АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А.ЕСІМОВ мырзаға | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А.ЕСІМОВ мырзаға

Жәрдемші


2010 жылдың 22-қыркүйегінде қазақ тілінің - Мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 21 жыл толмақ. Сондықтан, біз - төменде қол қоюшы қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың қайраткерлері, мерзімді басылымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері Конституциялық құқықтарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Бейбіт шерулер туралы» Заңына сәйкес, 2010 жылдың 19 қыркүйегінде, (жексенбі күні) Алматыда «Мемлекеттік тілді қолдау акциясын» өткізуді ұйғардық. Осы мәселенің оңтайлы шешілуіне қол ұшын беруіңізді сұраймыз.

Акцияның мақсаты: Қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген 21 жылдан бері Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға толық айнала алмады. Қанша рет мәселе көтерсек те әлі күнге дейін Мемлекеттік тіл туралы заң  қабылданған жоқ. Билік жетістік ретінде бағалаған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында да негізгі мәселелер кейінге ысырылып, біздің талап-тілектеріміз тағы да ескерусіз қалуда. Бұл күнде Елбасы айтқандай халқымыздың тең жарымынан астамы өз ана тілінде оқып, жаза алмайтын жағдайға жетті. Егер мәселені осылайша сөз бұйдаға сала берсек, бұл көрсеткіштің тағы да өсе түсетіндігі күмәнсіз. Акцияны өткізудегі басты мақсатымыз осы бағытта адасып жүрген жас өскіндерге, өзге де республика жұртшылығына ой салу, оларды Мемлекеттік тілді сыйлауға, сүюге баулу.

Акцияның пішіні - Бейбіт жиын. Акция барысында елімізге белгілі әншілер елдік, халықтық мүддеге және тілге байланысты әндерді орындайды.

Акция орны - Алматы қаласының Астана алаңы немесе Ғалымдар Үйі алдындағы Ш.Уәлихановтың ескерткіші орналасқан алаң.

Акция уақыты - 19 қыркүйек, 2010 ж. Басталуы: 12-00, аяқталуы: 15-00.

Жауапты дәнекерші - «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының мүшесі Тұрғынов Еркінбек Серікбайұлы. Телефондары: 397-58-13, 8-702-909-93-99

М.ШАХАНОВ, «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық демократиялық қозғалысының төрағасы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының және тіркелмеген «Халық рухы» партиясының төрағасы; Ғ.АЛДАМЖАРОВ, Қазақстан Коммунистік партиясы орталық атқару комитетінің бірінші хатшысы; Ә.ҚОСАНОВ, «Азат» ЖСДП-ның атынан партияның бас хатшысы; В.КОЗЛОВ, «Алға!» (ДВК) ХП-ның үйлестіру комитетінің төрағасы; Э.ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы; Д.БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидері, «Болашақ» газетінің бас редакторы; Н.ОШАНБЕКОВ, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары; А.ОСМАН, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени-орталығының төрайымы; Т.РЫСҚҰЛБЕКОВ, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы; Б.СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Р.АЙЫПҰЛЫ, «Жебеу» РҚБ орталық атқару кеңесінің директоры; Х.ҒАБЖАЛИЛОВ, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті; М.ТАЙЖАН, Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті; Д.ТҰРЛЫБЕК, халықаралық Түркі әлемі телестудиясының бас директоры, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты; Ж.МАМАЙ, «Қазақстанның жалпыұлттық патриоттық қозғалысы» республикалық бірлестігінің атқарушы хатшысы; М.БӨТЕЕВ, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті; А.САРЫМ, саясаттанушы, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі; З.БАТТАЛОВА, «Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қорының төрайымы; Р.ТАУКИНА, «Журналисттік көзқарастарды құқықтық қорғау» қорының президенті; Б.ЕРҒАЛИЕВА,

Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы; Б.ҚОЙШЫБАЕВ, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары; К.ҚАПТАҒАЙ, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; С.САПАРҒАЛИ, «Ұлт. Рух. Отан. Жаңғыру» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Б.ТӨРЕҒОЖИНА, «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қозғалысының төрайымы; Ы.ДӘБЕЙ, «Алаң» әдеби бірлестігінің төрағасы; К.Тәлімұлы, Алматы облысы Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; Е.РАҚЫШЕВ, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Ж.Кенебай, «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі; Ж.АШУҰЛЫ, Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

