Айдос САРЫМ. «Ит үреді, керуен көшеді» | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Айдос САРЫМ. «Ит үреді, керуен көшеді»

Жәрдемші


Күні кеше ғана қабылданған 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту бағдарламасына ресейшіл «ЛАД» қозғалысы да өз пікірін білдіріпті. Оны пікір, не болмаса ұсыныс деуге де болмас: үйреншікті, күнделікті күңкіл. Күні өтіп, заманы аяқталып бара жатқан ұйымның «піштуі». Қорыта айтсақ, шарасыздық пен мазмұнсыздық. Жалпы алғанда, «ЛАД» қозғалысының бұл мәлімдемесі ұйым басшылығының иісі қазаққа деген  жеккөрініш сезімі мен шовинистік көзқарасын тағы да әшкерелегендей болды. Екі сөзінің бірінен мемлекетке, елге, оның тілі мен мәдениетіне деген жиіркеніш сезімі, мойындамау, менсінбеу лебі айқын сезіліп тұр.

Қозғалыс басшысы М.Крамаренко қабылданған бағдарламаны «әсіреамбициялық һәм популистік» деп бағалап, оның орындалуына күмәнін келтірген екен. Сондағы айтатын бар уәжі - билік мемлекеттік тілді батыл ендіре бастаса, орыстар елден кетіп қалады, сонда қазақтың күні қараң болады дегенге саяды. Бұдан әрі Крамаренко жауырынға қарап, «жағдай ушығып, Қырғызстандағыдай жағдай орнайды», - деген сәуегейлік айтады. Қарапайым тілмен айтсақ, «ЛАД» қозғалысы біздің билікке шантаж жасап, қорқытып отыр. Олардың қисынын тарқатар болсақ, билікті қолдап та, ұстап та отырған - орыстілділер. Олар болмаса не елден кетіп қалса, қазағым бірден билігін төңкеріп тастап, күлге аунатады-мыс.

Осыған орай, «орыс ұйымдарының осыншама таусылып, өмірден түңілуіне себеп бар ма?» деген сауал туындайды. Ойлап қарасақ, бағдарламада орыс тілінің не мәдениетінің қалпағын ұшыратындай ештеңе де жоқ. Керісінше, қазақтың зиялы қауымы мен қоғамдық ұйымдары құжатты әлсіз, пәрменсіз деп сынап жатыр. Қарап отырсақ, билік екі оттың арасында қалғандай әсер туады. Осы жағдайды талдап көрелік.

Өз басым бағдарламаны компромистік тұрғыда дайындалған деп білемін. Кез-келген ымыра қарсыласушы жақтардың ең қызуқанды тараптарының наразылығын туғызатыны белгілі. Осыны ескерсек, қазақ пен орыс ұлтшылдарының наразылығын түсінуге болады. Бірақ, осы екі түрлі, екі полюсті наразылықтың себептері мен табиғаты әр түрлі. Қазақ қауымы өз елі мен жеріндегі тілі мен мәдениетінің 20 жыл өтсе де дамымай отырғанына қарны ашады. Осы себепті де билікке қысым жасап, оны батыл қадамдарға итермелейді, күштейді. Ресейшіл күштер болса, орыс әлемінің Бальзактың шагрень терісіндей азайып, қысқарып бара жатқандығына қынжылады. Олар бүгінгі күні басынан шынайы мүмкіндіктер мен арман-қиялдарының арасындағы жүйелі дағдарысты басынан кешіп жатыр. Сондықтан да болар, олар осындай қисынсыз мәлімдемелерді таратуға құмар. Бұл жерде бір маңызды заңдылықты байқауға болады: қазақ ұлтшылдары да, орыс ұлтшылдары да дағдаруда. Олардың ұрандары бүгінгі күннің талабынан, шынайы күн тәртібінен кем дегенде 15 жылға кешігіп, артта қалып келеді.

