Енді бір санаулы күндерден соң 2009 жылдың есігін жабады екенбіз. Бұл жыл кімге не сыйлады? Кім қандай ой түйді? Қазақ қоғамына осы жыл не берді? Жеткен жетістігіміздің мәресі не болды? Кері кеткен тұсымыздың кемшілігі неде?
Бұл сауалдардың сыртында күнделікті күйбең тірліктің өзі адам баласын он ойландырып, тоқсан толғандырады емес пе? Ендеше, өмір, тұрмыс деген тақырыптан да көрген түйгеніміз болса ортаға салып ақтарылайық, сыр бөлісейік.
Ал, ең бастысы әр пікір білдіруші 2009 жылдағы тоғыз саяси немесе төтенше оқиғаны, тоғыз саяси немесе мәдени тұлғаны, тоғыз шығарма мен авторды, жылдың ағымында айтылған тоғыз афоризмді, жылдың үздік тоғыз әні мен әншісін, тоғыз спортшысын атаса бір-бірімізді жан жақтан толықтыра түсер едік. Сүйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жасар едік. Сіздерден белсенділік күтеміз, құрметті оқырман!
(Ескерту: сауалға жауап ретінде әлемдегі қым-қиғаш оқиғалар мен сол оқиғаларға қатысты тұлғаларды, әншілер мен спортшыларды да, т.б. мысал етіп алуға болады)
«Абай-ақпарат».



Не болушы еді? Жемқорлық пен ұрлықтан көз ашқан жоқпыз... Дағдарыс болды... Ел бірлігі деп шулатты билік... Қытай жер сұрады... т.т. осындай қазаққа қарсы қитұрқы әрекеттерге толы болды.
Қазақтың ұлттық санасы рянып, рухы көтеріле бастады.
Биылгы жыл ауыр жыл болды! Уф күрсініске толы жыл болды! Барлықтарынызды жана жылдарынызбен құттықтаймын!еліміз өсіп өркендей берсін!
Бұл сиыр жылы қазаққа жәйлі болғанжоқ,тіпті бар әлемге жәйсіз тиді:
Біріншіден,қаржы дағдарысы тереңдеп,банктердың жағдайы қиындап,теңге девальвацияға ұшырады.
Екіншіден,БТА банкы мемлекет қарауына өтіп,банк басшылары қудалауға ұшырады.
Үшіншіден,үкімет дағдарыстан құтқару үшін миллиарддаған доллар қаржы бөлді,бірақ соншама қаржы құмға құйылған судай әсер қалдырды.
Төртіншіден,қазақ атом өнеркәсібін әләмнің алдыңғы қатарына шығарған Мұқтар Жәкішев ҰҚК ның құрығына ілікті.
Бесіншіден,Рахат Әлиев "Өкіл қайын ата" кітәбін жәриядап,билік оны қазақстанда таратуға,оқуға тиым салды.
Алтыншыдан,"Қазақ елі" тарихи-мемориялдық кешені қайталай ашыылп,қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың мүсіні далада қалды.
Жетіншіден,ассамблеия атышулы "Ел бірлігі доктринасын" әзірлеп,қоғамда екі үдайы пікір тудырып,қарапайым халықты алаңдатып,ұлт жанашырларының ашуын тудырды.
Жетіншіден,Мұқтар Шаханов ұлт жанашырларының қолдауымен "Доктринаға" табанды қарсылық білдіріп,билікті бұл доктринаны талқылауды уақытша тоқтатуға мәжбурледі.
Сегізіншіден,"Мәңгілік президент" туралы жағымпаздық жарысын Байдосов бастап,Қалетайев қағып әкетіп жеке басқа табынушылықтың қазақстандық үлгісін әлемге паш етті.
Тоғызыншыдан,президент қытайға миллмон гектар жер ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін берілуі мүмкін екенін айтып,қоғамдық ұйымдардың,зиялылардың қарсылығын тудырып қытай елшілігіне наразылық хат тапсыруына себепші болды.
Қысқасы,бұл жыл экономикалық қиыншыдықтармен қоса,қазақ халқының мүддесіне қайшы келетін істердің көптігімен есте қалды.
Ашық болсын,алашымның аспаны!
Нағима Есқалиева сияқты әншілер қазақ халқының жиркенішін тудырды!
Бойында Қазақтың қаны бар сптртшылар ұйықтап жатқанда, Қытайдың, дұнған спортшылары қазақтың туын көтеріп, бірақ орысша қойған сұраққа дұңғанша жауап беріп, айды аспаннан бірақ шығарды! Қазаққа сол керек! Қазақтар тағы пырылдап ұйықтай беріндер!
Нағима Есқалиева неге жиркеніш тудыратынын білгіміз келеді. Ақтаудан
Дардай басымен ойнап журген кинолары анандай арсыз фильм болса неге жиркенішті емес???
сіздерді кайдам озімнін есімде желтоксандагы доктрина калды казак елі ушін жан таласка казак жастарымен Мухтар Шахановтын ойлы создері калды...
Келесісі келіннін алегі, менімше келінге жарнама берген жаналыктар куніге айкайлап айтып жатады сосын кандай фильм деп баріміз кордік. отірікпе?
Келесісі казак кызынын орыстардын арасында тайрандап, казак кыздарынын ар намысын аякка таптаган сорлы фильм Махаббат талкегі калды....
Келесісі барімізге аян Кызылагаштагы коркынышты жагдай, Менімше бул Алланын бізге берген ескертуі деп білем,
келесісі тагыда табиги апат Шыгыстагы агайындардын шырылдап калганы, Булда Алланын ескертулерінін бірі .
Келесісі, Кытайлардын казактардан жер сураганы ерекше есімде калды... Жерді бермеу туралы жанайкайларын айткан агаларымызга мын алгыс....
Нағима Есқалиева 60 қа келседе түк ақылы жоқ. ххх факторда өте ерсі қылықтар жасап *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*тық сөздер айтып отырады. Оны жоғарыдағы басшылар неге көрмейді. Қазақ деген атымызға кір келтіріп отыр.
Пікір қосу