Б.МЕРГЕНБАЕВ, «Аманат» қоғамдық қорының төрағасы; Т.ІРГЕБАЕВ, «Қабанбай батыр» атындағы қордың төрағасы; Р.Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Е.Бапи, «Тасжарған» газетінің бас оқырманы; С.Мұхтарбек, «Қазақстан» газетінің бас редакторы; Д.ИСАБЕКОВ, «Мәдениет» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Қ.ҚҰРМАНӘЛІ, Ш.Қалдаяқов атындағы ән фестивалі дирекциясының директоры, «Шәмші» журналының бас редакторы; Е.Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; Ұ.Есдәулет, «Жұлдыз» журналының бас редакторы; Қ.ИСА, «Жас Қазақ» ТГР ЖШС директоры, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Ж.Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы; М.Тоқашбаев,

«Президент және халық» газетінің бас редакторы; Қ.Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің бас редакторы; Н.ДӘРІМБЕТ, «Азат» газетінің бас редакторы; Ә.СЫҒАЙ, «Дарабоз» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Д.Қуат, «Абай.kz» ақпараттық порталының бас редакторы; Ө.АҚЖІГІТ, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы; Қ.ҒАБДОЛЛА, «Жұмадағы жүздесу» газетінің бас редакторы; М.СИЗОВ,

«Алға» газетінің бас редакторы; Б.АТАБАЕВ, «Ақсарай» мюзикл театрының көркемдік жетекшісі; Совет-Хан Ғаббасов, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі; С.ЕЛУБАЙ, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; А.ҚОҚАЕВА, «Бәйге» Қазақ Ұлттық Интернет Жүлдесі дирекциясының төрайымы (baigе.kz).


Р.S. Қойылған қолдарының түпнұсқасы «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысында сақтаулы. (Пушкин көшесі 2 үй, 6-қабат, 601-бөлме).

 


 




Қлтымыздың біраз геройлары қолдарын неге қоймады екен?



Мен қатысам, қатыспасам Қазақ деп атала алмаймын.



Жарайсыздар азаматтар! Тілім өлсе менің жер басып жүргенімнен не пайда? Толығымен қолдаймын!



Бәріміз қатысайық! Ағайын, туған-туысты, жора-жолдастарымызды жұмылдырайық. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір азамат кем дегенде он адамды осы шараға ертіп келуі керек.
Абзал



Ғұлама, академик шалдарымыз қайда? Әншейінде "тіл, тіл" деп қақылдап жүрген жазушыларымыз неге үн қоспайды осындайға?



Бәрі де дұрыс қой... Бірақ, аяғында былтырғыдай Нұрсұлтан Әбішұлына жақсылап тұрып хат жазып кетпесек болғаны да... Айтпақшы, былтырғы хатқа жауап келді ме екен, келсе сол жауапты оқыса...

Нағашыбай Есмырзаев



Жайшылықта жағы талмайтын, кесе-көлденеңдеп экранды бермейтін, ұлт тағдырын меншіктеп алып, саудаға салған, сөйтіп жүріп "Назарбаевқа қарсы шығам деп, ешкімге уәде бергем жоқ" деп жан сақтайтын Көшім де осы жолы бұға тұрайын деген болды ғой, батырың... Бұқ, бұға түс, Досеке, кейін, жауын басылғасың "31" арнадан өз ерліктеріңді жыр ғып айтарсың.
Қайсар



Өткен жылы, есімд болса, тілді қолдау акциясында Досекең "тіл мәселесі шешімін таппаса біздер саяси күреске шығамыз" деп жалп еткізген болатын. Соған қарағанда саяси күреске кіріп кеткен болар.
Номад



Muhtar agany birauyzdan koldaiyk, dostar! Ia belbeu ketedi, ia bel ketedi!
Atka kon qazaq balasy!
Azamat



Ана тілімізге араша түсейік! Тілінен айрылған ұлт өшеді, құрдымға кетеді. Тілді сақтасақ, тіл бізді сақтай алады. Осыны ұмытпайық. Қолдаймын Мұқаңның акциясын.



Мұха! Бастаңыз! Шаршамаңыз!
Студенттер



Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал, енді олай болса, кімді аталық,
Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық
Шын іздесек – табармыз шыны ғалым!
Күнде күйлей бермелік бозбалалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,...



Басқалары қайда? Әттең Алматыда тұрмаймын. Дегенменде қашан болады екен?



Айналайын Мұхтар аға аман болыңыз! Әрдайым осындай демократиялық жұмыстардың ұйытқысы болып ана тіліміздің дамуын талап етіп, билікке көлденең тапсырма қойып азаматтық бейнеңізді көрсетумен жүресіз. Алға! Мен сізді қолдаймын.



