Руханият | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Мәжілістің жаңа құрамы: «Нұр Отан» - 83, «АҚ ЖОЛ» - 8, «Қазақстан Коммунистік партиясы» - 7, Ассамблея - 9;
Айтқыш екен
Саяси элита Кремльдің құзырында, Ресейде, баяғы балшабектер билігіндегі Советстанда, ал, бұқара халық өкіметсіз әм үкіметсіз Қазақстанда өмір сүреді.



Загрузка

Руханият

Жәрдемші

Қуандық Шамахайұлы. Шыңғыс хан жасампаз тұлға ма? (басы)
6 Ақпан 2012


Қорқыныш пен үрей құшағында жүріп, тірі қалудың қамымен ғана арпалысқан жас жеткіншектің ойына ол кезде болашақтағы ұлы жеңіс туралы қиялдың өзі кіріп-шықпағаны аян. Қабаған иттерден жанұшыра қашып, жылап-сықтап жүрген балада қай бір ес болушы еді.

 

 


Таласбек Әсемқұлов. Кемеңгердiң өмiрiнен бiр үзiк сыр
2 Ақпан 2012


Біз кеңес заманында атеистік қоғам болдық дейміз ғой. Ал, қазір дінге қайтадан бет бұрдық дейміз. Ал, мен, осы қазіргі дін ұстаған қоғамнан, сол кеңестік атеистік қоғам Құдайға әлдеқайда жақын болды дер едім. Ол кездегі адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы мен жанашырлығы мына жүрген діншілдердің түсіне де кірмеген.

 

 


Ақберен Елгезек: «Ұпай жинау үшін өлең жазу қолымнан келмейді»
2 Ақпан 2012


«Жаңаөзендегі жағдай тынышталды, көтерілген жұртты қарумен басып тастадық» деп жоғарыдағы азаматтар ойлайтын болса, қатты қателеседі. Өз халқына қару қолданып, әділдік іздеген азаматтарды құрбандыққа шала салу - үлкен күнә. Бұның арты жақсылыққа апармайды.

 

 


Әмірхан Балқыбек. Перғауын ақынның құпиясы (жалғасы)
2 Ақпан 2012


«Тән жарасы жазылар, жан жарасы жазыла ма?» Бұл сөздi аңсарына қолы жетпеген кез келген мәжнүн мұңлықтың айтатыны мәлiм. Бiрақ мәселө тек махаббатта емес, сенiң ұлтыңның тарихында, сан ғасырлар ұрпақтан-ұрпаққа мұра қылып аялап ұстаған баба дiнiнде, сол дiнмен егiз қозыдай болып бiрге бiте қайнасып кеткен дiлiнде болса ше?

 

 


Мәмбет Қойгелдиев: «ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне үлкен қиянат жасалды»
1 Ақпан 2012


Мағжанның орнын  социалистік реализм классиктері алды. Мысалға, Сәбит Мұқановты айтайын. Оның «Өмір мектебінде», «Есею жылдарында» жақсы білемін. Егер мәселенің бетіне тура қарап айтатын болсақ, Сәбит Мұқанов бұл екі романы ұлттық ұстанымдағы қазақ зиялыларына жасалған қиянаттың белгісі болып есептеледі.

 

 


Сәкен Сыбанбай. Жарты миллиард адам сөйлейтін тіл жойылуы мүмкін бе?
1 Ақпан 2012


Ең алдымен, халқының этникалық құрамы, елдегі ұлтаралық ахуал жөнінен Қазақстан мен Үндістанды салыстырудың қиын екенін ескерген жөн. Біздің елде бір ғана тұрғылықты ұлт (коренная нация) бар, ол - қазақ. Біз «130-ға жетеді» деп әспеттеп жүрген қалғандары - әрқайсысының түпкі тарихи Отаны бар, бұл жерге кейінгі бірер ғасырда ғана келген диаспоралар.

 

 


Шәміл Әбдісаматов. Ақыл – азбас байлық
1 Ақпан 2012


Кейде көпті көрген үлкен кісілер: - «Е, құдайым, малдан жарлы етсең де, ақылдан жарлы етпе»,-  деп отырады. Десе дегендей, малдан жарлы болған кедей емес, нағыз кедей - ақылдан жарлы адам. Біреудің атын айтып, күлгенді ұнататын адамдар болады.

 

 


Әмірхан Балқыбек. Қазығұрт, топан су және жебірей «Тәураты» (жалғасы)
1 Ақпан 2012


Расында да әңгiме қай пайғамбар жайында болуы мүмкiн? Қарапайым қисынға алсақ, Нұхтан өзге жебiрей немесе араб пайғамбарының бұл өңiрде iз тастауы мүмкiн емес. Әлде әңгiме шынында да Нұх пайғамбардың өзi жөнiнде ме? Олай болса, Ман түбiрiнiң тасасында қандай құпия жасырулы?

 

 


Земфира Ержан: «Нобель сыйлығының лауреттары жыршылардың ішінен шығуы мүмкін»
31 Қаңтар 2012


Земфира Ержан (суретте) 2009 жылы қазақтың эпостық жырларын жататтыру арқылы қазақ тілін үйретудің жобасын қолға алған болатын. «Қобыланды»-жатқа» деп аталатын жоба - тіл үйретудің бұрынғы-соңғы әдістерінен ерекше жоба. Аталған жоба туралы төмендегі сұхбатымыздан қаныға түсесіздер.

 

 


Мөлдір Кенжебай. Анимациядағы «Алдардың» айқайы
31 Қаңтар 2012


Алдарға арналған мультфильмдердің бірі және ішіндегі ірісі Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен «Краус» деген жеке кәсіпкердің орындауымен 2010 жылы жарыққа шықты. Жұмсалған қаржы - 60 000 000 (алпыс миллион) теңге.

 

 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>