
Жаңаөзен оқиғасы ұлт азасына айналды. Жүректің басына қан қатты. Амал жоқ көндік. Жаңаөзендегі төтенше жағдай 30-ншы қаңтарда аяқталады. Мұнайшылардың содан кейінгі тұрмыс-тіршілігі не болмақ? Қанды оқиға санамызға төңкеріс жасай алды ма? Сабақ алдық па? Билік Жаңаөзеннен қандай қортынды шығаруы мүмкін? Бұл оқиға елдің басқа аймағында қайталана ма? Қайталанабасына кепілдік қандай? Оқиға қазақтың бөлінбейтін біртұтас екенін көрсетті ме, әлде әлі болса да жершілдіктің, рушылдықтың деңгейінен аса алмадық па? Қазақ баласы оққа ұшып жатқан да бейбіт күнде батыр көрінетін тұлғалар неге тұқырып қалды? Төтенше жағдайдан кейін Жаңаөзенге барша жұрт (көмектесуге, көңіл айтуға, істің нақты мән-жайын білуге) ағыла ма? Жоқ, өткен өтті деп тіршілігін жалғастыра ма бере ме? Билік төтенше жағдайды соза ма, уақытында алып тастай ма?
Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі жерде қоғам өзгерді ме? Өзгере ме?
Талқы-Форум осындай тағдырлы сауалдарға жауап іздейді. Сіз не дейсіз?
«Абай-ақпарат»
| Прикрепленный файл | Размер |
|---|---|
| 1324123446-686.jpg | 66.89 кб |



Ол елдегі саяси жағдайға байланысты. Құлбилік біреу қаһарланса, басын бұтына тығады, ал бағынышты біреуді көрсе есіріп кетеді. Елде қоғамдық-саяси бастамалар бас көтеріп отырса, бірнәрсе шешілер, болмаса шетінен соттау мен қорқыту басталады. Алматыдағы қалған-құтқан оппозицияны, бас көтерер бастарды дмолатады. Себеп: билік әлісерп келеді, әлсіреген сайын әлсіз нәрсе құтыра түседі.
Бірақ жаңа саяси күшті ширықтырады.
Осы сұрақ бәріміздің де басымызда тұр.Ұйқыдағы қоғам сілкіне ме, әлде бұрынғы марғаулығына басып,демала бере ме. Бір нәрсе анық. Ол, билік өзінің бет пердесін ашып тастады, халыққа - өз орныңды біл, мыңқылдама,әділдік,теңдік сенің не теңің, әйтпесе дүрелеп аламын деп отыр. Дүрелеп жатыр. Жаңаөзенге дейін теңсіздіктің барын білетін едік, бірақ үміт бар еді, айтсақ түсінер, халыққа бетін бұрар деген. 16 желтоқсан ол үмітіміздің тамырына балта шапты. Өкінішке орай, халық пен биліктің арасын құз жартас бөліп тастаған екен, өтерге көпір жоқ, халық билікті ести алмайды,билік халықты естігісі де келмейді. Көз алдымызға 37 жыл елестейді, интернет заманында сондай зұлмат қайталануы мүмкін бе. Ол қайталанбас үшін не жасауымыз керек. Егер 37 қайталанатын болса, ол ешкімді де аямайды, сол жүйені құруға үлес қосқандардың өздері де сол жүйенің құрбандары болған жоқ па. Атап айтпай ақ қояйық, олар миллиондап саналады.Ежов, Голощекин, Ягода,Берияны айтсақ та жеткілікті. билік айналасындағылар соны түсіне ме екен? Осының бәрін ойлап,басым қатты.Ақ көңіл,арда халқымды ойлаймын, өз шаңырағымды ойлаймын. Болашағың қалай болар екен, қазағым!
37-жыл деген не? Репрессия деген не? Ол шын мәнінде диктатураның өзін қандай аспапен де, қарумен де сақтауға көшкен рефлексі ғана. Ондай биліктен бәрін де күтуге болады және көрдік те, не істей аларын. Енді не керек саған?
Қазір қазақ екіге айрылды: Жаңа Өзен жанын жаралағандар және бұған бей-жай қарайтындар деп.
30-ны деген не сөз? қаңтардың 30-ынан кейін емес пе!
Көңіл су сепкендей басылды, билікке деген махаббат өшті.
Қаңтардың 30-ынан кейін Үкімет күнтізбеден 16-шы желтоқсанды алып тастау туралы қаулы шығарады:))))
Парламентке коммунистер қол жекізгесін........ұят болды деген ешкім жоқ.Шынында да сенім күйреді............................
