"Адамшылықтың алды махаббат, ғадәләт, сезім...
ғадәләт, махаббат сезімі кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол ғақил". (Қырық бесінші сөзден).
Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Халық санағының қортынды нәтижесі бойынша, қазақтың жанбасы 26,1%-ға өсіп, 10098,6 мыңға жетті. Еліміздегі орыс диаспорасы 15,3%-ға азайып, 3797,0 мың болды.
Айтқыш екен
"Әйелдердің мерекесін сылтау етіп еркектер ішіп кетпесін"

Нұрсұлтан Назарбаев (Ақордада қыз-келіншектерді қабылдау салтанатында айтқаны)

Загрузка

Ақорда оқпанынан ағылған ақпарат

Жәрдемші


Ақорда оқпанынан ағылған ақпарат ЕҚЫҰ-ға төрағалықты айрықша аураға бөледі де тастады. «Әне-міне басыма бақ қонардай боп тұрады....» демекші, ақпараттық эйфориядан соң «енді елімізде демократиялық стандарттардың сөзі жүріп, жемқорлықтың желкесі қиылатын шығар» дегендей ойлар да қылаң беріп қалатын. Бірақ, Биг-Бенге қарап сағатын түзейтін Мұхтар Әбіләзов бұл жолы да «сюрпризсыз» қалдырмады. Тимур Құлыбаевтың туыстық-әлеуеттік байланыстарын таныстырып жатпай-ақ, оның "CNPC Exploration & Development Company Ltd" деген қытайлық компаниямен мысықкөмбелікке барғаны жайлы арыз түсіргені белгілі. Арызданушы бұның қоқан-лоққы емес екендігін қолында тұрған әшкерелеуші құжаттармен қуаттай түседі-мыс. Енді міне, 1 ақпанда Алматы қаласындағы Медеу аудандық соты экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтың Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттары бар екендігі туралы ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығы туралы шешім шығарыпты. Айтпақшы, бұл іс Тимур Құлыбаевтың арыз-шағымы бойынша қозғалған екен. Ал «біртүрлі» ақпаратты таратқан «Голос Республики», «Взгляд», «Курсив» секілді басылымдар Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін осы ақпараттарды жоққа шығарулары керек. Сонымен бірге Медеу аудандық соты «Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін БАҚ өнімдері мен қағазда және электронды тәсілмен ақпаратты тасушы болып табылатын кез-келген өнімді тұтқынға алу туралы» анықтама шығарған. Осылайша, «жыл компроматы» деген атаққа сұранып тұрған істің шаласы тұтанбайбай жатып, түтіні бықсыды. Сіз бұған не дейсіз?

 


 



Яғни, әділетсіз болса да Құлыбаевтың билігі мен ықпалы зор болғаны ғой?


"Жел болмаса, шөп басы қимылдамайды". Демек, Мұхтар Әбілазовта шындыққа жанасатын деректер бар деген сөз.


Әйй түрі қазаққа ұқсас, бірақ ішкі дүниесі қазаққа қарсы ақшаға тойымсыз шенеуіктерді ай, туыстарды айй! Ақшада бастарың қалғыр!


таза болса өз-өзін ақтап алмай ма.мұхтардыкі жөн екен.


Ауызды зорлықепен жабу! Алдамшының амалы қалмағанда зорлық істейді деген осы! Демократия-мыс! ЕҚЫҰ-мыс! Дамыдық-мыс! Билігіміз ұлы істерді тындырып жатыр-мыс! Қазақстанды қарық қылады-мыс! Қазақстан жерінен "Мыс" көп шығады деген еді, сол рас болды! (еее дегенде бір қоян тұра қашыпты дейді...)Аных


"Сезікті секреді" демей ме? дана халқымез. менше ақпарат көздерінен таралған НӘН және оның айналасындағылардың істеп жатқан блық-шлықтары түгелмен шен болған іс деп қабылдау лазім. егер жай халық оларға қарсы "бір ауыз" артық сөзді баспасөзде жариаласа, сол күні-ақ сотқа сүйрелей жөнеледі.ал өздеріне келгенде мүлдем басқа әдіс қолданады.сонда адамдарды тук сезбейтін топас деп ойлайтын сыйақты.қап әттең халқымездың біріге алмай турғаны-ай,өйітпегенде...


правильно делаешь,гаси очкарика.


Ең алдымен мемлекеттік арнаулы мекемелер - Прокоротура - КНБ - Сенат - Мәжіліс - өздеріне түскен Мұхтар Әбіләзовтың арызының ақ-қарасын анықтап, елге адамша заңды түрдегі жауаптарын берулері керек қой. Осындай заңдылықтарды елемей Медеу аудандық сотының өрескел шешімі үшін, қоғамды шулатқан әрекеттері үшін жауап берулері керек. Біздердегі әділетсіз де өктем сот жүйелері қашан халықпен есептесіп, тәртіпке келеді ? Осындай қоғамдағы әділетсіздіктер еліміздің абройын түсіріп болды ғой. Президент пен Үкімет қайда қарап отыр ?..


Тойма, тоймаңыз қазақтың байы. Бұрынғы байларға да тойым болмаған. Бүгінгі байлар қайдан тойсын. Олардың аталары ашаршылықтың не екенін жақсы біледі. Сондықтан тойымсыз байлар тоймаңдар- Қақалып өлгенше.


Барлық халықтың байлары ақщаға тоймайды. Бірақ демократиялы ашық қоғамдарда билік заңды адал, қатал атқарады да, тойымсыздықты тежеп, халық тұрмысының жақсаруына мүмкіндік жасайды. Ал бізде керісінше. Сондықтан мәселе байларда емес, сол байларды еркінсітіп жіберуге мәжбүр болып отырған, заңға бағынбайтын, заңды адал атқармайтын жемқор үкіметте! -Анахарсис


Біздің бәріміздің санамыз жақсы өмір сүру үшін қалай күресуге болатын дәрежеге жеткенде жемқор үкіметтің сол күні аяғы аспаннан келеді.
Өкінішке орай оны күту қажет.


Түбегейлі тексеру қажет ж/е бүкіл қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар бақылауға алулары керек.Егер бұл факті рас болса онда бұл мемлекеттік мүдделерді сату,сондықтан қатан бақылауға алынып тиісті шара қолдану қажет.


Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Алматы, Үшқоңыр 16.10.2009 10:14 Астағфирулла! Ел пікірін білейін деп, анда санда осы парақтарды ашып көремін.. Көремін де осыншама ұшқары пікірлерді оқып, ер азаматтардың ішінде осындай күйкі ойлайтын азаматтардың бар екеніне жаным ауырады, бұл қасіреттен оларды қорғасын, иман берсін деп Аллаһқа дұға етемін. Ер азаматтың бірінші парызы отбасын, бала шағасын асырау, қамтамасыз ету. Ол үшін үй салу, адалдан мал табу. Әрбір Мешітте бар сауат ашу курстарынан өтіңіздер. Сонда ауыр проблемалар шешіліп, тұрмысыңыз иншалла, оңалады. Аллаһ разылығы үшін осы айтылғанға құлақ асыңыздар! Ал Елбасы киелі де қасиетті адам! Оған тіл тигізу өзіңе ор қаздым деген сөз. Яғни Ел Басына тіл тигізген адам Алланың қаһарына ұшырайды. Егер Елбасы Нұрсұлтан тақуа, иманды адам болмаса Сіздерді осылайша сайратып, жазаламай қояр ма еді? Елді ойласаңыздар, ұлтты ойласаңыздар осындай Мемлекет құрған сын кезеңде оған осыншама лас ғайбат жазар ма едіңіздер? Иншалла, Аллаһ оның күналары болса да кешірді, ғайбаттаған сіздердің мойындарыңызға артты, ертең оның күнасын жуып тазартатын сабыны боласыздар! Ғайбаттан тиыл, ағайын! Қазақша жазған адам қазақ емес пе, жаным сіздерге ашығасын жазбайтын ислам сырын аштым, Аллаһ кешірсін!
--------------------------------------------------------------------------------
Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Алматы, Үшқоңыр 16.10.2009 10:30 Биссмиллаһир раһманир раһим! Жұма мүбарак болсын! Әлжан ананың жолымен жұма күні шынымды айтар болсам, егер Елбасым зейнетке шықса менің оның жанында болу мүмкіндігім болар ма еді? Яғни зейнетке шыққан соң күні үшін жүрген көп тобыр алыстайды. Күзеті де қазіргідей қадамын аңдымайды. Ең құрығанда бір ауыз тілдесе алар ма едім деймін де.. Мұны Елбасымның Теміртауда бірге жұмыс істеп, бірге оқыған досы , Астана Салық Комитетінің бастығы болған Қ.Сарекенов ағаға жазып та беріп едім бір кезде.. Ол кісі содан бастап дұрыс амандаспайтын болды. Ондағы уәжім: Халқы ертең оның жанқиярлығын, өзін елі үшін құрбан етіп, жұмыстан бас алмайтынын бағаласа игі, ал мына Азаттықтың бетіндегідей орынды, орынсыз ғайбаттаса еңбегі еш болмай ма деп сұрап едім.. Ел тағдыры сында тұрғанда жеке мүддесін қалай ойлайды деді. Мен Елбасымның таза, пәк адам екеніне сол жолы тағы бір көз жеткізген едім... Аллаһ оның еңбегін еш қылмасын, дұшпандарын жоқ, достарын көп етсін, лайым!
--------------------------------------------------------------------------
Кімнен: baseke Қайдан: Akorda 16.10.2009 22:09 “Менiңше, ойлау қабiлетiң жақсы болуы үшiн басқа үнемi жұмыс iстету керек. Егер бас ойланбаса, басқа органдар да жұмыс iстемейдi. Физикалық дайындық та аса маңызды. Денсаулықты үнемi күту керек. Еркекке ләззат сыйлайтын жақсы нәрселер бар. Мен оларды атамаймын, сiздер бәрiн түсiнiп отырсыздар. Бұл рахаттану денсаулығымызды бүлдiредi, семiздiкке ұрындырады, ауру етедi немесе бiздi азғындыққа ұшыратады. Еркектiң аңсары деген мiне, осындай пәле. Осының бәрiн жөнге келтiру керек”.


. Ал «біртүрлі» ақпаратты таратқан «Голос Республики», «Взгляд», «Курсив» секілді басылымдар Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін осы ақпараттарды жоққа шығарулары керек.
Бир кездери Алтынбек Сарсенбаевты хабар агентигинин егеси Рахат Алиев дегени ушин сотты кылып ,кейиннен Алиев сотты болганда бары ашылган.Бирак Алтынбек Сарсенбаев ол ис боиынша акталган жок,Жане ол кездеги сот та али кызметте журген шыгар.


Менимше Рахатты кайтарып алу керек,оны канша адилетсиз дегенимен Отанды сатуга бара коймаитын еди.


Ана күйеуден мына күйеу өзатын түрі бар! Бірақ қайнатасы дұрыс болмаған соң бұлардың әйелдері қайтіп оңсын, ал әйелдері оңбаған еркектің өзі де оңбайтыны белгілі ғой!


Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Алматы, Үшқоңыр 16.10.2009

*****************-----------------------*********************------
Сіз анасыз, алайда Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді деген жақсы тымсал да бар.... Мақұл дейік сіздің сөзге қарсы келмей, алайда өзінің қыздары, күйеубалалары осыншама байлықты ұрлап отырғанда соны біле отырып үн-түнсіз жүрген оның атасында қандай қасиет, қандай тектілік бар деп ойлайсыз, өзіңіз???.... Ал ұрлық-бұл халықтың байлығын көрінер көзге тартып алу..... Ал байлық, ата-бабамыздың біздерге тастап кеткен аманаты.... Ал аманатқа қиянат жасау, енді арғы жағын өзіңіз-ақ біле беріңіз....

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

2 + 2 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Наурыз 2010
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930311234

Айлық статистика

<<  >>




zanmedia.kz





muftyat.kz/jaris/