Қарап отырсақ, мәселе жазылған сөзде емес, атқарылар істің ауқымы мен пәрменділігінде. Қазақ тілінің мәселесін алтынмен көмкерілген сөз емес, саяси жігермен қамтамасыз етілген нақты қадамдар шешпек. Қазақ тілінің болашағы тек қана биліктің қолында емес. Керісінше, қазақ қоғамның дайындығына, оның парасат-пайымының өсіп-жетілуіне тікелей байланысты. Қай мәселе болмасын, қоғамның талабы биліктің мүмкіндіктерінен биік, жоғары, кең болғаны абзал. Егер қоғам билікке тиісті пәрменмен қысым жасай алса, билік онымен санаспай қоймайды. Алайда, бүгінгі қазақ ұлтшылдарының басты қателігі - өз талаптарын, ұлттың мұң-мұқтажын тек қана тілдік мәселеге байлап қоюында. Оған, бәлкім, бүгінгі қазақ ұлтшылдарының гуманитарлық шығу тегі себеп болар. Алайда, тағы да қайталайын, қазақ ұлтының, мемлекетінің әрбір мәселеге 20-30 жыл арнап, оларды рет-ретімен шешіп отыратын тарихи уақыты жоқ. Бүгінгі күні тілдік мәселемен қатар ұлттық экономика, білім беру, денсаулық сақтау, саяси жүйені дамыту, құқық қорғау органдарын реформалау сияқты көптеген келелі мәселелерді көтерер уақыт жетті. Егер ұлттық мәселелердің дүйім көпшілігі тілдік мәселенің көлеңкесінде қала беретін болса, біз ұзаққа бара қоймаспыз.

Айта кетерлігі, орыс ұлтшылдарынан біздің көптеген артықшылығымыз бар. Оның ең бастысы - табиғи-демографиялық басымдығымыз. Бүгінгі күні мектепке аттанатын 2,5 миллион мектеп шәкірттерінің 70 пайызы - қазақтар. ЛАД-тың мәлімдемесіндегі бір қуантар жаңалық - олар өздерін "ұлттық азшылық" деп мойындап қалыпты. Қазақтың саны жыл сайын 1-1,5 пайызға асып отырса, орыстардың саны дәл осындай көрсеткішке азайып келеді.

Яғни, болашақ - қазақтікі, қазақ тілінікі. Ендігі мақсат - осы болашақтың саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. алғышарттары мен қажетті базасын қамтамасыз ету. Біздер еліміздің солтүстік облыстарындағы жағдайды да ескеруіміз керек. Қазақстанның ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық пікірге Ресей БАҚ-тарының тигізіп отырған ықпалын азайту, шекаралас облыстардағы қандастарымыздың санын еселеп арттыру мәселелерін шешпей жатып, біздер тіл саласындағы сапалы секірісті жасай алмаймыз. Егер көрші ел Грузиядағы не Қырғызстандағы сценарийлерді біздің елде жасап жіберетін болса, оңбаймыз. Елдің тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келеді. Яғни, қазақ ұйымдарының жаңа кезеңдегі саясаты намыс пен парасатты түйістіруден басталуы тиіс. Саяси сахнаға жаңа буын ұлтшылдары шығуы қажет. Осыған қол жеткізсек, ЛАД-тың лаңына "ит үреді, көш жүре береді" деп қарауға болады.

«Халық сөзі» газеті, №7 (27.08.2010)

 


 




Орыс тилинен кеткенимиз оте дурыс, бырак агылшын,немесе кытай тилинин корасына кирип кетпейик,содан сактанаиык.



