Халықтың әлеуметтiк жағдайы қандай? Зейнетақы және жәрдемақы төңiрегiнде неге дау-дамай көп? Билiк жұмыссыздықпен күресе алды ма? Көшi-қон мәселесiн реттеуде не тындырды? «Жас Алаштың» осы және басқа да сұрақтарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара ӘБДIХАЛЫҚОВА (суретте) жауап бердi.
- Гүлшара Наушақызы, Сiздiңше, Қазақстан көшi-қон саясатында ненi ескермей келедi? Қайтсек шетте жүрген қандастарымызды елге қайтарамыз, iшкi көшi-қон мәселесiн қалай реттеймiз?
Сіз қазақ елі жастарының өкілінің бірісіз. Елдің қазіргі дамуына және болашағына қандай ой білдіресіз? Қазақты алда не күтіп тұр деп ойлайсыз?
Қазіргі Қазақстанның бет алған жолын мен аса құптамаймын. Табиғи байлығымыз халықтың пайдасына тимей жатыр. Халықтын пікірімен, ой-арманымен, талап-тілегімен ешкім санасар емес. Мысалы «Қазақстан халықтарының бірлігі» туралы Доктрина мен «Кеден одағы» деген Одақ халыққа «тосын сый» болды. Қазір емес бірақ болашақта жақсы өзгеріс болады деп сенемін.
*Бәрекелді, Мұхтар мырза! Хош келіпсіз. Алғашқы сұрағым: Болатхан ағамен бірге ол кісі шетелдерде елші болған кезде сіз қасында болдыңыз ба? Ол кісінің қандай мінезін өнеге тұтасыз?Мен әкеммен бірге бала кезінде Солтүстік Йеменде 1975-1980 жж бірге тұрдым. Сол кезде әкем аталған елде Совет Одағының консулы еді. Әкем 1993 жылы Мысырға Елші болып тағайындалғанда мен Варшава Университетінде студент болып оқыдым. Каникул кезінде барып тұрдым. Әкем парасатты, сабырлы, тура айтатын адам болды. Мен марқұм әкемнің осы мінезін өнеге тұтамын.
*Мұхтар мырза! Сіздің әкеңіз ұлтжанды тұлғалардың бірі еді. Осы ретте Болатхан Тайжанның есімін ұлықтау калай жүзеге асырылып жатыр деп ойлайсыз? Біз әкеміздің атынан қор аштық. Әкем туралы біле түскіңіз келсе мына сайтты www.boketaizhan.kz ашып көрулеріңізге болады.
Ғұмырын қазақ елінің ұлттық мүдесі мен мақсат мұраттарына арнап, соңына өнегелі өмір жолын қалдырған, үлкен парасат иесі Болатхан Тайжанның тұяғы - Мұхтар мырза abai.kz ақпараттық порталының дәстүрлі интернет-конференциясының «мінберінде».
Тайжан Мұхтар Болатханұлы (суретте) 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.1990 жылы қаладағы 23-ші жалпы білім беретін мектепті бітірді. 1991-1997 жылдары Варшава университетінде оқып, аталған оқу орнынын «өте жақсы» деген нәтижемен тәмамдап Халықаралық экономикалық және саяси қарым-қатынастар Магистрі дипломын алып шықты.
Құрметті Президент!
Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында Сіз ұсынған «Ел бірлігі» доктринасы зиялы қауым өкілдері, саяси партия жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен мерзімді басылым басшыларының және оларды қолдаған қалың көпшіліктің қарсылығына ұшырады әрі қоғам бұл құжатты қабылдамады. Бастауын американдық ұлттан алатын «қазақстандық ұлт» саясаты негізінде жасалған доктринаны қабылдау елімізде тіршілік етіп жатқан барлық ұлттарды жоюға алып баратын бірден - бір қадам болары сөзсіз еді. Сонымен қатар, «қазақстандық ұлт», «қазақстандық ел» немесе «ел бірлігі» саясаты (қалай атасақ та, бұл жымысқы идеяның мән - мазмұны өзгермейді) мемлекетқұрушы қазақ ұлтының тілі мен мәдениетіне, ділі мен дініне, салт - санасы мен әдет - ғұрпына да шексіз қауіп төндірері сөзсіз.
