Аффилерленген құрылымдардың банктерге ықпалы барынша төмендетіледі – ҚҚА (толықтыру) | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Аффилерленген құрылымдардың банктерге ықпалы барынша төмендетіледі – ҚҚА (толықтыру)

Жәрдемші


Аффилерленген құрылымдардың банктерге ықпалы барынша төмендетіледі - ҚҚА (толықтыру)

Астана. 2 қырқүйек. ҚазТАГ - Ирина Нос. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) басшысы Елена Бахмутова ҚР үкіметіне ашық немесе жасырын аффилерленген құрылымдардың банктерге ықпалын барынша төмендету бойынша заң жобасын таныстырды.

«Біріншіден, акционерлердің банктерге ықпалын шектеу ұсынылып отыр, оған сәйкес, банк холдингі мен ірі қатысушылар - жеке тұлғалардан басқа, бір де бір тұлға банк акцияларының 25 және одан көп пайызына тікелей немесе жанама түрде ие бола алмайды»,- деді Е.Бахмутова бейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, заң жобасында ұсынылып отырған барлық жаңалықтар өтпелі кезеңге ие.

Мысалы, банк холдингтері бойынша өтпелі кезең 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін, инвестициялық қызметке қатысты банк холдингтері бойынша өтпелі кезең 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін ұсынылған.

«Басты новелла - банк конгломератының құрамында банктік емес  ұйымдардың болмайтындығында. Бүгін тәжірибеде мұндай бар, сондықтан құрамында қаржылық емес ұйымдар бар конгломераттар олардан құтылу үшін өтпелі кезең беріледі», - деп түсіндірді Е.Бахмутова.

«Екіншісі - егер банктің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болса, оларға қосымша ресурстар мен тәуелді және еншілес ұйымдарды тиісті деңгейде басқара алатын қызметкерлер керек. Осыған сәйкес банктің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болса, оның холдингі болуға тиіс деген қосымша талаптар енгізіледі», - деді ол ҚазТАГ тілшісінің сұрағына жауап беру барысында.

Оның айтуынша, банктердің тәуелді қаржы ұйымдардың қызметіне ықпалын төмендету мақсатында еншілес құрылымдардағы директорлар кеңесінің банк өкілдері болып табылатын мүшелерінің санын 1/3 дейін азайту қарастырылған.


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
15 + 1 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>