Айдос Сарым. Қазақтардың аяғы қисық па әлде намысы жоқ па? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Айдос Сарым. Қазақтардың аяғы қисық па әлде намысы жоқ па?

Жәрдемші


25 қыркүйек күні 2009-2010 жж. Қазақстанның шайбалы хоккейден ашық чемпионаты басталды. Осы кезге дейін командалардың тым аздығынан шайбалы хоккей еліміздегі «кенже» спорт түрінің бірі болып келгені ешкімге құпия емес. Қазақстан командалары өзінің шеберлігін жетілдіру үшін біресе Ресей біріншілігіне жармасып, біресе Континенталды хоккей лигасының есігін қағуға мәжбүр болды. Сондықтан да  шайбалы хоккей жанкүйерлері үшін осындай толыққанды чемпионаттың өтуі айтулы оқиға екені анық.

Республикамыздың алғашқы чемпионатына сегіз команда: «Қазақмыс» (Сәтпаев), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Горняк» (Рудный), «Ертіс-Павлодар» (Павлодар), «Барыс-2» (Астана), «Казцинк-Торпедо-2» (Өскемен), «Арлан» (Көкшетау) және «Бейбарыс» (Атырау) қатысады деп күтілуде. Чемпионатқа қатысушы командалар көктемге дейін сегіз айналымда өзара елу алты матч өткізіп, сәуір айында плей-офф сатысына шығады. Осы ақтық сыннан кейін Қазақстанның шайбалы хоккейден алғашқы турнирлік кестесі жасалып, ел чемпионы анықталады.

Чемпионаттың ашылу рәсімінде еліміздің шайбалы хоккей федерациясының басшылары өз қуаныштарын жасыра алмады. Федерацияның бас директоры Юрий Зверев: «Чемпионатқа осыншама командалардың қатысуының өзі біз үшін үлкен жетістік болып табылады. Біздің командалар күннен-күнге күшейіп келеді. Чемпионат басталысымен-ақ талай қызу ойындарға куә болатындарыңыз сөзсіз. Біздің әрбір команда Ресейдің еш командасынан кем емес, тіпті жаңа ғана құрылғандары да (айта кету керек, «Арлан» (Көкшетау) және «Бейбарыс» (Атырау) командалары дәл осы чемпионаттың алдында ғана жасақталып біткен болатын - М.А.). Келесі жылы чемпионатқа қатысатын командалардың саны кем дегенде төрт командаға толығады» - деп чемпионаттың ашылуына жиналған қауымға уәде берді...

Әрине, біз еліміздің тұңғыш чемпионатының ашылуын қолдап, оны үлкен жетістік ретінде қарастырамыз. Келесі жылы аталған сегіз командаға Петропавл, Орал, Теміртау және Шымкент командаларының қосылуын, қазақ шайбалы хоккейінің гүлденуін қалаймыз. Шайбалы хоккейдің футбол сияқты ел жанкүйерлерінің сүйікті ойнына айналуына тілектеспіз. Осы арқылы еліміздің ұлттық құрамасы әлем біріншіліктеріне қатысып, ұлтымыздың даңқын асыруға ат салысады деп сенеміз.

Алайда, чемпионатқа қатысушы командалардың құрамын мұқият қараған кезде біз мынадай бір «қызық» фактіге назар аударуға мәжбүр болдық. Қазақстанның шайбалы хоккей спортында қазақ ұлтының өкілдері мүлдем жоқ десе де болады екен. Өздеріңіз қарап көріңіздер:

«Арлан» (Көкшетау) командасы: бас бапкері - Дмитрий Главюк, бапкерлер - Андрей Марченко, Леонид Шиляев. Командадағы отыз ойыншының тек сегізі ғана Қазақстан азаматтары. Сол отыздың біреуі ғана қазақ - қорғаушы Руслан Мәмбетәлиев;

«Бейбарыс» (Атырау) командасы: бас бапкері - Александр Истомин, бапкер - Михаил Звягин. Командадағы жиырма сегіз ойыншының екеуі ғана Қазақстан азаматы. Жиырма сегіздің біреуі ғана қазақ - шабуылшы Арман Төлебердинов;

«Ертіс-Павлодар» (Павлодар) командасы: бас бапкері - Ерлан Сағымбаев, бапкерлер - Роман Кривомазов, Сергей Белкин. Командадағы отыз төрт ойыншының  он сегізі Қазақстан азаматтары. Отыз төрттің біреу қазақ - қорғаушы Дәмір Рамазанов;

Горняк» (Рудный) командасы: бас бапкері - Владимир Бородулин, бапкерлер - Ильдус Габдрахманов, Андрей Залипятских. Командадағы отыз төрт ойыншының жиырма бірі Қазақстан азаматтары. Командада бірде-бір қазақ ойыншысы жоқ.

