Алаш жұртына ашық хат | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Алаш жұртына ашық хат

Жәрдемші


Аяулы Алаш баласы! Сен үшін тағы да қол ұстасып, тізе қосып, тарихи әділетсіздікке қарсы атой салар күн туды! Қас дұшпаннан сүйемдей жерін қорғаған Ата қазақтың қызыл қаны, Ана қазақтың көзінің жасы сіңген қасиетті қазақ даласы - Алаш ұрпағының жер жаралғалы Алладан бұйырған жәннатты мекені, қасиетті жері - мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы!

Ендеше мызғымас мемлекетіміздің іргелі бір қаласы - пиғылы арам отарлаушының қорыққаннан салған қамалының атымен Алаш жұрты азат ел болғалы жиырма жыл өтсе де аталып келуі кімге сын?

Алаш баласы, саған сын!

Өз билігіңді өз қолыңа алып, Ата қазақтың арманы мен мақсатының үзілген жолын жалғап, өшкенің жанып, өлгенің тіріліп қайта түлеп, қайта туғандай болып жатқан азат заманыңда Қызылжардың Петропавл, Керекудің Павлодар атанып жаттың тілінде жасап келе жатқаны кімнің намысына тиеді?

Алаш баласы, сенің намысыңа тиеді!

1752 жылы Ресей патшалық өкіметі қазақ жерін отарлауды одан әрі жалғастыру және жеделдету мақсатында әскери қорғаныс  үшін қазақ жерінің солтүсігінде Петр мен Павел атты шадиярлардың (апостолдардың) атымен қамал салған. Сөйткен Ресейдің патшалық өкіметі де, патшалық өкіметтің бодандық саясатын өктем жалғастырып өңмеңдеген коммунистер билігі  де құлады. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет! Соңғы санақтың нәтижесі әйгілеген ресми дерек бойынша, 16 миллионнан кемел асқан халықтың 63,6 пайызын қазақ құрап отыр! Осы жердің түп иесі және мемлекет құрған ұлт. Бірақ, Петропавл мен Павлодар әлі тұр. Бұл кімнің жігерсіздігі?

Алаш баласы, сенің жігерсіздігің!

Ендеше, асылзат Алаш баласы! Жігеріңді жаны! Намысыңды оят! Павлодар мен Петропавл деген жат тілдегі - орысша атауды Кереку мен Қызылжарға заңды түрде өзгертуді табанды түрде талап ет! Қазақ жері үшін күресте асыл текті бабаңдай атойлап алға шық! Аты жөніңді, электронды поштаңды анық көрсетіп «Abai.kz» ақпарттық порталының форумына жолда. Бар екенімізді, көп екенімізді билікке де, басқаға да білдіріп қоялық. Әсіресе, билікке бұра тартып, жалтақтамай шешім қабылдаудың қажеттігін ескертейік. Билік кертартпа топтардың кергіп айтқан сөзін ғана керексініп қалмасын, мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығы мен шекарамыздың тұтастығын ойлап пәрменді қадам жасасын. Сондықтан қазақ қана емес,  Қазақстанды Отаным деп танитын тірлігі мен бірлігі бүтін жұрт тегіс тілек білдірсін. Интернет кеңістігіне енген қазақ жасы оларды ортақ пікірге шақырып, азаматтық іс атқарсын.

 

Қысқасын айтқанда, қазақ жерінің атауы үшін күрес ол -  қазақ жері үшін күрес! Қазақ жері үшін күрес ол - қазақ мемлекетінің мызғымас мәңгілігі үшін күрес! Алаш үшін күрес - қасиетті күрес! Бір Аллаға сыйынып, елдігіңді танытып қал, есеңді ешкімге жіберме, Алаш баласы!

 

«Abai.kz» ақпарттық порталының ұжымы -

Дәурен Қуат, dauren-kuat@ma.ru

Айдос Сарым, asarimov@mail.ru

Өміржан Әбдіхалық, omirjan.80@mail.ru

Ардабек Солдатбай, arda_bek@mail.ru

 


 




Уакыт күттірмейтін мәселені күн тәртібінен түсірмеу үшін үлес қосуға өзге де әріптестерімді шақырамын!!! Қолдау білдіремін! Жарқын tusupbekoglu@mail.ru



Қолдаймын Мадияр Саудбай madiyar@inbox.ru



Бауырлар сайтка кiрiп, тiркелiп, Кызылжарга дауыс берейiк! http://www.petropavlovsk.kz

Orazgali Albergen



Алла эар болсын, Алаш баласы!Байжигитов Арал makat70@mail.ru



Алла ЖАР болсын, Алаш баласы! Байжигитов Арал makat70@mail.ru



қолдаймын қос қолдап тұрып! babakhan-82@mail.ru



Қолдаймын, құптаймын! Тоқтарәлі Таңжарық: babakhan_82@mail.ru



Пікір алынып тасталды!



