Айдос Сарым: ҚОСТIЛДIЛIК ҚОҒАМНЫҢ БАҒЫ ЕМЕС, СОРЫНА АЙНАЛАДЫ | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Айдос Сарым: ҚОСТIЛДIЛIК ҚОҒАМНЫҢ БАҒЫ ЕМЕС, СОРЫНА АЙНАЛАДЫ

Жәрдемші


- Қазақстан қоғамында қазiр екi тiлдi мәдениеттiң - қазақтiлдi және орыстiлдi ортаның қалыптасқанын жасырмауымыз керек. Соған сай қазақтiлдi журналистика, орыстiлдi журналистика деп қарайтын болдық. Жалпы, кез-келген мәселенi екiге бөлiп қарастырамыз, сөйтемiз де қазақ тiлiндегi дүниелердiң барлығын төмен деушiлiктен арыла алмай келемiз. Сондай-ақ, бiздiң орыстiлдi әрiптестерiмiз қазақтiлдi қоғамның мәселесiмен бас ауыртқысы келмейдi. Олар да жаһандық мәселелердi көбiрек қамтиды. Осы екi әлемде жүрген журналистердiң өзара байланысын жақсарту үшiн не iстеген жөн?

- Әрине, Қазақстанда бүгiнде екi әлем өмiр сүрiп отыр. Бұл екi әлем түйiсе бермейдi, бiрiн-бiрi iздемейдi, бiрiн-бiрi қажет етпейдi. Бұл бiздiң қоғамның бағы емес, соры дер едiм. Орыстiлдi баспасөз қазақтың мәселесiн, үлкен саяси және рухани-мәдени мәселелердi жаза бермейдi. Бәлкiм бұл қазақтiлдi баспасөзбен қақтығысып қалмаудың амалы шығар. Ал, қазақ баспасөзi орыс баспасөзiнен көш кейiн деген пiкiрлермен өз басым келiсе қоймаймын. Қазiр газет нарығында жап-жақсы газеттер өсiп шықты. Мазмұндық тұрғыдан келгенде, қазақ баспасөзi көш iлгерi кеттi. Өйткенi, олар елдiң, жұрттың сөзiн сөйлейдi ғой. Әрi, қазақ баспасөз нарығын Ресеймен немесе АҚШ-пен салыстыруға келмейдi. Ол жақтағы нарыққа құйылып жатқан қаражат пен бiздiң нарыққа құйылып жатқан қаражаттың арасы жер мен көктей. Бiзде тұтынушылардың саны аз. Сонымен қатар, қазақтiлдi ақпаратқа жарнама аз берiледi. Оның да өзiндiк себептерi бар. Жарнама нарығында газеттердiң таралымын зерттеп, олардың өтiмi жайында анықтама жасап отыратын бiр-екi компания бар. Олар жарнама берушiлерге беретiн ақпаратты бiраз респондентке сұрау салу арқылы анықтайды. Солардың ақпаратына сенетiн болсақ, Қазақстанға 2000 ғана данамен таралатын "Известия-Қазақстан" газетi өзге 30-40 мыңдық таралымы бар қазақ газеттерiне қарағанда өтiмдi, оқырманы мол газет болып анықталады. Бұл жерде әлеуметтанушылар дұрыс жұмыс iстеп отырған жоқ. Олардың респонденттерiнiң көбi орыстiлдi және қалалық азаматтар. Осының өзi үлкен проблеманы тудырады. Алдағы халықаралық қазақтілді журналистердің форумда талқыланатын мәселенiң бiрi сол болмақ. Бiздiң қоғам қазiр миллиондаған қазақтiлдi көрермен мен оқырманды нарықтан сыртқа ысырып тастап отыр.