«Казцинк-Торпедо-2» (Өскемен) командасы: бас бапкері - Александр Шимин, бапкер - Владимир Стрельчук. Ең тәжірибелі командада тек төрт шетелдік легионер ойнайды, қалғаны ел азаматтары. Командадағы алпыс үш ойыншының бесеуі қазақ - шабуылшылар Досжан Есіркенов, Ілияс Рамазанов, Алмаз Тілеубаев, қорғаушылар Дәулет Кенбаев, Нұрсұлтан Рақымов.

«Қазақмыс» (Сәтпаев) командасы: бас бапкері - Сергей Махинько, бапкер - Алексей Мышляев. Командадағы отыз ойыншының он үші Қазақстан азаматы. Командадағы жалғыз қазақ - шабуылшы Риант Омарбеков.

«Сарыарқа» (Қарағанды) командасы: бас бапкері - Олег Болякин. Командадағы жиырма алты ойыншының он бірі ғана Қазақстан азаматы, қалғаны ресейлік легионерлер. Командадағы жалғыз қазақ - шабуылшы Рүстем Есіркенов.

«Барыс-2» (Астана) командасы: бас бапкері - Юрий Михайлис, бапкер - Вячеслав Белан. Командадағы отыз бес ойыншының екеуі ғана шетел легионерлері, қалғаны Қазақстан азаматтары. Бұл қазағы ең басым команда. Құрамындағы жеті ойыншы өз ұлтымыздың өкілі - қорғаушы Данияр Ахметов, шабуылшылар Есмұханбет Төлепберген, Арыстанбек Әбдіқаров, Асхат Баубеков, Азал Мәмбетәлиев, Нұрлан Қабиев, Нұрсұлтан Белгібаев.

Ал енді кәдімгі қара есепке жүгінейік. Қазақстанның шайбалы хоккейден ашық чемпионатына нобайы екі жүз тоқсан спортшы қатысады. Оның жүз жетпіс жетісі Қазақстан азаматтары болса, тек он жетісі ғана қазақ ұлтының өкілі! Егер тек өз қандастарымыздан команда құру қажет болса, олардың саны бір толыққанды командаға да жетпейді екен. Ол команданы құрғанның өзінде бірде-бір қазақ қақпашысын таба алмайды екенбіз! Масқара емес пе?

Бұны не үшін айтып отырмыз? Айрықша айта кетейік: біз ешкімді алалағымыз не қорлағымыз келіп отырған жоқ. Ел командалары үшін ойнап жүрген Қазақстан азаматарының барлығын да патриоттар деп санаймыз. Алайда мәселе, біздің ойымызша, бұдан тереңірде сияқты. Бұл мәселе ұлтымыздың бәсекелестікке қабылеттігімен тікелей байланысты шаруа. Қазақ балалары, жастары ешкімнен де кем емес, қолына клюшка ұстап, коньки тебе алады. Баяғыда өзіміз де аулада шайбалы хоккей ойнағанда ешкімнен кем ойнамаған болатынбыз. Ендеше, бүкіл чемпионатта он жеті қазақ баласы ғана ойнап жүр дегеніміз елдігімізге сын емес пе? Неге біздің жас өркен балаларды ата-аналары шайбалы хоккей секцияларына апармайды? Әлде мұның біз білмейтін басқа да кілтипандары бар ма?

Естеріңізде шығар, сексенінші жылдардың аяғында, тоқсаныншы жылдардың басында дәл осындай жағдай Қазақстан футболында да байқалған болатын. Осыған жауап ретінде «Намыс» сияқты жалынды командалар шыға бастады. Сол кезде қоғамның, жанкүйерлердің сынынан кейін жағдай бірте-бірте түзеле бастады. Жақсы болсын, жаман болсын Қазақстан футболын қазақ футболы дейтін жағдайға да жеттік. Дәл осындай саясат шайбалы хоккейге де, басқа да спорт түрлеріне де жүргізілуі керек. Қарап отырсақ, қазақ жастары волейбол, гандбол, регби т.б. командалы спорт түрлерінде жоқтың қасы. Қазақтар тек төбелесті, күресті біледі екен деген жалпылама сөздер тарап кетті. Сол дұрыс па?

Ел боламыз десек болашағымызды ойлауымыз керек. Ертең қандай күн келерін, қандай заман туарын біз біліп жатпаймыз. Кезінде, мысалы, Өскеменнің «Торпедосында» ойнаған әйгілі қақпашы Овечкин командасын тастап, басқа мемлекеттің азаматтығын алған соң өз еліне қарсы шыққанын ұмытпайық. Ертеңгі күні ел чемпионатында ойнап жүрген командалардың ішінен овечкиндердің  шықпасына кім кепіл бере алады? Оның үстіне спортта жеңу үшін ең алдымен намыс керек. Ал ең асқан намыс өзімізден басқа кімнен табыла қояды?! Олай болатын болса, жаңадан жасақталып жатқан командаларға үлкен міндет жүктеледі. Мысалы, Шымкентте жасақталған команданы «Намыс» деп неге атамасқа? Жасақталған, көптен бері ойнап жүрген командалардың ішіне де қазақ жастарын тарту міндеті жүзеге асуы тиіс. Ең болмаса Астананың «Барыс» командасының жағдайын жеткізейік.