Көптен бері мен қалап едім, сенімен сөйлесуге, менің қымбатты достым! Ешбір уақыт болмай жүр еді, енді кез келді сөйлесуге уақытым. Ең әуелі саған бастап айтамын қыр елін құтті болсын деп бағасыз һидиятларыңыз.
Сіздерге не жестпейді? Сіздер турасыздар, кен, жақсы пайдалы қырдың ішінде. Қай жерлеріңізде бар-дур, жақсы, әйбәт, тұнық, таза сулар һәм әр түрлі өсміш пайдалы шөптер һәм бар-дур, сіздердің сондай көшіп жүрулеріңізге лайықты қылып жаратмыш тауларьңыз. Айтылмыш таулар мен қырлары да бар. Үшбу қырда, сақтанады-дур, өзіңіздің неше он мындай малдарыңыз қыскүні қатты болатұғын борандардан һәм жаз күні маса мен ыстықтардан, Бірак керек-дур намаз оқып, шын ыкыластарыңызбен алла тағалаға ризалықтарыңызды айтпақтық, барша кадіретімен жаратылмыш жер үстіндегі пайдалы өсміш нәрселеріне, әр нешік қылынмыш рахметтеріне һәм тиісті-дур дұға қалмақтық, барша кырының жаһұтында болғыш ұлақтарыңыз үшін һәм қайырылып қараңыздар 20-ыншы, З0-ыншы, 40-ыншы өтмыш жылдардың ішінде болмыш замандарыңызға. Сол мезгілде не өзлеріңізде бар еді һәм не қылынбаушы еді, далаңыздың ішінде Әбуханнан бастап Алатауға шейін һәм Есілмен Шуға шейін. Айтылмыш жүруші еді, егін сықылды қылып, зеңбіректің арбасының доңғалағы. Егінді бастырып тегістерендей қылыл болып кетуші еді. Барша жүрміш ұрлықшы, барымташылардың аттары тұя қтарымен һәм үшбу жерлер айтылмыш сол уақыттарда көрніп тұрушы еді, қу дала, ку медиендей болып, ешкім тұрып жүрмегендей болып. Бірақ баз бір мезгілдерде аспаннан шаң көрінуші еді, неше мындай жүрміш құландар мен киіктердің жүргендерінен ғана. Енді үшбу мезгілдерде айтылмыш жоғарғы жерлердің баршалары көшпелі халықтармен толып, тыныштык, татулықпен тұрысып жүр. Кай жерлерінде болса да топ-топ жайылып жүреді, малдары һәм көрінеді-дур қатар-қатар отырған ауылдары аппақ үйлерімен һәм жақсы лайықты жерлеріне егін салғандар. Айтылмыш егіндері жақсы болып өсіп-өсіп тұрады һәм бұлардың арасында бірге есіп шығып тұрады тәтті бидай. Ушбу мезгілдерде қыр халылқтары салмыш егіндері арқылы өз нандарын жейді һәм айталмыш қазақтар өздеріне керекті қажеттерін алған соң артығьн жанжақтағы тұрмыш орыстарға апарып сатдды.
Үшбу мезгілде қыр казақтары өздерінің байлықтарымем асырайды, неше миллион адамдарды етпен, маймен. Осылары арқылы миллион ақшаларьг бар Мәскеу байларынан шығартады. Бұларын һәм бұлар арқылы қырдың жайын білетұғын болды Европа халықтары.
Осылай қылып алла тағала өз еріктерімен еш нәрсені білмей жүрген қыр халықтарын үшбу мезгілдерде құдіретімен жақсы пайдалы жайларға түсіріп жібереді. Бірақ енді керек-дур қаламақтық, бір-біріңізбен сіздер тату, тыныш тұрмақтықтарыңыз һәм дау, жанжалдарға айналмай һәм бір-біріңізге ор қазбаңыздар. Қай орға көре алмағандық, қастықпен біреуді түсіреміз деп ойламаңыздар. Егерде татулық, тыныштықпен тұрсақ һәм біз оның барлағына көзімізді салмасақ, ризалығымызбен шүкір алла қылсақ, алла тағаланың бергеніне әлбетте, сол мезгілде жақсы 6олып, тыныш болса керек. Осылай болған мезгілде тәтті тағамдар ішліп,тыныш ұйықтап, еш нәрсе кетермесе керек.
Енді бір уақыттарда тағы да сөйлесерміз, өтміш һәм болмыш нәрселер турасынан. Қазыр осы да болар, саламат бол, менің достым.



дұыс айитасыз Айдос аға.ит үре берсін,бырақ қазақ керекуені мимырттап ақырын болсада алға жылжып келеді.мұнің өзі бізге демеу,қуанш.алайда осы бағадарламаның қалай атқарылатынын,қалай бақыланатынын қазақ ұлтшылдары ғана емес,бүкіл қазақ болып қадағалау керек."іс бітті,қу кетті!"деп ертең Карим әкам кетіп қткенде жауап беретін адам жоқ,аяғы жоқ болмасын.



Мен түсінбедім, мұнда қай бағдарлама туралы айтылған? Біздің елдегі тілдерді дамытуға арналған 2011-2020 жылдарға жасалып жатқан бағдарлама әлі қабылданған жоқ емес пе? Кеше ғана оған 1 қазанға дейін түзетуге уақыт беріп жатыр еді ғой...



