Ақша «асаудың» атыраулық рекорды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Ақша «асаудың» атыраулық рекорды

Жәрдемші


Баяғыда бір патша өзіне қарсы жолыққан дәруішке:

- Әй, сен неге маған тағзым етпейсің? - деп өктемдік танытыпты.

- Оу, байеке-ау, о заманда бұ заман құлға тағзым еткенді қайдан көрдіңіз?, - депті дәруіш.

- О, иттің баласы?!. Тіліңді кесіп алайын ба? Мен не құлмын ба?

- Әрине, құлсыз. Сіз сараңдық пен дүниенің құлысыз. Ал олар - менің құлым. Яғни, сіз менің құлдарымның құлысыз! Сондықтан да маған тағзым еткеніңіз абзал.

«Өмір сүрген жақсы, ал бума-бума ақша «асап» өмір сүрген одан да жақсы». Бұл - жалғанды жалпағынан басқан атыраулық ақжағалы жемқорлардың бүгінгі шығарып алған «свежий» мақалы. Өйткен себебі, мұнайлы мекендегі жемқорлық деген жеті басты жалмауыз көз ілеспес жылдамдықпен «семіріп», жан-жағын жаппай жалмап барады. Дәлел керек пе, мінекиіңіз... (Айтпақшы, бұл дәлелдерді бөтен біреу емес, «батпанқұйрық» облысты тексеруге барған «нұротандық» ревизорлар келтіріп отыр).

Бірінші факті. 2005 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің арасындағы бармақ басты, көз қысты қылмима қылмыстар 36,6 пайызға (2005 жылы - 71, 2009 жылы - 97) өсіп кеткен. Яғни, қарашаның қалтасын қағатын, қазынаның қаржысын қылғытатындардың «пәртреті» өзгерді. Бұған дейін табан ақы, маңдай терімен тапқан жалақысы жұмырына жұқ болмайтын мұғалімдер мен дәрігерлер параға өлердей «ғашық болса», енді оларды атқарушы биліктің қызметші-бәтшағарлары шаңына да ілестірмей отыр.

Екінші факті. Құқықтық статистика органдарының есеп-қисабына сүйенсек, өткен жылғы осы облыстағы сыбайластыққа жататын 116 қылмыстың 97-сі (!) «Мемлекетке қызмет етемін!» деп ант-су ішкен ақжағалылардың еншісіне тиіпті. Мінеки, нағыз жемқорлықтың жаңа рекорды!?. Ақша «асауға» келгенде атыраулық әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері алдына жан салар емес. Яғни, мұнайлы мекендегі барлық жемқорлық қылмыстардың жартысынан астамы (52,5 пайызы) соларға тиесілі көрінеді. Атап айтқанда, жемқорлар жарысында Атырау қаласы (45) мен Жылыой (31), Мақат (11) аудандары алда келеді. Ең қорқыныштысы, 2008 жылмен салыстырғанда жылыойлық жемқорлардың қатары 2,5 есеге көбейіп кетіпті.

Үшінші факті. Сыбайластар сайысында кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері өзгелерден оқ бойы озып келеді. Өткен жылы «Ұлық болсаң - жемқор бол» деген жаңа тәмсілді нық ұстанған 6 әкімге қатысты 9 қылмыс тіркеліпті. «Қара алтынға» бай аймақтағы ақжағалылар арасындағы жемқорлық қылмыстардың үлесі 9,7 пайызды құрайды. Бұл - еліміздегі атқарушы билік өкілдері арасындағы жемқорлықтың ең үлкен үлес салмағы.

Төртінші факті. Бажайлап қарасақ, айы оңынан туған жемқорлық деген жалмауыздың тұмсығын тықпаған, «уылдырығын» шашпаған жері жоқ. Мемлекеттік сатып алу, үй бөлу, жер бөлу сияқты «батпанқұйрық» салалармен қоса, білім беру мен денсаулық сақтау, құрылыс пен ауыл шаруашылығы, жылу-энергетикалық кешен мен банкі, мұнай өндіру мен балық өнеркәсібі дейсің бе, әйтеуір санасаң саусағың жетпейді. Мәселен, Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, 2009 жылы Атырау облысында «бармақ басты» қылмыстардың нәтижесінде жылу-энергетикалық кешенге 269 021 313 теңге, білім беруге - 155 336 009 теңге, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына - 114 056 954 теңге, ауыл шаруашылығына - 25 143 246 теңге, денсаулық сақтауға - 15 600 000 теңге зиян келіпті. Ол ол ма, салық саласында 75 қылмыс әшкереленіп, соның кесірінен мемлекет 18 862 988 332 (!) теңге шығынға бөккен.