Қазiр "Жұлдыздар отбасы" деген журнал шықты. Бұрын-соңды журнал шығарып, жақсы бизнес жасауға болады деген түсiнiк болмаған. Жарылғап Қалыбай ағамыз оны дәлелдеп бердi. Қазақстанда дәл сондай таралыммен тарайтын орыстiлдi журнал жоқ. Демек, бiз өзiмiздiң iшкi корпорациялық мүддемiздi талап ете бiлу арқылы нарықтағы қолдан жасалған қайшылықтарды алып тастай аламыз.   

- Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында "Жарнама туралы" заң қабылдамақ болды. Сол заң жобасында мемлекеттiк тiлде жарнама берудi мiндеттейтiн баптар бар едi. Егер, бұл заң қабылданатын болса, қазақтiлдi ақпараттың дамуына қаншалықты әсер етер едi?
- Алдағы 5-6 жыл көлемiнде жарнама қос тiлде берiлсiн деген норманы енгiзу керек сияқты. Бұл уақытша құбылыс. Сосын бiрте-бiрте мемлекеттiк тiлге басымдық берiлген сайын бұл мәселе өзiнен өзi жойылады. Парламентте, сондай-ақ, "Мемлекеттiк тiл туралы" заң жобасы қаралмақшы. Менiң ойымша, қазақ журналистерi өздерiнiң осындай түйткiлдi проблемаларын осы заң жобасына енгiзуге күш салуы керек. Бiз осы жолда үлкен лоббистiк топ, коалиция құруымыз керек. Форумның аясында "Баспасөз және бизнес" деген секция бар. Бұл секцияда аталған мәселелер талқыланса деген ойдамын.

ЗАҢДЫҚ ШЕКТЕУЛЕРДЕН ГӨРI , IШКI ЦЕНЗУРАМЫЗ КҮШЕЙIП БАРАДЫ

- Жақында Халықаралық сөз бостандығы күнi аталып өттi. Қазақстандағы сөз бостандығы жайында не дейсiз?
- Cөз бостандығына келер болсақ, мен заңдарға қатысты шектеудi емес, өзiмiздiң iшкi цензурамызға қатысты дүниенi айтқым келедi. Бұл - бiздi қатты алаңдатады. Менiңше, Қазақстанның заңнамасы кез келген қоғамдағы келеңсiздiктердi сынауға мүмкiндiк берген. Көбiмiзде Кеңестiк заманнан қалып қойған үрей бар. Екiншiден, бүгiнгi газеттерiмiздiң көбi билiкке экономикалық жағынан тәуелдi. Сондай-ақ, бiздiң журналистер құқықтық жағынан өздерiн өзi қорғай алмайды. Талай қазақ журналисiн жұмыстан қуып жатыр, бiрақ олар өз құқығын заң шеңберiнде талап етуге енжар.

- Соңғы кезде қазақтiлдi интернет журналистика қалыптаса бастады. Ондаған сайт пен жүзге жуық блогтар ашылды. Қай-қайсысының да интернет журналистиканы қалыптастыруда қосып жатқан өзiндiк үлестерi бар. Жалпы, бiздегi мерзiмдi басылым мен интернет журналистиканың арасындағы айырмашылық не, ал интернет журналистиканың даму деңгейiн қалай бағалайсыз?