Бұл реттегі интернет-конференциямыздың қонағы Әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп.
Сұлтан Хан Аққұлұлы (суретте) 1991 жылдан бастап Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығын және саяси қызметін зерттеуші, филология ғылымдарының кандитаты. Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы туралы ол орыс және қазақ тілдерінде оннан аса зерттеу мақалалары мен ғылыми очерктерін жариялады. «Қыр баласы» атты алты сериялы деректі фильмінің авторы.
Былтырғы жылдың мамыр айынан бастап қазақ жерін сату немесе жалға беру туралы әңгіме гулеп-ақ тұр. Бір ойланарлығы - жерді сатудың немесе жалға берудің жалпыға жария әңгімесін шығарып алып, артынан жасырынбақ ойнап отырған биліктің өзі. Алдымен қазақ жері араб кәсіпкерелеріне жалға берілетін болды. Естеріңізге сала кеткеніміз жөн: Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысумен өткен Астанадағы Қазақстан мен саудтық араб кәсіпкерлернің арасындағы форумда осы бір жайттың беті ашылды. ҚазТАГ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан шетелдік инвесторларға, оның ішінде саудтық инвесторларға 3,5 млн гектар көлемінде ауылшаруашылық жерлерін беруге дайын екендіктерін айтқан еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарына
Ашық хат
Қазақстан республикасы - саяси-тарихи себептермен кіндік Отаны Қазақстаннан қилы кезеңдерде көз жазып қалып, әлемнің түрлі мемлекеттерінде қоныстанған күллі қазақ азаматтарының тағдырына толықтай жауапты....
ЕГЕР СІЗДЕР:
-ҚАНДАЙ ЖЕЛЕУМЕН БОЛСА ДА ҚАЗАҚ ЖЕРІ ЖАТ ЖҰРТҚА БЕРІЛМЕСІН;
-ЖЕР - «ШАҢЫРАҚ ҚАСІРЕТІНДЕЙ» ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІС ОШАҒЫНА АЙНАЛМАСЫН;
-КЕДЕЙШІЛІК ПЕН ЖОҚШЫЛЫҚ, ӘДІЛЕТСІЗДІК ПЕН ОЗБЫРЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБЫЛСЫН;
-ӨЗ ЖЕРІМІЗ ӨЗ ЕЛІМІЗДІҢ ШЫНАЙЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТҰҒЫРЫ БОЛСЫН!- ДЕСЕҢІЗДЕР, ОНДА:
«ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕРІ - ХАЛЫҚҚА ҒАНА!» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ МИТИНГІСІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР!
Осы жұмада, қаңтардың 29-ы күні, Президент Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын жасайды. Жыл сайын бір рет болатын дәстүрлі Жолдау биыл «дәстүрден» тыс өтетін сыңайлы. Елбасы Жолдауы әдетте қыс мезгілі аяқталып қалған тұста, үкімет пен әкімқаралардың ішіндегі кейбір ұсақ-түйек ауыс-түйістер біткен соң жария етілетін. Мемлекет басшысының Жолдауы сондықтан да атқарушы биліктің бір жыл көлемінде іске асыруға тиіс жұмыс жоспарын, алдағы міндеттерін айқындап беретін құжат есебінде қабылданады. Дегендей-ақ, өкімет оң қабақ танытып отыратын баспасөз біткенде іле үн қосып, жыл бойы «Елбасы жолдауында айтылғандай» деп, немесе «Жолдауға - қолдау» деп, алаулатып-жалаулатып шыға келетіні бар.
| |
|