Бесінші факті. Мұнайлы мекендегі жемқорлықтың былығына белшесінен батқан мекеменің бірі - АШМ-нің (Ауыл шаруашылығы министрлігі) балық шаруашылығы комитетіне қарасты «Орал-Каспий облысаралық бассейндік басқармасы». «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның тексерушілер тобы осы органның табиғат-ананы қорғаудың орнына тірідей тонаумен айналысатынын анықтағанда төбе шаштары тік тұрыпты. Міне, дәлел. Мемлекеттік басқарманың Б. Каметова, Г. Горбачева, М. Жанбатырова сияқты басшылары мен қызметкерлері «Жамбыл» өндірістік кооперативінен ауланған жайындарға төленетін құжаттарды төмендетілген бағамен қабылдап алған. Қу құлқынның қамын ойлағандардың қарекетінен мемлекет 142 186 681 теңге шығын шеккен. Сондай-ақ, Б. Каметов табиғатты пайдаланушылардың мүддесін қорғап, ғылыми-өнеркәсіптік кеңес ашып, белгіленген межеден артық көлемде балық аулауға рұқсат беріпті. Яғни, жымысқы әрекетінен түскен табысты жан қалтасына тыққылай берген.

Алтыншы факті. Жасыратыны жоқ, шіренген шетелдіктер Атырауда алшаң басқанымен қоймай, еліміздің көші-қон және салық заңдарын белінен басып жүр. Соның дәлелі, 2009 жылы біздің көші-қон заңдылықтарымызды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған шетелдіктердің саны 48,2 пайызға артқан. «Алтын көрсе періште жолдан таяды». Шетелдіктер ұсынады, біздікілер алады. Бір ғана мысал. «ER MET SERVIS» ЖШС-нің директоры, Түркия азаматы Озсой Әли Осман өз қолымен жасаған қылмысын жасыру үшін қаржы полицейіне 3 млн. теңге көлемінде пара ұсынған.

Иә, мұрнынан тізе берсек фактілер жетерлік-ақ.  Бәлкім, бұл фактілерден көзі қарауытқан облыстың әкімі де (суретте - Бергей Рысқалиев), орынбасарлары да, өкілетті органдар да естерін жиып, бір әрекет жасар. Бірақ... мүйізді мәселенің оң шешілетініне үміттен гөрі күдік көп. Өйткені, Орекең (Оралбай Әбдікәрімов) басшылық ететін құзырлы кеңестің бұрын жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыстық әділет басқармасының бастығы Н. Өтесіновті қызметінен босату жөнінде Әділет министріне ұсыныс айтуға ғана шамасы жеткен еді...

 

Төлен ТІЛЕУБАЙ,

Астана.

Ескерту:

Бұл мақала «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің сарапшылар комиссиясының материалдары негізінде әзірленді.

 


 




Мына братва Атырауды әлі басқарып отыр ма? Кеткен шығар десем... Бұл отырғанда Атырауың былыға береді.



ОЛ неге кетеді. Кім жемей жатыр. Жесін. Осыған дейін Атырауда адамдардың қалай өмір сүру керектігін 1999 жылы Иманғали көрсетіп кеткен болаты. Ал оны іске асырып ,тегіс жолмен жүріп ,балшықсыз өмір сүруге болатынын Бергей дәлелдеп берген. Сондықтан халқына қызметкеткен адал әкім Иманғали мен Бергей екенін барлық атыраулықтар біледі. Және екеуін де өздерінің адал ұлдары санайды. Жемқорларды жоюды өздерінен бастасын Ақорданың айналасындағылар.



Атырауды осы Бергей басқара ма, әлде Асылан Мусин басқара ма? Естуімше, Бергей марионетка. Өз аяғымен жүріп тұратын қуыршақ. Атырауды Асылан билеп тұр. Сондықтан алдымен Асыланды тексеру керек.



Ия Иманғали да, Бергей де атасының ұлдары, халқының құлдары. Халқына құл болған әкімнен айналмайсың ба. Бұл жазылған жемқорлардың адал адамдарға жаққан күйесі. Қызғаныштан туған көре алмаушылық.