- Осыдан бiр жыл бұрын "Abai.kz" сайтын ашқан кезде, орыстiлдi әрiптестерiм оның өмiршең болуына күмәнмен қараған едi. Олар қазақ тiлi мен интернет екеуiнiң арасын жақындату мүмкiн емес деген болатын. Мұның өзi бiздiң намысымызға қамшы басқаны рас. Содан берi интернет әлемiнде бiрнеше интернет сайт дүниеге келдi. Олар - "minber.kz", "Zamandas.kz", "arhar.kz", т.б. Бұған дейiн орқырманның көзайымына айналған - "Massagan.com" порталын айтайық.
Бүгiнгi күнi дәстүрлi медиа - газет, телеарналар интернетпен байланысын күшейтiп келедi. Интернет арқылы халықпен тiкелей байланысуға мүмкiндiк алды. Сайтқа суреттер мен видеоны, аудионы қосып қою арқылы жаңа бiр қырынан танылуға мүмкiндiк аламыз. Қазiр Абай порталы интернеттегi орыстiлдi баспасөзбен тайталасып бiрге келедi. Сайттардың күнделiктi статистикасын берiп отыратын компанияның дерегiне қарасақ, "Abai.kz" өзге қазақтiлдi сайттардан оқ бойы озық келедi. Алдымызда орыстiлдi 11-12 сайт қана бар.  Болашақта ауыл интернетке қосылатын болса, қазақтiлдi сайттарды тұтынушылардың саны арта түсетiн болады. Ал, орыстiлдi ақпараттың тұтынушылары азая бередi. Бұл табиғи құбылыс. Әсiресе, Моңғолияда, Қытайда, Өзбекстанда жүрген бауырларымыздың Қазақстанға көптеп оралуымен қазақ тiлiндегi ақпаратқа деген сұраныс та көбейе түседi.

БIЗДIҢ САЯСИ МҰРАТЫМЫЗ - ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ МОЙЫН БҰРҒЫЗУ

- "Тiлдердi дамытудың" тағы он жылға арналған бағдарламасын қабылдағалы жатырмыз. Бұл бағдарлама бойынша, Қазақстан ендi 10 жылдан кейiн қазақ тiлiне бiржола көшедi деп сендiрдi Үкiмет.
- Бұған дейiн билiк қазақ тiлiн толыққанды мемлекеттiк тiлге айналдыру жайында нақты мерзiмдi айқындамаған едi. Бұл жолы ендi он жылда қазақша сөйлеймiз деп отыр. Бiз осы бағдарламаның нақты және жақсы болуы үшiн атсалысуымыз керек. Бiздiң ендiгi мiндетiмiз - билiктiң осы уәдесiн үнемi есiне салып, ескертiп отыру. Билiк сонда ғана халық алдында берген уәдесiнен таймайтын болады.
Билiк осыдан 3-4 жыл бұрын "ұлт" деген сөздi айтудан қашқақтайтын, оның орнына басқаша баламалар iздейтiн, мәселен, "ел, халық" деп сөйлеушi едi. Қазiр бұл ұғымды барлығы батыл қолдана бастады. Демек, белсендiлiктi өзiмiз танытуымыз керек. Билiк сонда ғана халықпен санасуға мәжбүр болады. Айталық, былтырғы жылы "Ел бiрлiгi доктринасының" қабылдануына табанды қарсылық көрсетуiмiздiң арқасында қазiр доктринаның жаңа редакциясы қабылданатын болды. Бiз өз уәждерiмiздi дәлелдеу үшiн сағаттап келiссөз үстелiне отырдық.
- Дегенмен, бiздiң ұлт зиялыларының билiкпен келiсiмге жиi келуi ненi көрсетедi?
- Бiздегi саясаттың мақсаты мен мазмұны не? Егер, саясаттың мазмұны мен мұраты - билiктi белгiлi бiр нәрселерге көндiру, бейбiт жолмен дiттегенiңе қол жеткiзу болса, онда оны "келiсiмпаздық" емес, саясат деуiмiз керек. Бiрiншiден, билiк бұл жолы 20 жылдың iшiнде бiрiншi рет ұлт патриоттарымен бiр үстелдiң басында отырып, келiссөз жүргiздi. Өздерiнiң бiраз ұстанымдарынан бас тартып, бiздiң бiраз ұстанымдарымызды қабылдады. Сөйтiп, мемлекеттiк саясаттың бiразын өзгерттi. Менiңше, бұл - үлкен жетiстiк. Бастамасы бар, қалғаны - өз қолымызда.
- Рахмет.

 

Әңгiмелескен Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Сұхбат ықшамдалып жарияланды.