Бейсенғазы Сәдуұлы Нүкен "Желтоқсан ақиқаты" қозғалысының төрағасы өткен жылғы акцияда жақсы белсенділік танытқанын білеміз. Биыл оның аузын Президент аппаратындағы "орынбасар" жауыпты дейді ғой. Яғни енді ол Мұхтар ағаның жағында болмайды. "Орынбасардың" айтқанын істейді екен. Мен бұл туралы Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың інісі Талғаттың аузынан естідім. Бұған не дейміз.



Байкаймын мұндағылардың басым бөлігі студенттер сиакты сонда қалғандары қазақ емеспа? студенттер Қазақстанның түкпір түкпірінен келген ауыл баладыры емеспа қаладағы қазақтар қайда қалады ?



Дұрыс! Жастар жағы қолдайды!



Негізі жиын емес, бейбіт шеру ұйымдастыру керек. Билік те, орыстілділер де қазақтың наразылығын байқаса ғана бір өзгеріс болары хақ.
Нариман



Біз жастар әрқашан мемлекеттік тіл үшін жан аямаймыз!



алла қаласа алаңнан табыламын.ағаларыма үн қосып.
ӘБДІМАНАП



Қазақжанды, ұлтжанды барлық басылымдар осы үндеуді қолдасын.
Манат



Айналайын Мұхаңа Құдай ұзақ ғұмыр, күш-қуат берсін! Жаны арының садағасы екенін сөзімен де, ісімен де дәлелдеген, 1989 жылы Съезде ақиқатын ашып айтып, ерлік жасаған азамат! Жастар мұны ұмытпайды.



мәссаған бір орыс немесе басқа ұлт өкілі жоқ қой қол қойғандардың ішінде НӘНнің біз бір елміз деп еңіреп жүргені қайда бірлігі жарасқан



Дұрыстап оқысайш, Козлов пен Осман жүр ғой. Таукина мен Ерғалиева да "орыс-қазақтардың" өкілдері)))

Тозақтан қорықпаймын, жұмаққа ұмтылмаймын.



барамыз қолдаймыз



Құрметті қазақтар қолдайық Мұхтар ағамызды. Қашанға жартылай қазақ боламыз. Қатал заң керек, сонда ғана шала қазақтар қазақ болады. Тілімізді жоғалтпайықшы, қатаң заң болса барлығы да қазақша сайрап шыға келеді. Көшеде келе жатсаң ұяласың, өз қазақтарың өздерімен өздері орысша сөйлесіп бара жатады. Ештеңе айта алмайсың, қолдан түк келмегеніне ыза боласың. Шіркін Заң болса оқытар едім соларды қазақша.



Уа,Мұқа,игілікті істердің басынан ылғи да өзіңді көреміз. Ұлт мүддесі жолында соңыңнан ерген зиялыларымызды көріп қуанып отырмыз.Кейбіреулер әлдебір дақпырт атақ-даңққа қызығып, өзін тасада қалғандай сезініп,атыңызға кір келтіруге тырысатын сөз шығарады. Халық ондай арандатуларға сенбейді, күндестік көрсетушілер қолынан келсе,дәл сіздей іске барсын, еңбегі еленгенін сосын көреміз. Әйтпесе, қазақтың толып жатқан көп "жоғының" бірін түгендесуге кіріссін. Ұлттық мүде тұрғысынан, қоғамды қазақтандыру тұрғысынан көрші елдерден кенже қалған тұсымыз көп. Соларды оңалтуға көмектессін.
Бүгінде бізге Алты алаштың баласының ауызбіршілігі бәрінен маңызды. Ол болса алынбайтын қамал жоқ.Қазақ тілі жасасын! Осы жолда азды-көпті еңбек етіп жүрген аға-бауырлардың ісіне Құдай қуат берсін.

Сабырбай



Осы біз бір бастаймыз да, оны аяғына жеткізбей тастаймыз.Анау былтырдан бері айтылып келе жатқан қазақ журналистерінгің форумы қайда? Екі рет әртүрлі сылтаумен кейінге қалдырылып, енді үшніші рет осы жылдың тамыз айында өтеді деп дүйім жұртқа жар салып еді, сол не болды енді? Осылайша жұртты алдауды қашан қоясыздар? Қолдан келмейтін шаруаға неге ұмтыласыздар? Әлде бұл кезекті саяси ұпай жинау ма? Мұндай жағдайда қазақ тілі қайдан дамысын. Өз алдына би болған өңшең қиқым.