Нақты дерекермен көрсетіп тұр ғой саған! Қайдағы көреалмаушылық? Оданда былық-шылық десеңші



Атыраудың халқы алтын дарияны кешіп жүріп осы күнге дейін кедей өмір сүріп келді. Әлі де оңып тұрған ештеңесі жоқ. Олар қазір Бергейдің бетін жылтыратып азын шоғын жасап жатқан дүниесіне мәз. Сендер, негізі қазіргіден де бай, жақсы өмір сүруге тиіссіңдер. Сондықтан ұрылап-жырлап Атыраудың байлығын тауса алмай жатқандарды ақтамаңдар!



Иә әкімдердің бар бітіргендері тек бір салған жолды жылда қайта - қайта жол салып бір екі орталық көшені қазақтың апайлары мен қыз-келіншектеріне қақаған аязда, күздің үскірік желінде үйсыпырғышымен сыпыртып қойғанына мәз. Ал өзбек елінен келген өзбешкалар жылы базарларда таза киіммен қымбат бағаға дүкенші болып тұр. Әкімдер қарамағанда бұған мен не сен қрауымыз керек пе? Әйтеуір қатынның да, мектеп оқушысының да айтатыны әкімдер жеп жатыр дейді.



Шынын айту керек қалада ешқандай өндіріс жоқ. Тамақтың жүз пайызы ресейден әкелінеді. Қалада не көп сауна мен кафе, ресторан көп. Басқа дым өндіруші орындар жоқ емес пе? Құдай ау ет пен сүт өнімдерін өндіруден жеңіл нәрсе жоқ емес пе?



Атыраулықтар, кәрісінен жасына дейін Бергей бәрін қатырып жатыр деп шуласқаны қайда! Әй, құлдық деші! Әй, кіріптарлық деші! Әй, жағымпаздық деші! Кіші жүздің ақсақал, қарасақалдары ұялуды білмейтін шекке жетіп барған, Махамбеттен емес, Баймағамбет султаннан үлгі алған әумесір шекке дейін құлдырағаны ма! Мен бұлай ойламағам. Ойбай, Бергейге тіл тигізбеңдер, одан өткен жақсы әкім бұрын-соңды болмаған деп жүргендердің бейшаралығы мен сұрқиялығын сипаттау үшін қалам да әлсіз тартады екен! Сендерге сенген Қазақтың соры ғой, жазғыштар! Қайран, жауынгер, еркөңіл, шешен, әділ, қайсар Кіші жүзім!
- Анахарсис



Шыны керек, бауырлар! Бергей әкім Атырауда біраз іс тындырды. Облысты, шалғайдағы ауылдармен қоса газдендіруді 95 пайызға (!!!) жеткізді. Ауыз су проблемасын шешіп берді. Қалада, одан қалды аудан орталықтарында салынып, пайдалануға берілген әлеуметтік маңызы бар түрлі нысандар мен басқа да құрылыстарды айтпағанның өзінде. Өндіріс орны жоқ дейсіздер. Ал, жеті жоба, жеті инвестиция туралы неге айтпайсыздар? Жеті завод құрылысы жүріп жатқан жоқ па? Қара халыққа көрсетілген қыруар әлеуметтік көмектер тағы бар. Қалай десек те, Бергей әкім істің адамы! Жағалай жемқорлыққа ол кінәлі емес. Қазақстан онсыз да жемқорлықтан 127-ші орында "ерлеп" тұр! Сондықтан, істің адамына қара жағу қате!
Атыраудан Баян



Жемқорлық тек Атырауды ғана емес, елімізді түгелдей жайлап алған. Бұған қарсы амал өкінішке орай табылмай тұр. Адал еңбек, маңдай термен дүние жинау көзден бұл-бұл ұшқаны қай заман. "Қолда барда - асап жеу" бүгінгі күннің ұранына айналды. Тек ақырын берсін делік.



Қалтасынан шығарып жатыр ма екен? Жалпы әкім минесмтрерге нагрузка беру керек халықтан алған ақшаға 50 оралман отбасын, 5 шағын мекемелер ашсын соларға.Мисалы тері илеу, жүн иіру деген бағытта.



ПРЕЗИДЕНТКЕ ЕНДI СЕНБЕЙМIН
Мен осыған дейiн Астанаға алғаш келгендердi бiрден бәйтерекке емес, «Думан» мұхитаралына апаратынмын. Бұл әлемдегi ең iрi мұхитаралы деп мақтан тұтатынмын. Себебi, осы мұхитаралы ашылған кезде президенттiң өз аузынан «ендi әлемдегi ең iрi мұхитаралы бiздiң Астанада» деп айтқаны есiмде. Бейжiң­дегi мұхитаралын көргеннен кейiн, «бiздiкi ең үлкен» деп ешқашан айтпайтын болдым.



