Алтайдың күңгей беті алай-дүлей | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Алтайдың күңгей беті алай-дүлей

Жәрдемші


Алтайдың күнгей бетіндегі елдің халі өте ауыр. Қыс қақап тұр. Ағайынның алдындағы қарайған мал жұттан қырылып жатыр. Күнгейдегі жұрттың күні не болар екен деп мұндағы (Қазақстандағы) басшы-қосшының, ресми орындар мен саяси ұйымдардың бірі селт етер емес. Неге? Он миллионнан астық деп дабырайып жүрген қазаққа сырттағы қазақ керек емес пе? Қиыр жайлап шет қонған қазақтың тағдырына, әлеуметтік тұрмысына біз неге қол ұшын созбаймыз? Біздің осылайша сауал тастай отырып мәселе көтеруіміздің мәнісін білгіңіз келсе, төмендегі ақпарға көз жүгіртіңіз.

 

«Абай-ақпарат»

 

... Апат болды деп мемлекеттік қордан, ел орталығы Улаанбаатардан 1700-ден астам шақырымға тиеліп келген жем-шөп бір миллион үш жүз мыңға жуық бас малдың жұмырына жұқ болар емес. Ондай көмек-сауғаның келе беруіне ондағы қордың  да шанағы шамалы. Қиыр батыстағы Баян-Өлгий  аймағын былай қойғанда іргесіндегі Өвөрхангай қатарлы аймақтың малы неше жүз мыңдап қырылуда. Ақсүйек жұттан айналасы ай жарым уақыттың ішінде ел көлемінде қырық миллионнан астам малдың үш миллионан астамы құри салды. Баян-Өлгийде мал саны былтыр миллион жарым еді, жыл аяғында екі жүз елу мыңға кеміп кетті. Соңғы деректер бойынша, қаңтардың басынан бері тағы  елу мың  тұяқты жұт жұтып үлгеріпті.

Қырық-елу градусқа жететін  қызылшұнақ қытымыр аяздан жазғытұрымның қатты ызғары мен қара желі қатты болады бұл жақта. Жуан жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі дәл сол наурыз, көкек айлары. Қыстай арықтап әлсіреген мал ішінен шөп кетіп, тұралап жығылып, қырмандай қырылады. Аймақ көлеміндегі жүз мыңға тарта халықтың  тең жарымы мал бағып кәсіп етеді. Ендеше Алтай қазақтарының  тірнектеп жиған аз ғана дәулеті құмға құйған судай құрдымға кеткелі тұр деген сөз.

Аймақ орталығы Өлгий сұмынынан 200-300 шақырым қашықтықтағы Бұлғын, Баяннуур, Сақсай малшыларының хал-жағдайы тіптен мүшкіл. Оларға авто көлік түгіл ат, түйемен қатынау ауырға түскелі айдан асты. Ұлақшын, Ащылыбұлақ, Асқынты, Қаракөл қатарлы қырық күн шілденің өзінде қар басып жататын қиын асуларды  бір-екі метрлеп қар басып қалған. Жергілікті тұрғындар мен аймақ орталығынан барған арнайы құтқарушылар, шекарашылар жолдың қарын күрегенімен қайта-қайта дауыл үрлеп тастап, есе берер емес.

Өкімет хал-қадырынша шаралар қолдануда. Улаанбаатарда, сондай-ақ аймақ орталықтарында  «Малшыларға көмек» атты жылу-жәрдем жинау науқаны жүріп жатыр. Алайда банкның борышына белшесінен батқан жұмыссыз жарлы халықтың қалтасы тесік.

Алтай сұмынында мал жайып жүрген бір қойшы үсіп өліп,   қол-аяғын үсік шалған екі малшы ауруханаға жеткізілді. Осындай суық хабарлар  жиі естіледі. «Ертең, келесі аптада, арғы айда суық қатаяды, ақ бұрқақ соғады!»  деген үрейлі сақтандырулардан да құлақ тұнады. "Жағаласпай жан қалмайды" деп аймақ басшылары, Ресей мен Қазақстанның, Қытайдың көршілес аудан, аймақтарына қол ұшын беруді өтініп құрақ ұшуда. Олардың қашан көмек берері әзірше мәлім емес.

Жуырда Моңғол елінің парламентіне сайланған мәртебелі үш өкіл - Тілейхан Әлмәлікұлы, Бәделхан Қабдісламұлы, Жекей  Қалидолдаұлы аймаққа келіп, ауылдарды аралап қайтты. Олар кешікпей Алматы  мен Астанаға барады екен.

Олардың  қандай қарекет жасап, не іс бітір қайтарын әзірге бір Құдай ғана біледі.

Міне Баян-Өлгийдегі хал-күй осындай.

 

Асхар Ататаным

Арнайы www.abai.kz ақпараттық порталы үшін Алтайдың күнгей бетінен.

 

Суреттерде: Жұт. Мал қырылып жатыр...


 




Тікұшақтармен жем-шөп жеткізіп беруге болмас па екен елге? Расында мынау ойланарлық шаруа екен...
Жанашыр



Ауғанстан мен Гайтиге көмектесіп өліп өшіп жүрген біздің билік қазақ бауырларына қол ұшын бере ме екен?



Алтайдың күнгей беті деп қытай жағын айтушы еді ғой Алтайдың теріскей беті дейтін шығар.ОБСЕ-ге төраға болып бедел жинау үшін африка ,Афганстанға көмегін беріп қолы тимей жатқан жоқ па шыдай тұрыңдар қар ерігінше.



Қарабақ мәселесін шешкен соң Циркач Моңғолияға ат басын бұратын шығар.



Қайдан қайыр болсын бұл елден...Аспандағы қаздаың сорпасынан дәметкендей...Қайран халқым-ай!



Я,малшынын омшрi сол,жаздын екi-уш айында жайлауга шыгып бiр жадырап калатыны болмаса,калган омiрi азаптан коз ашпайды.малды кыста колда устау ушiн кыруар каржы,жем-шоп керек,ондай жзагдайы болганда булай киналмас едi.дегенмен талпыныста жетпейдi,акша шыгындап жем-шоп алганша дала жайлiмiмен-ак шыгып кетем дейтiн сынар жакты ойданда кутыла алмайды.муны мен табалау емес,озiмде малшынын баласы болгансон жанашырлыкпен айтып отырмын.бiр жакты малга караган кун киын,бiр кыста талайлардын таяк устап калганын коргемiз.
Казакстаннан комек сураса малга жем ушiн кар астында шырып калган астыктан болсада беретiн шыгар.Афганстанга аландап,Карабактын камын жегенше жутаган агайынга жардем беру керек-кой.

Ашық болсын,алашымның аспаны!



Дұрыс айтасыңдар, бауырларым. Алыс қиырда таяқ ұстап қалуға шақ тұрған елімізге жәрдем жасайық. Өзгеге келгенде өзегін жұлып бере жаздап өзеурейтін билікке бірақ, қазақтар емес, қалқа, ұраңқай деген аз ұлттар ашығып жатыр екен деп жеткізген жөн. Қазақ десең саудбаевтар мен базарбаевтар "Остоновите" деп айқай салулары мүмкін.



Дұрыс мәселе көтеріптің, рахмет, Асқар.
Бай Өлкенің бес ауданында, әсіресе қазақтар көп тұратын көршілес Қобданың алдыңғы үш ауданында жұттың көкесі боп жатыр. Тай құнандар қорада тура қатып қалып жатыр. Өмірімізде сиырды үсіктен өлді дегенді естігеніміз болмаса жылқының үсікке шыдамай қорада қатып қалғанын естімеп едік. Ал үсіктен өлген ұсақ мал өз алдында. Жалпы Қобда беті (Алтайдың теріскей бетін Қобда беті дейді, бұл моңғолға қарасты, ал қытайға қарасты бетін Өр Алтай дейді, бұл күнгей беті. Бірақ та табиғат келбетіне қарасаң аттары ауысып кеткендей, Қобда жағы қуан болса Өр Алтай жағы айтарлықтай ылғалды көгал келеді) тек биыл демей үш-төрт жылға жалғасқан қара жұттан әбден күйзеліп бітті. Осы елге бір көмек бола ма екен, шіркін.



Осындай жерде тумағаныма шүкір, Аллама рахметім шексіз...!

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Абай кзының жігіттерінің қазақ деп соққан жүрегі кешегі Әлекеңдер мен Ахаңдардың жүрегінің дүрсіліне ұқсайды-ау осы. Қазақтың тағдырына алаңдай алатын қазақ азаматтарының рухын коммунистер өшіре алмапты.



Аяз би аңыз ба, ертегі ме? Неге қазіргі басшыларымыз аяқтары аспаннан салбырап түскендей болады? Сол Аяз бидің ұрпақтары емес бе? Текті халықтың ұрпағымыз деп аузымызбен орақ орғанда алдымызға жан салмаймыз. Қайда бойымыздағы тектілік.
"Ағалар-ай, әттең ағалар-ай"



Егер Ресейде осындай жут болган да биздин укимет комекти уйип-тогер еди.Шопти де,жемди де, малды да "комегим" деп сол бойда жеткизер еди.Саяно-Шушенск ГЭС истен шыкканда Ресейге калай комектескенин билемиз,каржылай да,комирмен де,эл.энергиясымен де айтеуир аянып калган жокеди гой.



Осындай жерде тумағаныма шүкір, Аллама рахметім шексіз...!
----------
Әркім өз басының амандығын ойлаған заман. дегенмен сіз тұратын жердің бір сұрапылы бола қалса құдайды қарғайтын ба едіңіз?



тамаша! Ең үлкен соққы! Нағыз батырдың ғана қолынан келер ерлік!

http://www.azattyq.org/video/5879.html



http://www.azattyq.org/video/5879.html
Көрдім, не болып қалыпты сонша? Бір жынды көшеге шықты да балықтың басын шапты. Содан кейін?.. Өзіне пиар жасап жүрген бір маңқа ғой ол. Одан гөрі мына тақырып турасында толғанайық, ағайын! Балық қымбат па, әлде халық қымбат па?



mangol satkindarga komek jok.aulak jursin.