Қызылжар атауын аспаннан алған жоқпыз. Қаланың нағыз тарихи атауы өз тұғырын табуы тиіс. Бұл үшін біреуден сұрау, қас-қабағын бағу қажет пе? Тарихи атауларды қалпына келтіру мемлекеттік саясаттың құрамды бөлігі. Оған қарсы шығу мемлекетке, ұлттық мүддеге қарсы шығумен бірдей. Қызылжар атауын қайтаруға ешқандай кедергі болмауы керек. Қолдап қана қоймаймыз, қайтарамыз, Қызылжар атауын.



"Аллажар-қолдау" қоғамдық қоры - қолдаймыз!
nauryzbai@mail.ru



Құптаймыз! "АЛАШ ҮНІ" қоғамдық бірлестіктер Одағы. mode-han@mail.ru



"Ұрпақ тәрбиесі" ғылыми-әдістемелік орталығы" мекемесі.
Тек қана ҚЫЗЫЛЖАР!
Тек қана КЕРЕКУ!
mode-han@bk.ru



Пікір алынып тасталды!



Серікбай Смағұлұлы, Қызылорда. serik_smagul.kz@mail.ru



serikat79@gmail.com

Кішкене халыққа үлкен намыс қажет



Созбуйдага салмай, барынша тезирек кайтару керек Кызылжар атауын. Уакыт созган сайын карсылар куш ала береди. Мемлекет саясатына карсы шыккандарды жазалайтын кузырлы органдар кайда Кашанга дейн буга беруге болады.



Анамнан қазақ болып туған екенмін,қазақ үшін қасық қаным қалғанша күресемін.қолдбаймын.ketbvga@mail.ru



Колдаймын



Қазақтың жері, қазақтың елі... Өзгелер аяқ-қолын жинап шаңыраққа қарасын. Жердің, елдің қожайыны қазақтың айтқанына құлақ ассын бәрі. Әйтпесе бұл бас кететін іс... Ал қазақ баласы жері үшін, елі үшін қан төгуден бас тарқан емес. bokeiorda91@mail.ru



Доктринаны "ойлап" табушыларды абай.кз аркылы таубесіне келтіргеніміз естерініз де ме? ендеше қазақтар қарап қалмаңдар!



Әрине екі қолды көтере қолдаймын! Сәке 2010siriuskz.mail.ru



Қолдаймын! 2010siriuskz@mail.ru



Berikylu85@mai.ru Бауыржан Берікұлы.



Қолдаймын. Мейрам Мукушев. meiram_01@mail.ru



Қолдаймын!!! kerimsal_86mail.ru



қолдаймыз. rysbek-altay@mail.ru



Қолдаймын!!! Еркебұлан Әбдірахман. erke_1280@mail.ru



Қолдаймын, Нұрлыкөз Азанбаева. nurlikoz@mail.ru



Ғазиз Төртбаев, Ақтөбе қаласы.gaziztortbay@yahoo.com
Қосыламын, қолдаймын.



Уайс Рахметов. uais1983@mail.ru



ҚР патриот электораты ҚЫЗЫЛЖАР дейді Халықтың мәселелерін дер кезінде шешеді деп сайлаған ПАРЛАМЕНТ және "НұрОтан" партиясы осы қалалардың атын өзгерте алмаса - ондай ПАРТИЯ мен Парламенттің не керегі бар ??? """""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""

Если избранные, для решения волнующие народ вопросы своевременно, ПАРЛАМЕНТ и партия "НұрОТан" не могут переименовать эти города - то зачем нужны такие ПАРТИЯ и ПАРЛАМЕНТ ???



ҚР патриот электораты ҚЫЗЫЛЖАР дейді Халықтың мәселелерін дер кезінде шешеді деп сайлаған ПАРЛАМЕНТ және "НұрОтан" партиясы осы қалалардың атын өзгерте алмаса - ондай ПАРТИЯ мен Парламенттің не керегі бар ??? """""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""

Если избранные, для своевременного решения волнующие народ вопросы , ПАРЛАМЕНТ и партия "НұрОТан" не могут переименовать эти города - то зачем нужны такие ПАРТИЯ и ПАРЛАМЕНТ ???



Бізге ішу мен тышудан басқаны білмейтін жарыместерден құралған парламент ккерек емес



Семипалатинск атауын өзгерткенде Президент ешкіммен ақылдаспай-ақ Семей деп өзгерте салып еді ғой. Енді неге қиналып отыр?
Дариға тәтем Алматының аты Алма-Ата болып қолауы керек деп ол жүр... Ай.



