris/