Айлығыңыз шайлығыңызға жете ме? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Айлығыңыз шайлығыңызға жете ме?

Жәрдемші


Үкімет жыл сайын тіпті, әр тоқсанда жалақы мен зейнетақының өскенін айтып жатады. Бірақ, жағдайы жақсарып кеткен жұрт жоқ. Неге? Не себепті айлық өссе, азық-түліктің бағасы мен коммуналдық төлемдер де бірден шарықтап шыға келеді? Елдің табысын еселеп жатырмыз дейтін үкімет баға саясатында неліктен қауқарсыз? Әлде тұтыну нарығы - шенеуніктердің немесе олардың жақын-жуықтарының бизнесі ме? Мысалы, үкіметтің есебі қарағанда, 2011 жылы еңбек ақы 18 пайызға өсіп, өткен жылдың қараша айындағы елдегі орташа айлық жалақы 91 793 теңгені құрапты. Сіз осыған сенесіз бе? Бұл - нақты халықтың табысының есебі ме? Сіздің айлығыңыз шайлығыңызға жетіп жүр ме? Әлеуметтік жағдайдың әлденбегеніне не себеп деп ойлайсыз? Жұрттың күнкөрістің қамынан аса алмағаны әдейі жүргізіліп отырған саясат па? Сіздің ше, мемлекеттің әлеуметтік саладағы саясаты қандай болуы керек?

Ой бөлісіп, жалақы мен жағдайыңыз туралы ойыңызды ортаға салыңыз.

Прикрепленный файлРазмер
photo_41826.jpg104.44 кб

 




мен таза колыма 123 000 тенге аламын. бастык емеспин катардагы менеджер дегендердин бiрiмiн.
барiмiз жазып салыстырайык бул статистика шын ба отiрiк пе.
бiрак болмашы нарсе ушiн коленкемiзден коркып отирик жазбайык



мен көптен жұмыссызбын, әйелім жұмыста айлығы 27 000 теңге. Жазда мұнайшылар ереулге тұрған кезде ӨМГ-ға жұмыс сұрап бардым Ақтаудан, өзім ақтауда тұрам. 7 500 доллор сұрады. Ол ақшаны бергенше екі ортаға "таксабайт" ете берейін дедім. Бір жігіт айтқан "танысым бар ММГ-ға кіргізем"-деп, 2500-3000 доллорға. Оғанда кірмегем. Маңғыстауда басқа дұрыс айлық беретін жер жоқ. Мен танитын 60-тай адам жұмыссыз. Кейде бұрыш-бұрыштан "жұмысқа оналастырам" деген мекеме ашылады, 2000 теңгеңді қағып алатта "шу қарақұйрық" содан жоқ! Үкімет елдің айлығын санағанша, жұмыссыздарды санап жұмыс тауып бермей ма!?



Мен мұнай саласынла қызмет атқарып жүрмін, тәубе жалақым шайлығыма еркін жетеді деп айта аламын. Орта есеппен айына 200 мыңдай аламын. Кейбір Аджип компаниясындағы шет елдіктер күніне 1000-2000 фунт стерлинг алатындары бар. Оны да көріп жүрмін.



менің айлығым 100000,бұрын ЖОО оқытушы болдым, ЖОО оқытушыларының айлығы бірақ 70-80 мың ғана, Алматыдай қалада бұл ақша пәтерге кете ме, таксиге ме, киімге ме, өйткені оқытушы болған соң студенттер алдында ұқыпты киініп жүру керек, түскі ас ішу керек, бұл түкке жетпейді, ең аз дегенде 150000-170000 болса жақсы ғой



Менің апам бар өзі жесір әрі жұмыссыз Үкіметтен қызына айына 1600 теңге алады. Сонда ол бір айда қалай өмір сүру керек? Осында ұсақ-түйек мәселе жетеді ғой қоғамда.



мен ен 1-iншi жазган адаммын.
айтпакшы кай каладан екенiмiздi де жаза отырайык салыстыру ушiн. мен алматыданмын



мен Атырау облысынан,теміржолшы болып жасаймын,айлық 63000тенге,жолдасым медбике,айлығы 47000тенге,қымбатшылық бүйірден қысып тұр!



