Саясат | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Саясат

Жәрдемші

Талғат Әбдіжаппаров: «Ақ Жол партиясын енді ешкім де, ешқашан да бөле алмайды»
6 Ақпан 2012


«Ақ жол» партиясы да - алаштың идеясын жаңа тұрпатта насихаттауға бел буған, сол идеяларға адал саясаткерлердің, ғалымдардың, қарапайым азаматтардың басын қосқан беделді саяси ұйым. Қазіргі кезде партия мүшелерінің саны 200 мыңға жуықтады. Ендеше, бұл ұстаным «Ақ Жол» партиясындағы 200 мың адамның идеясы және қозғаушы күші деп қарастыру қажет.

 

 


Ауыт Мұқибек. «Егемен» елінен кешірім сұрасын!
6 Ақпан 2012


Ал, керек болса! Бұл беті ашылған, құрықталған, жауапқа тартылғандары ғана. Әлі қармаққа ілінбегендері қаншама? Ана Жаңаөзенге қатысты ашылған экономикалық қылмыстарды, шетелге ұшаққа тиеп алып кеткен байлықтар туралы Сейфидин құсап біз де тіпті айтып отырған жоқпыз. Соның өзінде адам шошырлық ақпаратқа кез болдық.

 

 


Жаңаөзен: жазықсыз жан жапа шекпесін! (Ашық хат)
6 Ақпан 2012


Әрине, мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселесі толықтай шешілді деуге болмайды. Себебі, көп жағдайда «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы басшыларының мұндай мәселемен айналысуына билігі де, құзыреті де жетпей жатады. Барлығы «Барлау Өндіру» компаниясына тәуелділіктен.

 

 


Ұлтым деген ерлерді қорғай білейік!
6 Ақпан 2012


Қазақ мүддесі, ұлттық құндылықтар төңірегіндегі шайқаста алдыңғы шепте жүрген ұлт батыры Мұхтар Шахановты сотқа шақырыпты дегенді естігінде сенгіміз келмеді. Бірақ заңды өз пайдасына қарай өзгертіп үйренген билік, өзінен үрейленбейтін «жауларына» «шабуылын» үдете түскен секілді.

 

 


Батырхан Өмірзақов: «Жаңаөзендегі оқиғаға полицейлер кінәлі емес...»
1 Ақпан 2012


Жаңаөзенде түсірілген бейнетаспаларды мен де шолып шықтым. Алаңдағы құқық қорғаушылар алдымен аспанға оқ атқаны анық көрініп тұр. Алайда, толқу одан әрі күш алып кетті, қаншама ғимарат өртенді, тоналды, шеруге шықпаған халықтың өміріне қауіп төнді. Қару қолданбағаннан басқа қандай амалдары қалды тәртіп сақшыларының?

 

 


Айгүл Қохаева. Билік, оппозиция және ұлтшылдық
1 Ақпан 2012


Алмат Азади, Гүлжан Ерғалиева, Тамара Калеева сияқтылардың өздерін халықаралық қазы етіп көрсеткісі келген тыраш әрекеттерінен түк шықпайды! ЖСДП басшыларына айтарым:  Өздеріңді мықты да тәжірибелі саясаткер деген алдамшы қулықтарыңа тойдық. Қолдарыңнан келмесе, орындарыңды жас күштерге босатыңдар!

 

 


Рәзиға Әшеева. Әлем өзгерді. Ал, Қазақстан ше?
31 Қаңтар 2012


Батыс Еуропа мен Америка Қазақстанға «мұнайлы мемлекет, түбінде керек» деген сияқты жылышырай беріп келген болса, қазір олай деу қиын. Бізге әсер еткен бірнеше фактор болды. Біріншіден, бізге Еуропа туралы күйреп жатыр, жағдайы қиын, деген сияқты үнемі жалған ақпарат беріледі. Анығында, Еуропа күшейіп келеді.

 

 


Cәуле Мешітбайқызы. Халқың болмаса, сен кімге Министр боласың, Гүльшара ханым?!
30 Қаңтар 2012


Деректерге сенсек, осыдан он жыл бұрын жылына екі жүз мың бала өмірге келсе, қазір бұл көрсеткіш үш жүз жетпіс мыңға өрлепті. Яғни, ана мен баланы қорғау тұрғысынан келгенде сәби саны көп болса, жәрдемақы мөлшерін көбейтуге негіз жоқ болғаны ма? Әйтеуір, көкейде сауал көп.

 

 


Еркін Бек. Жириновский сатып алыпты...
30 Қаңтар 2012


«Жириновский сатып алайын деп жатыр» деген мекен-жайда орналасқан үйге барып, мән-жаймен толық танысу үшін пәтердің қоңырауын бастым. Шамамен 10 минуттай тұрдым. Іштен үн жоқ.

 

 


Рәзиға Әшеева. Қазақстан парламенті үшін демократия сағымға айналды
30 Қаңтар 2012


Батыс елдерінде халықаралық тәжірибе бойынша Парламент көппратиялы болған жағдайда оны басқаратын спикер өзі мүше партияның ғана  сойылын соқпауы үшін спикер болған мезгілде белгілі бір партияға мүше болмай, одан шығуы тиіс. Бұл үрдіс Ұлыбританиядан басталып, ол халықаралық тәжірибеде қолданылатын болды.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>