«Түркістан»,

№20 (826)
20 мамыр
2010

 


 




Қос тілділіктің қазақтың сорына айналғаны қашшаннан бері емес пе? Ол аз болғандай енді үш тұғырлы тіл шықты. Бұл үш тіл үш басты айдаһардың тіліндей сумаңдап жайлап барады.



барлық жерде "Сен менімен қазақша сөйлес" деген ұран тастау керек



Жалпы, кез-келген мәселенi екiге бөлiп қарастырамыз, сөйтемiз де қазақ тiлiндегi дүниелердiң барлығын төмен деушiлiктен арыла алмай келемiз.
************************************

Нақ осы, "төмен деуді" насихаттаушылардың бірі өзің емессің бе, сәуегейім



Айдос: "Қос тілділік қоғамның бағына емес, сорына айналады" деп, қазақстандық қоғамның болашағына теріс бал ашып алады да, іле "Болашақта ауыл интернетке қосылатын болса, қазақтiлдi сайттарды тұтынушылардың саны арта түсетiн болады. Ал, орыстiлдi ақпараттың тұтынушылары азая бередi. Бұл табиғи құбылыс. Әсiресе, Моңғолияда, Қытайда, Өзбекстанда жүрген бауырларымыздың Қазақстанға көптеп оралуымен қазақ тiлiндегi ақпаратқа деген сұраныс та көбейе түседi", - деп, "құмалағын" басқаша сөйлетеді.
Осылайша, өз сөзін өзі жоққа шығарып сөйлей беретін А. Сарымның айтқандарының біріне "жіп" байлап, "осынысы жөн екен" деп пікір білдіру, сірә, оқырмандарға да оңай емес шығар.



ДҰрыс түсінбепсің! Мұндағы қос тілділік сорымыз дегені орыс тілі біздің сорымыз дегені. Ал орыс тіліне сұраныс азаяды дегеніміз де шындыққа жақын сөз! Сөзіңе қарағанда сен қос тілділіктен бір тілділікке өтуді қазақ тілімен ғана байланыстыруға қарсы орысшыл келімсектердің жолорта туындысы көрінесің!
Қазақстан тек қазақ тілі. Ал басқа тілді әркім өз қалауын қарай үйренсін.
Қазақ тілінің мерейі үшін күресуге дайын бол. Оның жолы Қазақ тілін күшейтетін, орыс тілін құлдырататын іспен нақты шұғылдану. екі тіл қатар тұра алмайды. Біреуі біреуін жеп тынады. Қазақ тілін орыс тілі жеп қоймауы үшін орыс тілін барлық жерде шектеу керек. Орысша оттағандардың аузына ұру керек.



Өйдөйт демейсің бе! А. Сарымның бір-біріне кереғар, қисынсыз сөздерін данагөйлердің пәлсапасына ұқсатып, оған салиқалы пікір білдірген авторға "дұрыс түсінбепсің!" дүрсе қоя беріп, онымен тынбай "...орысшыл келімсектердің жолорта туындысы көрінесің!" деп даттаған сарымшыл байғұс-ау, жағымпазданбай жайыңа тұрсаң қайтеді,а?



Пікір алынып тасталды!



Жоғары биліктегілердің еркіне салсақ, алдағы 10 жылда да бәріміз қазақша сөйлеп кетпейміз. Өйткені Үкіметтің бұл бағытта жүргізіп жатқан саясаты көңілден шықпайды, ал ал басында отырған азаматтарда ұлттық мінез жоқ. Ал мұндай кадрмен жақсы жетістіктерге жете қоямыз деуге үміт аз. Сондықтан жергілікті жердегі ұлтжанды жандар, атқамінерлер, биліктің,мекеме-ұйымның құлағын ұстап отырғандар Астанаға қарайлай бермей (ол жақтан белсенділік күте-күте шаршаған жоқпыз емес пе)қазақ тілінің күш алуы үшін өздері қолдан келгенше азаматтық қайраткерлік көрсетуі керек. "Қазақстандық" деп сарнай бермей, ең бірінші "қазақ", "ұлт" деп сөйлеуге дағдыланғаны дұрыс.

Иә, бізде заңда мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілді білуі міндеттелмеген,бірақ қызметке алар кезде қазақша сөйлейтіндеріне басымдық беріп отыру керек. Бұл ешқандай заңға қайшы емес. Бұл орыстілділерді қазақша үйренуіне ықпал ететін бір фактор. Жұмыс барысында, өмірде осындай ықпал етуші факторларды жиі падалану керек. Керек кезінде тізеге салып жібергеннің де артықшылығы жоқ. Онсыз іс жүрмейтінін ұғатын кез жетті.

Заңда "Жарнама мемлекеттік тілде берілсін, ал орысша беру-бермеу әркімнің өз еркі" деп белгілеу керек. Біз "екі тілде" деп мәймөңкелейтін уақыттан өтіп кеттік. Мәймөңкелеуден мүйіз шықса, қазақтың мүйізі баяғыда-ақ сала құлаш болар еді ғой.

Жалпы, кейінгі кездегі ұлт интеллигенциясының іс-әрекеті құптарлық, бірақ өз басым әлі де пәрменді іс-әрекеттердің жетпей жатқанын сеземін. Ең бастысы,әзірге атқарушы билік те, қалың қазақстандықтар да мемлекет иесі қазақ екенін сезіне алған жоқ, сезіндіре алмай жүрміз.

Сабырбай



Қазақстанда Прагадағы Азаттық.орг тен басқа таза қазақ тілді, еркін, шынайы, қажетті ақпарат құралы жоқ. Абай.кз де аяғын аңдып басқан, сөзін жұтып сөйлейтін, аптасына әрең бес-ақ күн істейтін, жақсы материялдар сирек жарияланатын, ауызға қақпақ қоюды дәстүрге айналдыра бастаған көп сайттардың қатарында. Басқасынан жақсырақ шығар, бірақ Абайы емес, Абайлағыш, секемшіл, қорқақ, "әдепті"!



Азаттық.оргің құрып кетсін. Хиджабтан басқа айтатын әңгімесі жоқ сорлылардың қашан көрсең бір сол тақырып. абай кз халықтың ойндағысын жазады. Еркін пікір алмасуға рұқсат береді. Талай жуандар келіп сұқбат беріп жүр. азаттық орг дегенің бір үрген ит ылғи оппозиционерлердің сайты. Ол жерді Президентке түкірушілердің пепельницасы деп айтса болады.



Бауырым, бұл керауызға жауап жазып несіне уақыт шығындап отырсың? Көре алмай көртышқаншылап жүрген біреу ғой. Абай.кз былтырғы күзден бері "қара танитын" бар қазақтың бас салып оқитын порталына айналды емес пе? Біз білеміз, білген соң айтамыз.



мамырдан бастап оқитындар азайып кеткен жоқ па!



Талай жуандар келіп сұқбат беріп жүр.
-----------
Oyprim sawlem, keremet eken! Ultting hanin sorip jwandaghan bit sekildi sol juandaring attan jighilip moyni nege uzilip olmeydi! Omirdi bilgamay.



Орыстар мен орыс тілділер қазақ тілі үстемдік алып кетеді деп қорқып, алдымызды орап жалған ақпарат береді. Бұл да пси-технологияның бір түрі. Қос тілділіктің зиянынан бір мысал келтірейін. Өмірде болған оқиға. Бір пациентіммен қазақ тілінде сұхбаттасам, ол айтады: (өзі қазақ, қазақ мектебін бітірген, облыс орталығында тұрады) Мен әуелі орысша ойлап, сол сөзімді қазақша аударып барып сөйлеймін дейді. Міне біздің жеткен жеріміз.
Өйткені азаннан-кешке дейін есітетінің орыстың сөзі. Теледидардан да, басқа ақпарат көздерінен де. Мамандығыңа байланысты қазақ тілінде ғылыми әдебиет таппайсың. Олардың өзі де аударма. Шала дүние. Бұл біздің жәйбасарлығымызды көрсетеді.
Мысалға практикалық психология саласын алайық. Астанада, Алматыда аты дардай осы саладағы ғылыми-зерттеу институттері бар. Егемендік алғаннан бері практикалық психология саласынан кітап түгілі, бір брошюра шығарғанын көрмеппін. Шығаратын кітаптары жүз пайыз орыс тілінде (мен медицина саласын сөз қылып отырмын). Дәрістері де, сабақтары да орыс тілінде. Дайын асқа - тік қасық принципін ұстанады. Мұны жөнге салар министрліктің басқа шаруасы бастан асып жатыр.
Ал өзімнің аударған кітаптарымды бастырайын десем, қол қысқа. Қаржы жоқ.



Кітабыңыз дайын болса, мемтапсырыс алатын баспаларға хабарласып көріңіз. Олар басатын дені дұрыс кітап таппай отыр осы күні. Ақын жазушылардың қырық жыл бұрын жазғандарын қайталап баса бергеннен баспалар еш пайда тауып отырған жоқ. Сондықтан "қол қысқа" деп лажысыздыққа салынбай ізденіп көріңіз.



Рахмет! Мұны да байқап көрейін.



Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
айдостың 20 жылдан кейін маңырағанына жол болсын!
Қостілділік дейді.
Қай жерден қостілді орыс пен қараорысты көрдіңдер? Бұл иттердің бәрі біртілді!
Қазақтар мен орыстан өзге етникалық топ өкілдері ғана қостілді.
Қазақтар әлі күнге дейін қожайындарының тілінен шыға алмай отыр.
Осыны ашық айтып, мойындаңдар.



Айдос Сарым: ҚОСТIЛДIЛIК ҚОҒАМНЫҢ БАҒЫ ЕМЕС, СОРЫНА АЙНАЛАДЫ

өте тамаша тұжырым!!!



Менің ұлым Кеңес үкіметі құлайтын жылы дүниеге келген,қазір 19-да.Қалада қазақ тобы болмай,орыс обына бердім.2жыл орыс тобында болса да бір орысша сөйлемеді.Тәрбиешісі орыстың дұрыс қызы болды,баламды "партизан"дейтін,себебі орысша сөйлемейді.Таныс іздеп қазақша балабақшаға зорға ауыстырдым.1-ші күні балам ертегі айтып келді.Орыс топта талай ертегі айтылған шығар,бірақ балама ол әсер етпеді.Сонда 2жыл балам қандай күйде болды екен оны түсіндіре алмаймын.Мектепке келгенде "Әліппені"оқи білді.Егер мен кезінде қазақша топқа аудармасам балам мәңгүрт болар еді деп ойлаймын.Бала оны түсіндіре алмайды ғой.5жасында кей кезде орысша сөйлеу керек болса,"Мен Қазақстанда тұрамын,неге орысша сөйлеуім керек" дейтін.Қазір орысша білмеді дей алмамын.бәрін түсінеді,сөйлейді.Тіпті ағылшынша сайрайды.Сондықтан тіл мәселесіне әр қазақ жауаптымын деген сана қалыптасу керек.



Ассалаумағалейкүм ! Айдос Сырым өте орынды жауап, нағыз қазақтың бірі сіз қолдаймын.



Орыс тілінің зияны жоқ. Қазақ тілін жөнге келтіру керек.Қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін ата- анамыз өзге тілден бір сөз қоспай, дұрыс сөйлеуімізді қатаң қадағалап отыратын. Ал, қазір тіліміз былығып кетті. Алдыға, артыға, туылды, әйбәт, мәрте, һәм, мүбәрек, сынып, құқық, мәтін, т.б. Мұндай тілмен кім қазақша оқығысы келсін.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 11 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>