Жалпы алғанда шайбалы хоккей - спорттың нағыз төресі. Ол жекпе-жегі мол нағыз ер азаматтардың ойыны. Ал қазақ жігіттері жекпе-жектен қашан қашып еді? Егер қазақ аудиториясы осы спорт түріне баса назар аударса, хоккей ареналарына көптеп барып, қазақша сөйлеп, қазақша сыбап жатса, осы спорт түрі де қазақшаланады. Осы спортқа біздің қазақ баспасөзі де, теледидары да айрықша назар аударуы керек. Ел чемпионатының ойындары міндетті түрде теледидар арқылы көрсетіліп, оның трансляциялары қазақ тілінде жүргізіліп отыруы тиіс. Футбол комментаторларымен қатар шайбалы хоккей комментаторларының мектебі пайда болуы керек. Ел чемпионаты ғана емес, әлемнің ең үздік ойындары да Қазақстанда қазақ тілінде көрсетілуі абзал. Ерлер демекші, бүгін әлемде шайбалы хоккей әйелдер арасында да керемет дамып келеді. Бәлкім, жігіттеріміздің қолынан келмесе, спортты дамытуды ержүрек қыздарымызға тапсырармыз?

 

«Абай-ақпарат»

 


 




Ойланатын нәрсе екен. Өз басым хоккейді ұнатпаймын. Туған-туысқандарымның, таныстарымның көбісі ұнатпайды. Ауылда жүргенде осы спортқа деген қызығушылықты көрмедім. Негізінен хоккей жағдайы бар қала балаларының ғана үлесінде келген ойын ғой. Мықты спортшылар негізінен ауылдан шығады. Ал ауылда хоккейді ешкім ойнамаса қаладағы хоккейге қазағым қайдан келсін? "Намыс" командасын құру туралы идея жақсы екен. Кім біледі, бәлкім қазақтар да іліп әкетер.



Қызық екен. Алматыда ешкім хоккей ойнамай ма? Әлде Алматы хоккейі Храпуновпен бірге Швейцарияға ауысып кетті ме?



О-о, саястатанушы, ойшыл публицист, тек саясат тақырыбында тұрақты жазатын Сарым мырза, спор тақырыбына хош келіпсіз!



Мен Астанада Дархан Калетаев пен Асқар Маиннің хоккей ойнап жүргенін көргенмін. Былай екеуі де жаман ойнамайтын сияқты. Бірақ Асқар айқайлап, жығылып сүрініп ойнайды екен. Ал Калетаеев болса, дыбысын шығармайды екен. Ол тегі үндемей жүріп құртатын пәле сияқты ғой бәрін...



Makalada aitylgandarga kosylamyn. Hokkeidi damytu kerek



Макала асерли, намыска тырысуымыз керек, казак мыкты халык кой!



Айдос Сарымды ұлтымыздың қышыған жерін дөп басатын тамыршысы деп бағалаған жөн. Ертең оргтехникалар саудасымен айналысатындар неліктен қазақтар емес деген сауал қойса, ол да жөнді мәселе болмақ. Ал командаларға келсек, бекерде орысша ойлап, орыс балалармен қосыла ойнап титықтап өскен қаладағы қазақ баласының босбелбеу бишаралығы десек болар. Сосын негізінен орыс, еуропалық ұлтынан жасақталатын бапкерлердің қазақ баласын әсіресе қысқы спорт түрлеріне жолатпауға тырысатыны рас қой. Мен өз басым қазақ боксы мен зілтемірі, ішінара күресі болмаса, басқасына аса қызынып жанкүйер болуға құлқым жоқ. Себебі, ақша үшін жүрген легионерлер - менің шынайы намысым емес.



Міне, дұрыс. Осындай мәселерге де қозғау сала беру керек. Бұл мәселені керек десеңіз Спорт және туризм министрлігінің деңгейінде көтеріп еліміздегі спорт түрлерін дамыту жөніндегі бағдарламаға енгізу керек. Қазақтың балалары артық күшін төбелеске, араққа жұмсағанша хоккей ойнасын. Кезінде орыстың даңқты хоккейшісі Варламов спорттың осы түрін бұқаралық спорт түріне айналдырып, орыс баласының қолына ключ ұстатты ғой. Біздің олардан неміз кем?



Айдос аға тек алға!



bolar edi. Atten tonnyn keltesi dep, auyl balasy tek suretin korumen gana shektelip otyr.



Адам қай нәрсені болмасын өз басынан, өз жанұясынан бастауы керек. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп қазақ тегін айтпаған. Баланы кішкентайынан спортқа баулысақ, спорт жанашыры боп спортқа демеушілік көрсетсек дәл қазір бұлай егіле сөйлеп отырмаған болар едік...



хоккейге кезек келер! 1-ші күресе алмай жүрген қазақ, хоккейден чемпион болады деген ешкімнің түсіне кірмес.



Өй мынау АЙДОС САРЫМ деген жігіт емес, мігіт екен!!! Сеніңіздер сөзіме!

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
6 + 11 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>