Almatida VUZ-da mygalimmin, alatinim 100000 tenge gana



Kosydi ymitippin tykke jetpeydi, tannan keshke deyin jyrip alatinim



Алматылықпын. Әйелім (жұмыс істемейді), 2 кішкентай балам бар. Қосымша табысты есептегенде, 250000 болып қалады. Шайлыққа жетеді, анда-санда мебель, техника алуға жетеді, бірақ 30-ға келіп, әлі мөшине ала алмай жүрмін.
Біздегі проблема неде еді? Өндіріс жоқта. Тапқанымыздың барлығы өтірік ақша, мұнай-газдың сарқыншақтары, Үкімет бөліп беріп отырған. Ал, тоқ етерінде, ол ақша қайтадан Қытайға, басқаға кетіп қалады. Қытай бізден 10 теңгеге 1 кг темір, 15 теңгеге 1 квт-сағат энергия алып, өзімізге 1000 теңгеге 1 кг шеге қылып сатады. Компьютер қылып санасаң, тіпті керемет.
Ал енді Кеңестік, өйәкең, Кедендік Одаққа кірдік, енді өндір-өндірме, бәрі бекер.



Оттапты, орташа айлық 91 793 теңге дегенге итім де сенбейді. Алматыда тұрамын, айлығым 50 000 теңге, әйелімдікі де осы шамалас, үш баламыз бар Аллаһқа шүкір. Қазақ санын ары қарай көбейтуге үлес қосайық десек мына айлықпен аштан өлесің ғой деп сыбырлайды "...адамдар мен жындардын болатын сыбырлап азғырушылар" (Нас сүресі). Әйелім декретке шықса шынында да сондай болары анық. Ал орташа айлық 91 793 теңге дегендер "Қазақтелекомның" басшысы сияқты айына 350 000 АҚШ долларын алатындар мен еден жуатындар алатын 20 000 теңгені және сол сияқтыларды бір-біріне қосып адам басына бөле салған өздерінше "қулар" ғой. Мұндайларды "Қалақ" дейді. "Менің үмметімнен 10 адам жәннатқа кіре алмайды" деген Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.у) хадисіндегі осы он адамның бірі - "қалақ" дегендер - патшаға, әмірге, сол сияқты басшыларға халықтың қал-ахуал, жағдайын бұрмалап, өтірік ақпармен жеткізушілер екені атап көрсетілген. Олардың жазасын бір Аллаһ берсін!



Жоғарыдағы пікірлерді қызыға да қызғана да оқып отырмын. Мен Астанада мәдениет саласында жұмыс жасаймын. Қолыма 65 мың алам.((( Жақында бір газеттен оқыдым. Әкіміміз жылдық қорытынды жиналыста Астанада орташа жалақы 122 000 депті. Ұят қой... біз сияқты алатын жастарды санаққа да қоспайды ғой олар



Мен халықаралық компанияда жұмыс істеймін. Айлығым - 240 мың теңге, бұған қоса жылына екі рет беретін бонустары бар /115 мың теңгеден/. Басқа бірнеше жерден табатын майда-шүйде табыстарым 60 мыңның айналасында. Жалғызбын. Өзіме жетеді, Баспанам, көлігім бар. Көлікті несиеге алғам. Үйім орталықтан алыс, соны ауыстыруға жағдайым келмей жүр.



men almatydanmın. Jalakım 130,000 tenge bılım salasında kızmet etemın.



Ойбой, Сендердің жетпейді сонда да деуге қалай ғана ауыздарың қисаймайды, ей?! Анау 5-ші қонақтың апасы асылып өлмей жүрген бір мықты кісі екен. Және осыны жазып отырғандар еш қысылмайсыңдар да ғой, өздерің



шамамен укиметтин 91 793 теңге дурыс сиякты. бул айлык тек улкен калада туратын адамдардики сиякты (Астана, Алматы, Атырау)



мен КӘСІПКЕРМІН ЖЕР ӘКЕМНЕН ҚАЛҒАН ЖЕР ҮЙІМНІҢ ШАРБАҒЫНЫҢ БІР БҰРЫШЫНАН ШАҒЫН МАГАЗИН САЛЫП АЗЫҚ ТҮЛІК САТАМЫН 3 БАЛАМ ӘЙЕЛІМ ТӨРТЕУМІЗ ТҰРАМЫЗ ПЕНСИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН КӨРІП ОТЫРМЫЗ ӨТЕ НАШАР ПЕНСИЯДАН ПЕНСИЯҒА БІЗДІҢ МАГАЗИННЕН ЖАЗДЫРЫП АЛЫП ӘЗЕР ЖЕТЕДІ АЛ ӨЗІМЕ КЕЛМЕК БОЛСАМ ТАПҚАН ТАБЫСЫМНЫҢ ЖАРТЫСЫ ТЕКСЕРУШІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ АУЗЫНА КЕТЕДІ ҚАТЕЛІКТІ ТЫРНАҚ АСТЫНАН ІЗДЕП ЕСТІ ТАНДЫРҒАСЫН БЕРІП ҚҰТЫЛАМЫЗ ОЛАРМЕН СОТТАСУ ҮШІН ҚАНША УАҚЫТ КЕТЕТІНІН БІЛЕСІЗДЕР АЛ СОТТЫҢ БАСЫ КІМГЕ БҰРАТЫНЫН БІЛЕСІЗДЕР ТІПТІ КӨШЕ ТӘРТІБІН ҚАРАУҒА ТИІСТІ САҚШЫЛАРЫҢДА ДҮКЕН МАҢЫН БАҒУМЕН КҮН ӨТКІЗЕДІ САҒАТ 11 ДЕН 1 МИНУТ АСЫП ШАРАП САТСАҢ ТОПЫРЛАП КІРІП КЕЛЕДІ ОЛАРҒА 5000 ТЕНГЕ БЕРІП ҚҰТЫЛАСЫҢ ДҮКЕНІҢНІҢ ҚАСЫНДАҒЫ КАНКУРЕНТІҢНІҢ БАЛАСЫ НЕ БОЛМАСА ЖАЛДАП ҚОЙҒАН ТАНЫСЫ МИЛИЦИАДАН БОЛСА ТІПТІ САУДА ЖАСАТПАИДЫ МЫСАЛҒА МЕНІҢ МӘГАЗИНІМНІҢ ҚАСЫНДА ГАЙ ҚЫЗЫМЕТКЕРІНІҢ ӘЙЕЛІ ЖАЛҒА АЛҒАН МАГАЗИНІ БАР ОЛ КҮНДІЗ ТҮНІ ШАРАП САТАДЫ АЛ ОҒАН КАНКУРЕНТ БОЛМАС ҮШІН БІЗДІ БАҚЫЛАУМЕН БОЛАДЫ ОСЫДАН КЕЙІН КҮН КӨРІП КӘСІПКЕР БОЛЫП КӨРІҢДЕР атырау құлсары



Мен Семейденмін мемлекеттік қызметкермін, жалақым 35 мың теңге. Орташа жалақы 91 мың деген өтірік. Әзер мәзер келесі айға жеткізіп, жетпесе магазиннен жаздырып құжатымды тастап аламын. Осы 35 мыңның жартысын үй иесіне беремін, жалдап тұрғандықтан, бала бар тағысын тағы. Дүкенде күнде қымбаттайды. Ал жалақы сол орнында, енді 2016 жылды тосамыз, келесі президенттік сайлауды, сол кезде патша халықты есіне алады емеспе. 91мың деген өтірік.



мен карагандыдан айына 50 мын колга алам.айелим баламен уйде 2 балам бар. сондыктан баска табыс коздерин издеп журем.компьютерге багдарлама коям сол кешке шакырган кезде сутип тамагымды азер тауып жеп журем



Мен Алматыданмын,гылыми кызметкермин. айына 37 мын тенге колыма айлык аламын. ата-анаммен каладан 35 км жерде турамыз. жумыска сол жерден барып-келип журмин. жолыма 15 мын кетеди. сонда есептей бериниз, 30 дагы азаматшанын кун корисинин кандай екенин.



Мен 7 ай болды жұмыстан шығып қалған мұнайшымын бұрынғы табысым 95 мың еді қолға.Қазір әйелімнің 30 мың теңгесіне 5 балам 1 немерем өлмеші күнмен отырған өтірік ақпарат таратудан билік шаршамайды екен. Орташа табыспен тек қара халықтың табысын шығарсын,байларды басщыларды қоспай сонда түсінер халқының жайын.



Мен Қызылордада тұрамын егер қымбатшылықты іздесеңіздер осында келіңіздер. Жер телімі 10 сот 50 000 дол, 30 000 дол сырттан көшіп келемін деп әуре болмаңыз Табыс туралы халықтың 1 пайызы мұнайда ал 1 пайызы мұнай ұрласа қалғандарының айлық көлемі 30 000 мен 50 000 ның ортасында Қалай кун көретіндеріне кейбір кезде таң қалам Жерді олар кезінде қалай алғаны белгілі оның сату бағасына қарап жатқан жан жоқ уй тұрғызылған жерден тұрғызылмағандар көп оны реттейтін әкәм әлі туылмаған сияқты



Мен Ақтөбеденмін. 49000 теңге алам. 15008 теңге кредитке кетеді. 15000 теңге тамаққа кетеді. 10000 ай ішіндегі жүріс тұрысыма кетеді. қалған ақша киімге және туыстарыма беремін. Қонақ шақырмаймын. Ертеңгі күнге қор жасай алмай жүрмін.



Менің айлық табысым 40 мың теңге, Құдайға шүкір жетеді. Қанағат деймін. Жұмысым бар, өзіме унайтын, материалдық емес рухани байлықты беретін жұмыс. Ақшамның бир айда жетіп, екинши айда жетпейтин тустары да бар. Сабыр сақтауға тырысамын. Жұмыс таба алмай жүргенімде, сол қырық мыңды армандадым. Оған да шүкір, арманым орындалды. Ақшаны үнемдеу өз қолыңда. 1 айда 20 мыңды киімге жұмсасам, қалғанын жүріп-тұруыма жұмсаймын. Киімдерді барахолкадан да,қымбат брендік магазиндерден де алмаймын. Еуропадан заказ беріп алдырамын, интернет маганзиндери аркылы. Бағасы қытайдың киімдерінен арзан, сапасы тым жоғары. Ақшаны үнемдеп білу керек,көп ақшаға үйренбеу де керек, қанша көп болса, сонша жұмсайсыз. Тек адал жүріп, адал еңбек етіп, жақсы нәрселер ойласаңыз ғана бәрі жақсы болады!



24 қонаққа. Сіз біз сияқты пәтер жалдап түрмайтын көрінесіз. Бала - шағамен біреудің босағасында тұрып, жалақыңның жартысын соған берсең сонда көрер едім 40мыңның қалай жетіп, киім- кешек, жиһаз алғанды.



ееее барин айтта бирин айт... кымбатшылык барлык жерде. Шымкентте орташа айлык 40000 тенге шамасында. бул гос службаныкы, ал баскалардыкы 20000ды курайды. Сонда 20000 калай кун кореди. ком услуга деген шарыктап кетти. Шынын айтар болсак алеуметтик маселе де, казак тили маселесинде, улттык идеологияныда шеше алмады бул деген Партиянында, биликтинде салгырттыгы, нем курайлыгы.



Шымкенттенмін! Дизайнермін! Газет беттеймін! Кешке жұмыстан кейін газеттер шығарамын! Ал күндіз қырғы базарда ұялы телефон аксессуарларын сатумен, сонымен қатар телефондарды жөндеумен айналысамын! Соның бәрін жинағанда газеттерден шамамен 50 ұялы теелфондарда 50-60 мың шығады! Сонда 100 ден асады екен! Бәрібір жетпейді! Әлі үй алу керек!



шымкенттік дым іренжімеңіз ел қырылып қалсада сіздер ең соңынан өлетін адамсыздарғо



28!!
шымкенттi к-а-т-ы-р-д-ы-н!!!!!!!!!



Мен Шымкенттенмін. Әйелім де мен де жұмыссызбыз. Көктемнен бастап қорамызға жеміс-жидек егеміз. Оны баптап, онан жеміс алып өткіземіз дегенше қиқылдап,шиқылдап жұрттан қарыз алып зорға дегенде күзге жетеміз. Кредит дегеннен құтыла алмай-ақ қойдық. Үй-қорамыздан айырылып қалмасақ болғаны деп жанымыз шығып жүр соңғы кез. Жұмыс іздеп бармаған жеріміз жоқ. Пара сұрайды.



Мен Семейден мұғалім, жалақы 28000 тг. Жеке меншік ЖОО да сабақ береміз. Бұл жақ жеке мемлекет өзінің заңы, өзінің тартібі бар. Мұғалімдер қолдаяқты бала секілді. Бірі келеді бірі кетеді. Білімдегі базарлық осы. Мұғалім жұмысқа тұру үшін, бастықтың қолына бересін, бір жылдан кейін тағы бермесен беретін біреу келіп орналасады. Кімге не керек? Ұлтжандылықпа? Білімнің сапасы ма? Жана білім жүйесі ма? Дымда таппайсың, өйткені жеке меншік, ары кетсе кеңестік кезде оқыған дүмше атағы бар, жоғарыда алыс берісі бар кең өңештілер орынан қозғалар ойда жоқ.



Өмірі жетпейді ғой жиырма жыл басқарды әлі тоймай жатыр



Өмірі жетпейді ғой жиырма жыл басқарды әлі тоймай жатыр



эх...

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
7 + 7 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>