НЕ надо бояться, что кроме русских в Казахстане жить будет некому - желающих хватает, и киргизов, и узбеков, и корейцев, и китайцев. Тем более представители этих нации не страдают комлексом старшего брата, спокойно и без одолжения изучают язык страны, в котором они живут и зарабатывают хлеб. Вчера лицезрела такую картину. В одном из торговых домов в Самале (Алматы) сидят продавщицы -кореянки и зубрят казахский, причем, акцент у них практически отсутствует. Такую же картину наблюдала у родственников, к которым в гости пришли их компаньоны-китайцы. Они проявляли неподдельный интерес к языку и культуре казахов. Лет через десять, конечно, их дети ассимилируются с нашими, но что в этом плохого, восточные народы, азиаты, генетически они все равно ближе нам, чем славяне.



Ол програм (бағдарлама -ориентировка) әлі қабылданған жоқ, бірақ өңірлерде ресми түрде, жбық жағдайда жаттанды жолмен "талқылануда", Егер Лад секілділер дауыстарын қаттырақ шығарса, әлгі програмда қазақ тілі пайдасына "әнтек" айылғандары өшіре қою тактикасы бар. Бір қызығы, тіл,тіл де қақсап жүрген қазақтар әлі дыбыстарын шығарған жоқ.Шамасы, сол жобаны түсінбей жүр ау деймін.Ал, Қазақ газеттері тіпті, үнсіз,болмаса жалған қуаттаумен жалбақтап жатыр. Төркініне мән беріп отырғандар жоқтың қасы. Нәтже не болмақ? Өзіңіз бағамдаңыз, ұлтшыл мырза!



Орыстар ақылы болса қазақты сыйлап, сол арқылы өзін де сыйлатып, өмір кешкені дұрыс қой. Менің білетінім, менің балам ешқашан орыс тілінде шүлдірлемейтін болады. Яғни Қазақстанның ертеңі қазақ тілімен тікелей байланысты. Сондықтан ойланарға ми болса бүгіннен бастап, қазақ тілін үйренсін, диаспоралар!



Алдымен қазақты қазақ сыйласын! 25 тамыз күні Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен бір конкурстық комиссия профессор, доценттерге жариялаған ваканттық орынға құжат тапсырған (қытайдан келген кісі ғой деймін) бір ғалымды "сіз оралман екенсіз, қабылдай алмаймыз" деп шығарып жібергенін көрдік. Онда ұлттық өнер университетіне шетелден келген оралман ғалым лекция оқымайтын болса, орыс пен кәріс қатыратын болғаны ғой.



Шынымен солай болды ма



Айдос,санасы бар адам екен.Жай,бетімен кеткен,ура патриот емес.Нақты не керек екенін айтады.Дұрыс айтады,бізге қырғыз бен гүржі сценариі жараспайды.Өйткені төңкеріс болып қалса,бізде ұлтаралық қақтығыс емес, руаралық қақтығыс басталады.Анау жолы Мұхтар Шаханов бірнеше мысалдар келтірген екен,оның айтуынша 90-шы жылдары Оңтүстік Қазақстанда әр ру өзіне президент сайлады.Аллаһ сақтасын!Сонда Нұрсұлтан Назарбай осыны ескеріп,Коституцияда руга бөлінушілікті қылмысқа теңеді,Нұрекеңнің осы ісін құптадым.Айдос бауырымыз да өсынын түсінгені қуантады.

Ереке,Көкше елі



Айдос! Әп әдемі жігітсің және жассың. Семіріп кетіпсің, просто неприятно! азсайшы! Дүйсенбі, сәрсенбі; жұма кундері 15-18 сағаттар аралығында орталық жүзу бассенінің фитнес залында күтемін. Тас, гір көтертемін. Абзал.



Өзім жыл сайын бірнеше кісілерге балаларыңды қазақ мектебіне беріңдер деп кеңес беріп жүрмін. Соның арқасында ол балалар қазақша оқып жүр. Жақында дәл осындай жарнаманы теледидардан көрдім. Сондай жарнамалар көбейсе шіркін! Абзал.



Жанагы дур-дур деп пыкыр жазган кым болды екен? Казакша жазды ма, жок ерте чагатайша жазды ма? Жауап берындершы.