Ақшада бастарың қалғырлар!



Қолдан бергенді - көзбен суарыңдар ! Жазылған коменттерге қарап - неткен бағамыз сонша түсіп, ақыл-есіміздің адасып кеткендігіне шын көзім жетіп отыр. Жоқ, БІЗ - түзелмейміз. БІЗ - әлі де сырттан ИВАН келіп бәрін де өз жолына қойып береді деген ертекке сенеміз, бірақ сонымызды өзіміз мойындамаймыз. Жоғарыда жазылған фактілер миллионның бір бөлігі.Астанадағы патшағарлар не берсе, соны асағандай, талқылап,соған тойғандай боламыз.Әй, БІЗ - түзелмейміз де жөнге де түспейміз.Абай атамыз тіріліп, осы тірліктерді өз көзімен көріп,сезсе бір күннің ішінде жынданып кетер еді... Өйткені, БІЗ - Ө Т І Р І К П Е Н өмір сүріп келеміз.Үйдің іргетасы қаншалықты қисық болса, айналасын қаншама да сылап-сипағанмен үйде қисық бітеді. БІЗ - қисық үйде өмір сүрудеміз.Бергей мен Иманғалилар болса өз істерін істеп жатыр.



Бергейде жұмыстарыңыз болмасын, аталған мақаланың тақырыбын "Жыртық тесікке күледі" деп өзгерту керек, жемқорлардың қай қалада ұйлығып отырғанын кішкентай балаға дейін біледі. Халыққа ештеңе жасамай, тек өзіме-өзіме дейтін жемқорлар бар, ал Бергейді тап-таза деп айта алмаймын, бірақ халқының жағдайын жасап отыр, бұл Бергейдің халық алдында авторитетінің жоғарылап бара жатырғанын көре алмайтындардың ісі. Қазақтар, бір-біріңнің етегінен тартуларыңды қашан қоясыңдар? "Иттер үреді, керуен жүреді", Бергей Сәулебайұлы, қарамаңыз, жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіз!



Жеп отырыңдар сол орыстың шошқасының мұрын-құлақтарынын жасалған тушонка мен колбасаларыңды жеп.



Имангалидай аким АЛЕМДЕ ЖОК! ИМАНГАЛИ РАХМЕТ БАУЫРЫМ! СЕН АЗАМАТСЫН!



Иманғали әкім болғанда қазақтарды ығыстырып қойып орыс, кәріс, түріктерге бар обемды берді соларға. Олармен жеу оңай шамасы. Олармен ертең құдандалы болмайды, бір тойда, садақада кездеспейді дегендей. Әкім бірінші кезекте өз қазағын тәрбиелеу керек,соларды үйрету керек. Жапондарды алып келіп жобаны да құрылысты да соларға беруді,бюджеттің ақшасына салуды студент бала да ұйымдастыра алады. Әкімдерің шіренбей ақ қойсын. Құндары беш тиын.



Балықтың басы шіріген соң, біртіндеп оның қалған қанат құйрықтары да шіриді ғой.
- Анахарсис



21-ғасырдың хас батыры, Қазақтың біртуар нағыз ұлы Қанат Ибрагимов туралы айтсаңдаршы!

http://www.azattyq.org/video/5879.html



Осы өтірік щуды көтеріп отырған әуелі Әбдікәрімді тексеру керек. Баласы жалғанды жалпағынан басып, ойына келгенін жасап жүргенде елге не бетімен бірдеме айтып отыр. Бергей Атыраудың бағына біткен әкім. Онда жұмыстарың болмасын. Халық үшін беріліп жұмыс жасап жатыр. Бізде жұмыс жасап жатқанды да көре алмайды ғой. Атыраудың байлығы талайларды қызықтырып, іштерін тырнап отырған шығар. Мен көзімді ойып алса да, сол әбдікәірмдердің ана жерде оытырп атырауға жаны ашиды деген сенбеймін. Астанада Атырауды признавать етпей, шамалары келсе, төмендетуге тырысып бағады. Шындық міне осы!



Не десеңдер де Атырауда Бергейге ұқсап жұмыс жасаған әкім жоқ. Коррупцияны Астанадан іздеңдер, жорналшы сымақтар жазсаңдар, содан бастап жазыңдар, ерліктеріңі жетсе. Ал ауылдың кәрі сырттаны алжасып үрген екен деп, шабалана қоса үрмеңдер. Біздің облысқа Бергейден басқа кісі керек емес. Ең бастысы, жұмыс бар, біз оны көріп отырмыз.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 4 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>