450«жалған» дипломмен жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлер анықталды | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

450«жалған» дипломмен жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Жәрдемші


Диплом алып, маман атану кез келген мектеп бітіріп отырған жастың арманы. Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей көз майын тауысып, білім нәрін бойына жинайтын жастың 4-5 жылғы еңбегінің жемісі де сол диплом. Бір қарағанда бір жапырақ қағаз тәрізді көрінген құжат үшін қаншама отбасы бар жиған-тергенін басқа балаларының ау­зы­нан жырып, студент атанған бала­сына беріп, сол баласына үміт артып отыратынын көріп жүрміз. Бірақ біреудің төрт жылғы еңбегі кейде басқа біреудің сатып алған қағазымен теңесіп қалатынын қалай түсінуге болады? 450«жалған» дипломмен жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Бүгінде диплом сататын сайттардан аяқ алып жүре алмайсын. Мы­салы Ресейде төрт жыл бойы ең­бектеніп тұрып алған дипломыңның құны «жалған» диплом сатушыларда -2500 тенге тұрады екен. Және мұндай диплом жасаушылар дағдарыс кезінде біраз пайда тапқанға ұқсайды. Әсіресе,жақында Ресейдің сайттарынан «Сіз, өз дипомыңызбен жұмыс таба алмасаңыз, мекемеге орналасу үшін оқып, уақыт жоғалтып қайтесіз, бізден сатып алыңыз» деген жалынды жарнаманы көрдік. Ал Қазақстанның сайттарында жүрген ақпаратқа сүйенсек, 450-ден астам «жалған» диплом иелерінің мемлекеттік мекемелерде қызмет етіп жүрген жерлерінен жолдары кесілгені анықталған. Бұл арнайы Заңмен қудаланатын қадамға кімдер барды? Ол ақпарат қаншалықты рас? Егер шындық болса «жалған» дипломды біліксіз әрі білімсіз маман қызметке қалай тұрған? Бір қарағанда таңқаларлық жағдай. Екінші жағынан өте қауіпті, себебі жалған дипломды дәрігер немесе мұғалім мамандығы бойынша сатып алатын болса, не болады? Әрі қарай ойлаудың өзі қорқынышты. Білімді әркім өзі үшін алады, бірақ білімдінің елге берері «білекті әрі айлалыға» қарағанда әлдеқайда артық екені айдан анық.

«ТІЛ» Журналы #2 (19) ақпан | 2010

 

http://www.massagan.com/news.php?mod=news&id=4326&catid=4


 


Пікір қосу

  • Беттер мен электронды поштаның мекенжайлары автоматты түрде сілтемелерге айналдырылады.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жолдар мен параграфтар автоматты түрде тасымалданады.

Форматтау жайлы толығырақ

CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 10 =
Математикалық есепті шешіңіз.
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>