Жаңаөзенді қалпына келтіруге және инфрақұрылымын жақсартуға бөлінген 3 млрд теңгенің 300 млн-ы (10 пайызы) осы мақсатқа жұмсалады, қалған 2 млрд 700 мыңы (90 пайызы) Өзі бастаған жемқорлардың талауына түседі. Ал үкімет енді шетелден келетін қазақтарды бір жерге топтастырып шоғырландырмай, бөлшектеп қоныстандыру жоспарын жасап жатқан сыңайлы.
Кішкене халыққа үлкен намыс қажет
қАЗАҚТАРДЫҢ БІР ЖЕРГЕ ТОПТАСҚАНЫНАН БОЛҒАН ЖАҒДАЙ ЕМЕС ҚОЙ. АҢҚАУ ХАЛЫҚТЫ ӨЗГЕ КҮШТЕР ПАЙДАЛАНЫП, БИЛІККЕ ҚАРСЫ АЙДАП САЛДЫ ЕМЕС ПЕ?
Билікке саяси сауатсыз халық керек. Олардын істеріне халык араласпауы керек. Араласканын коріп еді, кордік. Просто, іш ашиды, казактын тамырын курта ма деп. Казактыгымызды, казак тілін... Карапайым халык кисокадагы тамакка маз болып журе беру керек, ал олар корольге лайык омірді суру керек...
10.шы.Конакка аитарым.Нагыз онбаган топас саясаттан еш хабарын жок макулык Уры Отаннын адамысын.Сен сиякты жагымпазпар Казактын тубне жетед1.
Елдің бас көтерер аймағын жуасытып тастады, басқаларға не жорық,
Үрімжіге барып келіп едім, бір таксист қазақ жігіті: "Қазақстандағы Жасөзен (осылай қате айтты) деген жерде Адай деген халық тұрады екен. Мұнайды алып жатқан қытайларға қарсы көтерілген екен, үкімет қырып тастапты, осы рас па?" деп сұрады. "Ержүрек халық екен, мына жақта қатты риза болып жатырмыз" деді.
Бұған не айтарсың.
Өздерінің ұйғырдан жәбір, зорлық көретінін, ұйғырдан гөрі қытаймен тіл табысып жұмыс істеп жатқандарын айтты.
Мен ештеме айта алмадым.
Бауырым, айырмамыз шамалы деймін бе, не деймін?
Көп ұзамай соңғы демі таусылып, қап-қара жаны жаһаннамға кетерін сезген қанышер билік жантәсілімде айналасын бүлдіріп бағады. Жаппай қуғын-сүргін, қудалау, жазалау жүргізеді. Басталды да. 24-і күні ҰҚК "Алға" партиясының офисіне, оның басшыларының үйлеріне ешқандай ордерсіз басып кіріп, күн ұзағына бәрінің астан-кестенін шығарып, тінту жүргізді. Партия басшысы Владимир Козловты, "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді, қоғам қайраткері Серік Сапарғалиды қамауға алды. Партияның басқа қызметкерлерінен және Жаңаөзенге барып қайтқан өзге де азаматтардан сағаттап жауап алып жатыр.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда 37-ші жыл басталды. Мұның ақыры - жаман. Тарих аренасынан кетпес бұрын мына қарақшы билік елімізді улкен бүліншілікке салуы әбден мүмкін.
СКВАЖИНА ЖАРЫЛСА ЕШТЕНЕ ЕМЕС ШЫДАМЫ ТАУСЫЛГАН ХАЛЫК ЖАРЫЛСА КИМНЕН КОРЕМИЗ МЕНИН ОЙЫМША ТОТЕНШЕ ЖАГДАЙ АЛЫНГАНЫМЕН КАЛАГА КИРЕР ЖОЛДАГЫ ТЕКСЕРУ АЛЫНБАЙДЫ ЕРКИН КИРИП ШЫГУ АРМАНГА АИНАЛАДЫ КАЛАЙ БОЛГАНДАДА БИЛИКТИН АРТЫ АШЫЛМАУ ЖОЛДАРЫН УИЫМДАСТЫРАДЫ АДАМ АТКАН БИЛИКТЕН БАРИН КУТУГЕ БОЛАДЫ ЖАСТАР КАН КОРИП КАЛДЫ ОЛДА ЖАКСЫ ЕМЕС
20 ШЫ ҚОНАҚ АТЫН ТҰРАТЫН ЖЕРІН АЙТШЫ ОСЫ АЙТҚАНДАРЫҢДЫ ТЕЗДЕТУГЕ БОЛМАЙМА ДЕП СҰРАЙЫҚ ОТТАН БОЛСА БӘРІМІЗ ЫРЫМ ЕТІП АУЛАҒА ОТ ЖАҒАЙЫҚ
Соңғы есеп бойынша астыртын ақпар 317 адам қырылған ..... делініпті мында.
Басқасын білмеймін, ана видеороликтердегі атыстан соң осыншама адам-ақ қалған-ау деп ойлаймын мен алаңда тұрғандардан. Мына иттердің сол Жаңаөзенді "жауып" отырғандарындағы бір гәп осыған "сүйрелеп" апаратындай.
30-шы қаңтардан кейін не болады дейсіңдер ме?
Не болушы еді, коменданттық жағдай ұзартылады. Және жаңаөзендіктер өте ұзақ мерзімге осы қоршауда, қамауда қала береді.
Неге екенін бесіктегі бала да біледі.
Жаңа Өзендіктер "Аллаһ акбар" демейді. Олар "Алла, Жаратқан, Құдай" дейтін еді. "Аллах акбар!" деген атқыштардан естілді.
Tagda el bolip uisa almadik!!!! Orenimizdin kewegi mal bakkan kazaktardin orenine jete almadi orkeniet dep olimsiregen agalarmiz tagda ult boludin uitkisina ainala almadi!!! Okiniwti!!! ZHana UZen endi baswilar jasagan senari boinwa omir suredi! HAlikta kek kaladi tagda bir osindai baleket kazaktin baska jerinde bolsa mindetti turde un kosadi al bas koteruol kinnin kini bolip kala beredi!
16 желтоқсандағы қырғынға билік алдын-ала өзі дайындалған. Астанадан оған 12-сі күні құпия тапсырма Ақтауға жеткен. 14 желтоқсанда Жаңаөзендегі атқарушы және құқықтық билік басшылары өз жанұяларын Ақтауға жіберген. Бұл күні ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа генерал-лейтенант шені әдейі аванс ретінде берілген. 14 желтоқсанда Маңғыстау облыстық ІІД бастығы А.Қабыловтың орынбасары полковник К.Өтеғалиев Жаңаөзенге халыққа оқ жаудыру туралы ауызша бұйрықты алып келеді. Жаңаөзен ҚІІБ бастығы майор М.Қожаев оны өзінің бірінші орынбасары майор Е.Бақытқалиұлына, сондай-ақ орынбасарлары А.Өтешовке, А.Әділовке жүктейді. Одан кейінгі жай белгілі. 16 желтоқсанда Абдрасул Өтешовтің көздеп тұрып 3 адамды Макаров тапаншасынан атып құлатқанын көрген жандар бар. Яғни ол да жауапкершіліктен құтылмайды.
Қазақта тұлға жоқ деу бүкіл ұлт үшін намыс, ондай тұлғалар күнде көз алдымызда жүр: Жармахан Тұяқбай, Болат Әбілов, Әміржан Қосанов, Серік Сапарғали, Жасарал Қуанышәлин, Арон Атабек, Рамазан Есіркепов, т. б. Барымызды бағалайық. Тұлғалар бар екеніне, халықтың оянғанына дәлел 28 қаңтар күні Алматыда рұқсат етілмеген шеруге мыңнан аса адамның жиналғаны деуге болады.
Не үшін халыққа оқ жаудыруға алдын ала дайындалды? Ваххабистер болды ма? Террористер жүрді ме? Бейбіт тұрған мұнайшылардан соншама қорқу мүмкін емес қой. Олардың ешкімге де зияны жоқ еді.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты информация толық жария болмай тұр. Көлеңкелі тұстар көп...
Бәрінен қайтыс болғандардың ата аналарына, жетім қалған бала шағаға қиын ғой...
Менше көп өзгеріс болмайды, кішкене пайдамен ауыздарды майлауы мүмкін.
Маңғыстау мұнайшыларына басқа жақтағы наразылықтар қосылып кете ма деп қорықты. Жаңаөзендіктерді қатты жазалау арқылы, біріншіден, маңғыстау ереуілін басу, екіншіден, басқаларды сол арқылы қорқыту,дәметпесін деп,үшіншіден кінәні оппозицияға жауып , оны әлсірету, немесе жою.
Мақсат сол.
Болашақта не боларын Алла ғана білер. Мұндай жағдай басқа аймақтарда қайталана ма деген сұрақтың өзі жаман екен. Елдің қамын ер ойласа тыныштық әр қашанда болады, бұрын-соңды болмаған осындай өзгерістерден кейін "ұйқыларынан" шошып оянғандар енді ұйқтамас. Ал, "әлде әлі болса да жершілдіктің, рушылдықтың деңгейінен аса алмадық па?" - деген сұраққа екі қолдап "ИЯ!" дер едім. Бөрі жеген бөлінгендерді көре тұра қанды оқиға санамызға сілкініс берді деу әлі ерте.
Пікір қосу