Ақтөбе облыстық мәслихатының экс-депутаты 8 жылға сотталды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Ақтөбе облыстық мәслихатының экс-депутаты 8 жылға сотталды

Жәрдемші


Ақтөбе. 31 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбенің №2-ші қалалық соты облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты, тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының төрағасы Валерий Фалалеевті 8 жылға соттады.

Ол басқаның мүлкін ірі көлемде алдау мен сеніміне кіріп жымқырған деп айыпталды. Аталған іс бойынша процесс бірнеше айға созылды.

Судья Рәзия Ахметова жариялаған сот үкімінде айтылғандай, В. Фалалеев «Проект дизайн групп» ЖШС, «Шығыс сервис Лтд» ЖШС, «Центральный рынок» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып тұрғанда, аталған кәсіпорындардың мүдделерін белінен басып, қызмет бабын пайдалана отырып, «VVV Құрылыс» ЖШС директоры Вячеслав Масалимовпен алдын ала ымыраласып, жалпы сомасы 100 млн теңге қаржыны жымқырған.

Атап айтқанда, ол бірнеше сауда үйлеріне «VVV Құрылыс» ЖШС-мен өртке қарсы автоматты қондырғылар орнату сметасында бағаны асырып көрсету арқылы түскен кірісті сыбайласымен жымқырып отырған. Осы іс бойынша В. Масалимов 7 жылға сотталып, сот олардан «Проект дизайн групп» ЖШС, «Шығыс сервис Лтд» ЖШС, «Центральный рынок» ЖШС пайдасына 96 млн теңге өндіріп алу туралы үкім шығарды.

В. Масалимов сот үкіміне келіспей бірден аштық жариялады, В. Фалалеев те келіспей, бұл тапсырыспен болған сот деп отыр. Үкім әзірге күшіне енген жоқ.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 3 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>