Бұлай қолдау жеткіліксіз, Астана мен сол қалаларға аттану керек! Намысқа құрғақ қайрақ бүгінде жеткіліксіз, бірін бірі буындырып отырған биліктің қолындағы қылбұраудың өзіне салмайынша, далбаса болмау жағын қарайық



Бұл атам заманнан бері Қызылжар аталып келе жатыр. Өзге облыстардағы, тіпті, шет елдердегі қазақтардың өзі Қызылжар деп атайды. Демек, «ауыстыруға ерте» немесе «бұл – тарихи тұрғыда дәлелденбеген» деген бос сөз. Тіпті, 1925 жылдан астанамыз Қызылордадан үкімет орындарынан жолданған хаттар «Қызылжар қаласы», «город Кзылджар» деп жазыла бастады. Бұрынғы «Петропавловск» деген орысша атауы тоқтатылған. «Правда» газетінде Петропавлдың «Қызылжар» болып өзгергені туралы хабар жарияланғаны мәлім болып отыр. Бұл шешімнің неге орындалмай қалғанын Голощекиннің «Кіші октябрь» революциясымен ғана түсіндіруге болатын шығар. Осы кезде аса көрнекті мемлекет қайраткері, Алаштың жас көсемдерінің бірі Смағұл Сәдуақасов Халық ағарту комиссары қызметін атқарған. Ал елді-мекендердің атауларын ретке келтіретін комиссия, терминология комиссиясы да осы мекеменің құзырында болатын, - дейді Зарқын Тайшыбай.



gabit_1985@mail.ru Ғабит Бөкенбайдыңұлы!



Koldaimyn: Baiboz Rabbimuly Akniet skyline_akn@mail.ru



Кереку деген қайдан шыққанын білесіздер ме? Кереку орыстың Коряковский форпост, Коряковская станица дегенінің қазақша дыбысталуы емес пе? Сендерге Павел апостолдан гөрі орыс-казак Коряков артық болып тұр ма? Орысқа күлкі болмайық, ағайын. Абайлап атойлаңдар.
---------------------------------------------------------------------------
Коряковский форпост — сторожевое укрепление Иртышской линии, находился на месте нынешнего города Павлодара на севере Казахстана и является первым поселением на этом месте.
В 1720 году неподалеку от Ямышевской крепости, рядом со складами коряковской поваренной соли был построен Коряковский форпост — передовое укрепление Российского государства в регионе современного северного Казахстана.
В 1838 году форпост был упразднён и был преобразован в станицу Коряковскую. В 1854 году поселение вошло в состав 7-го полка Сибирского казачьего войска. В станицу перебазировался штаб 7-го казачьего полка, военный лазарет, полковая школа, склады.
Форпост располагался в районе нынешней городской спасательной станции и завода «Октябрь» города Павлодар.
__________________________________________



Кереку - Аттиланың әйелінің аты. Қыпшақ қызы болса керек. Коряков дегенді шатастырмаңдар. Қалай болғанда да Павлодар атынан құтылу керек.
Бекқожа Қабыл, BMK-011@hotmail.com



Орысқа күлкі болмайық, ағайын. Абайлап атойлаңдар.
.....................................................
ық ық ыққықы қық... өлтіріпсің осы жерін!!! ық ық



Қызылжардың жеке сайтына кіріп дауыс беріңіздер!
http://petropavlovsk.kz/
қазіргі нәтиже!
Я против переименования
39% (594 голоса)
Я за переименование
61% (923 голоса)
Всего голосов: 1517



Сағат 18-30 да есеп 58-42, әзірше біздің пайдамызға. Жігіттер, белсендірек болыңдар, дауыс бермегендерің http://petropavlovsk.kz/ сайтына кіріп дауыс беріңдер. Кіруге әдейі қиындық жасалып тұр. Бірақ, болады. Беретін паролін өз поштаңнан скопировать етіп, қоя салған оңай.

Қызылжар атауын қолдаймын, әрине. Мен үшін ол қала ешқашан Петропавл болған емес, болмайды да.
Бекқожа Қабыл BMK-011@hotmail.com



362 әулиелі Маңғыстаудан.Қолдаймын.Намысты ту қылып ұстайық.Елбасы дұрыс шешім қабылдайды деген үміттемін.Аллаһ жар бол.kuleke2010@mail.ru



Қолдаймын! Тәуелсіздіктің 20 жылдығының жемісі болсын!!! Біләл Қуаныш bilal-24@mail.ru





ainurchik.08@bk.ru Айнұр Санабек



mira_astana@inbox.ru Ақмейір Шузина



asel.25.12.1989@mail.ru Әсел Қаппасова



zhb71@mail.ru Болат Жатақбаев

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
3 + 0 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>