О-о, шірік. Қызыл табан коммунистің сілімтігі. Сатқын сенің өзіңсің!



Әркім өз басының амандығын ойлаған заман. дегенмен сіз тұратын жердің бір сұрапылы бола қалса құдайды қарғайтын ба едіңіз?

Құдай сақтасын! Сондай оймен жызып отырған сіз қарғамасаңыз...

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Көрдім, не болып қалыпты сонша? Бір жынды көшеге шықты да балықтың басын шапты. Содан кейін?.. Өзіне пиар жасап жүрген бір маңқа ғой ол. Одан гөрі мына тақырып турасында толғанайық, ағайын! Балық қымбат па, әлде халық қымбат па?
-----------
Сондай-да саңлаусыз адамдар болады екен-ау! Қазақы түсінігің болса балықтың басын шабудың артында қандай мән жатқанын сезер едің! Бұл деген сөз апатта қалған Алтайды ғана емес, қатерде қалған қазақты қалай құтқару керектігін паш ету емес пе! Жарайды, Алтайға біраз заттық жәрдем апарып берді делік, біраз көмек көрсетті делік, сонда жағыдай оңалып кетер ме? Ертең тағы апат болғанда тағы шулайсыңдар. Ал апат жағыдайында тұрған бір Алтай ма екен. Әр обылысымыздың жан жарасы жетеді. Тіпті Бүкіл қазақтың жан жарасы, Қазақстанның жан жарасы жетеді. Сол жарақаттың тамыры қайда? Тамырын тауып емдемей, аздап наркоз беріп салдандырып қоюмен келеміз. Біле білсең Басынан шіріген балық - біздің еліміз. Оның басын шапқанда барып қалған жерінің шіруін, құрып жоғалуын тосуға болады. Алтайды да, Атырауды да масқара мен қорлықтан құтқара аламыз. Абай атамыз "көзінен басқа ойы жоқ" деп көз алдындағыны ғана ойлайтын, көргеніне ғана нанатын, ар жағына ой жүгіртпейтін осындай саңлаусыз адамдарды айтпаса, кімді айтуы мүмкін?



Қарық қылыпты балықтың басын шауып! Ал, шапты. Не шықты?! Дымда!  Мән беретін олар жоқ! Құлақтарына бытырыңқы сөзбен немесе   5 минуттық жарнамамен  дауыстарыңызды жеткізе алмайсыздар!!!

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Құрметті жерлестер бұларға жалынба .Қазақстанда 29-37жылдары 3млн қазақ аштан қыралғанда , монголияда бір адам да аштан өлмеген .Әліде жағдайларың жақсарады.Басы мәнгүрттер түсінбейді де,оған дәметпеңдер аман болыңдар.



рррх



халдарын халай хандастар. Биыл Отанга тура көшип келиндер. Жагдай жасаймыз.



Асхар бауырым хал халай. сенимен танысуга бола ма



Пікір алынып тасталды!



мдааа! Болады екен-ау мұндайлар да! Сөзім жоқ!

«Жегенде аузыңа кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!».



Аллаһдан ғана жәрдем болсын! Ақымақ билікке айтарым жоқ.



Жанашырлық танытып жатқан ағайындардың барлығы да нақты көмек көрсету жайында кесіп ештеме айтпапты. Тек есіркеп-мүсіркеп қоя салғаннан шет елдегі басына қиындық түскен ағайынға тиер пайда жоқ. Монғолияда тұратын қазақтар сол елден келген барлығымыздың ағайын-туыстарымыз, етжақын жандарымыз. Ал Қазақстанда тұратын байырғы қазақтардың тегі бір қандасы. Шет елдегі қазақтарды "сатқын" деп сандалатындар қазақтың ұлдары емес, орыстың құлдары. Мұндай бейшараларға ренжуге де болмайды. Ондай жарыместерді "құдай есіркесін" дегеннен басқа айтар жоқ. Жұт жұтатып, малынан айырылған алыстағы ағайынға жанашырлық танытып, рухани демеу берген жөн, ал көп болып материалдық көмек көрсетсек елдігіміздің, бірлігіміздің белгісі болар еді. Шеттегі ағайындарымызға жәрдем беруді өтініп Елбасы мен үкіметке ашық хат жазсақ, өзіміз де қарап қалмай Интернет, БАҚ арқылы көпшілікті құлағдар етіп және Өлгейдегі жергілікті билікпен келісе отырып арнайы есепшот ашқызып, шама шарқымызша қаржы аударсақ нақты көмек болар еді. Жұттың зардабын тартқан ағайындарымызға қолдау - көмек беру жатқа "жалпақшешей-жанашыр" болып жүрген билікке емес, ҚАЗАҚ халқына сын.
Осы хабарды жария еткен, Өлгейде Ататаным атты ұйым құрып, қазақтың рухани және әлеуметтік мұқтаждығын көпке хабардар еткен Асқардай бауырымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 18 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>