Қолдаймын. Мұхтар аға мен сізбен біргемін.



Қолдауын қолдаймызау. Тек өмір бойы қолдаймын дегеннен басқа ештеңе айта алмай кетпесек. Өзгеріс жоққой біздің қолдаудан.



М.Шахановты қолдаудан сендер, сендерді алдаудан Шаханов шаршамайтын болды ғой...



М.Шахановты қолдаудан сендер, сендерді алдаудан Шаханов шаршамайтын болды ғой...



Соны айтам.
Показуха ғой.
Халықтың ашу-ызасын құмға сіңген судай сиырқұйымшақтандырып жіберуден басқа не бітіреді?
Ал, Мүштар Маханов десем, қазір бәрің шибөрідей жабыла кетесіңдер.
Басқаны былай қойғанда осы Мүштарға көңілім қатты қалған. Әсіресе, өткен жылғы желтоқсаннан кейін.
Сендер әлі сеніп жүрсіңдер ме?!
БЕКАРЫС.



Шахановқа Шәкәрімді көп оқу керек.



Ойбау мына мал тектес Мұхтар ағамызға руханиятты меңзеген екен-ау. Артыңа қарасай... Шаханов өз заманының Шәкірімі емес па?



Сіз біреуге мал т.с.с *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тық балағат сөздеріңізді боратпай, мәдениетті түрде жауап қайтармайсыз ба?
Сосын айтарым, Мұхтарға Шәкәрім болу қайда!
Арманбек.



Казактын болашагы жок! Бари бос ауре! Боска арам тер болмандар! Орыс тилин билмесе жерге кирердей уялып,оз тилин билмесе "мен орысша осип едим" деп мактанатын казактан нагыз ултжанды халык шыга ма? Осыдан кейн бизди ким сыйлайды? Озин-ози сыйламаган халыкты баска журт не кылсын? кулдык санадан арылмай еш ушпакка жете алмаймыз агайын!



Казактын болашагы жок! Бари бос ауре! Боска арам тер болмандар! Орыс тилин билмесе жерге кирердей уялып,оз тилин билмесе "мен орысша осип едим" деп мактанатын казактан нагыз ултжанды халык шыга ма? Осыдан кейн бизди ким сыйлайды? Озин-ози сыйламаган халыкты баска журт не кылсын? кулдык санадан арылмай еш ушпакка жете алмаймыз агайын! Адай!!!



басында бұлдырасып әр төбенің.
құлы болған құтаймас мәртебенің.
ұлтының қамын мұтқан бейшарадан,
өзі артық орнын тапқан әр шегенің.... мәнсаптыларға осыдан басқа не айтамын..
тура келмей шындыққа жал табатын.
жеме-жемге кедгенде жал табатын.
ұлықтар көп ауызбен орақ орып,
бел шешіп кірісуден тайсанатын.



тура келмей шындыққа жал табатын.
жеме-жемге келгенде жал табатын.
ұлықтар көп ауызбен орақ орып,
бел шешіп кірісуден тайсанатын.



Шеруде мынандай мәселені қозғайықшы: Біздің ЕНУ-дің ректоры Бақытжан Әбдірайымды ҚР Президент етіп сайлайық!



Шәкәрімді құдыққа тастағандардың ұрпақтары әлі билік басында екенін ұмытпағайсыздар, әзірше Шәкәрім болуға асығу қауіпті!



Ит үреді керуен көшеді! Қазақ тілінің жанашырларының шеруі деген Қорғанбайдың қызы секілді емес пе! Айтады, айтады. Ақырына келгенде алашы аузына қараған "ағасынан" тартып қайтады. Оған несіне қызыл кеңірдек боласыздар? Олар анда-санда қозып кететін қотыр ауыру секілді. Біраз тырнап-тырнап қасиды да, сәл саябырлаған кезде тағы да жым-жылас болып кетеді. Сол келесі қотырлары қозып кетті ғой, ағайын түсіністікпен қарайық "Шахановшиналарға"!



Шахановқа сөз айту үшін, сол сияқты азды-көпті жұмыс атқарған дұрыс болар№ Мысалы, КСРО бас жиынында желтоқсаншыларды қорғап сөз сөйлеу. Ол қолдарыңнан келмесе, к.. қысып жайыңа жүру керек қой..



Мәселе Шахановта емес, ана тіліңді қорғап қоғамдық белсенділік көрсетуде, осыны түсінбей шуылдаған өңшең шибөрілер!



Пікір алынып тасталды!



Мыналар кімге жағымпазданып жүр?

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>