Осы русские в кзахстане атты сайт үнемі қара аспанды жерге төндіріп, болмағанды болдырып, жаңбыр жаумай су болады да жүреді. Қазақ халқына, жалпы орыс емес халықтарға, оның Ресей ықпалынан тыс өркендеуіне аса қарсылығы байқалып тұратын, бір тырнағын ішіне бүккен сайт екендігіне кірген адамның көзі бірден жетеді.



Жалпы тілдің маңайындағы қисынсыз жайлар, турасын айтқанда адам басына симайтын масқара тек біздің елдің басына жазылған ба? - дедім. ана жерге үңілсең де масқара, мына жерге үңілсеңде масқара, ана ұлттың жайын, бір сайқалдың байын ренжітпейік дегеннен елдік бола ма? Бағдарламасы несі? Біздің елдің бағдарламасы-ақ бітпейді. Енді қалғаны іштегі жатқан ұрықты мемлекеттік тілге баулу бағдарламасын шығару. Ертең оны да бір Қожанасыр ұсынып шыға келетіні анық.



Қарапайым тілмен айтсақ, «ЛАД» қозғалысы біздің билікке шантаж жасап, қорқытып отыр. Олардың қисынын тарқатар болсақ, билікті қолдап та, ұстап та отырған - орыстілділер.

/////////////////////////////////////////////////////////////////////

Әрине олар осыны айтады. Себебі бұл Сөз қайталанып отыр. Ал оны басында айтқан Назарбаевтың нақ өзі емес пе? Онда ол былай деп еді ;- "Қалайша мен, мені 91 пайыз қолдап отырғандардың сөзінде сөйлемеймін" деп...Ал ол өз кезегінде бұл "арнаудың" өзіне таяқ болып тиерін ойламады да, бірақ. Ал соңы міне!



"Жас қазақ үні" бұл бағдарламаның быт-шытын шығарып, "орыс тілі басым болса, қазақ тілі қалай дамымақ" деп сойып салыпты. Сол үшін "жазықты" болып жатыр екен... Газетті қолдау керек секілді.



Әрбір қазақ өз айналасында тек қазақша орта құру керек, яғни өзі қазақша сөйлеу керек, балдары қазақша оқып, қазақша сөйлеу керек, жүрген жерінде қазақ тілінің дамуына үлес қосу керек. Адам өзінен бастау керек. Егер бар қазақтың 75 пайызы осылай істесе, қалғандар қайда кетеді. Міне, сол деңгейге жетуіміз керек.
Қаракесек.



Мынандай тәсілдер жасау керек. Солардың тіліндегі сайттарда қазақ халқының кеңес үкіметінен көрген зобалаңдарын(қолдан жасалған аштық, репрессия) айтып жазып отыру керек және оларға кім екендіктерін түсіндіріп, отыру керек(мысалы, дүниедегі бар жетістіктер англия, америка, қытай, араб елдерінен келген. Әйтпесе,олар өздерін айналасындағы елдерді жарылқаушы ретінде көрсеткісі келеді. Соған айлалы, грамотно соққы беру керек. Қолданылып көрінген тәсіл. Орысша білетіндерің аптасына бір-екі рет болса да, осылай істеу керек. Олар дәлелденген фактілерді алдына тоссаң, қоя қояды, ары қарай тыртысуға дәттері бармайды.
Қаракесек.



Абай сайты әкімшілігіне! Қазақ халқының ел болып кетуіне қандай тағы кедергілер бар, міне осы бағытта жұмыстарыңызды өрбітсеңіздер. Елімізде ең қорқынышты нәрселердің бірі. Парақорлық! бұл індет мектеп табалдырығынан да өттіһкеніне бірталай болды. Мысалы ЕНТ мәселесі, 1 сыныпта 20 оқушы болса, соның төрттен үші ақша ұсынып, ЕНТТ көрсеткішін жоғары қылып алып шығып, кез келген оқу орнына түседі. Бұның астарында біраз қауіп бар! балабақшаға нәрестені орналастыру үшін 500 доллар пара беру керек екен. Міне блалар бақшасына да жетті. Бұндай кеңес заманында болған жоқ, шынын айтқанда.Басқа басқа, парақорлықтың мектепке жеткені қорқыныш ұялатады. Болашақ-бұлыңғыр!
Қаракесек.

Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 5 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>