Қазақстанның барша азаматына тең мүмкіндіктер мен лайықты тіршілік жағдайын туғызуға ұмтылу, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын мойындау, ұлт тағдырына жауапкершілікті сезіну, Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей байырғы қазақ жерінде ұлттық мемлекеттілік құру мен нығайту және де басқа қағидаттарды негізге ала отырып, қоғам мен ұлтқа Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы ұсынылады
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттілігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттілігін күшейту жолындағы барлық шараларды атқарады.
1920 жыл балы мен уын қатар ұсынды. Дәл осы жылы 26 тамызда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Және автономияның территориясы белгіленді. Жан алысып, жан беріскен осынау тарихи кезеңде мәңгілік маңызға ие территориялық аумақ яғни шекара мәселесінде Алаш зиялылары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев, Мұхтар Әуезов сынды ұлт қорғаны болған қайраткерлер құс қанаты талатын қазақ жерінің тұтастығын құжатпен бекіттірді.
Тарихтың сарғайған парақтарының бұлтартпас айғағы - жоғарыда аталған Алаш зиялылары 1920 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін Мәскеуде қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға және оны құжатпен бекіттіру үшін бел жазбай жұмыс істеген. Мәңгілік маңызға ие мәселенің негізгі шаруасымен Әлімхан Ермеков айналысқан.
"Абай.кз" ақпараттық порталының шығармашылық ұжымы қысқа мерзімді демалысқа кетті. Бірақ бұл қоғамдағы болып жатқан жаңалықтар біздің назарымыздан тыс қалады деген сөз емес. Жаңа маусымда біз сіздермен қайта кезігіп өміріміздегі ең өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешімін іздейтін боламыз. Сондай-ақ, біздің портал жаңа маусымда Сіздердің назарларыңызға үлкен жаңалықтар ұсынуды жоспарлап отыр. Сүйіншіге толы сол жаңалықтарды бізбен бірге бөліседі деп сенеміз. Барлықтарыңызға жағымды демалыс тілейміз!
- Құрметті, Бағдат Сайланбайұлы. Алатау ауданы бір жылда бір облыстың қаржысын жұмсаған аудан. Рас, көзге көрінетіндей көп шаруалар тындырдыңыз. Алайда, азаматтарымыздың денсаулығынан артық не бар. Алдымен емхананы жөнге келтіруіңіз керек еді. Басқасын айтпағанда алатаулық жүкті аналарға қиын болып тұр. Бұл бір, Екіншіден, қос Шаңырақтың ортасындағы баяғы сайға орналасқан үйлердің маңына біреулер тау-тау етіп қоқыс төгуде. Қазір тұрғындарыңыз сол қоқыстан өздеріне керекті дүниелерді үйлеріне тасуда. Бұл адам денсаулығына зиян емес пе? Қазаққа енді қалғаны қоқыстан баспана салу еді. Бұған намыстанатын шығарсыз. Айтпақшы, заңдастыруға жатпайтын үйлердің көпшілігі тұрмысы төмен адамдар. Оларды ертең Саялыға қоныс аударсаңыздар жерді тегін бересіздер ме? РАХМЕТ!
Алатау ауданының құрылғанына биыл екі жыл толады. Ауданды құрудағы басты мақсат - қала төңірегіндегі көптеп бой көтерген шағын аудандардың инфрақұрылымын көтеру, күрделі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, заңсыз жер басып алуды тоқтату болатын. Ең бастысы ауданды құра отырып билік «Шаңырақ оқиғасының» қайталануының алдын алды. Екі жылда қыруар шаруа тындырылды. Алайда, шешімін әлі таппаған мәселелер одан да көп. Ауданның болашағы қандай? Не өзгерді? Не өзгереді? Билік қазаққа жаны ашыса алдымен Алатау ауданына қамқорлық көрсетіп, осы ауданды көтеруге тиіс. Өйткені, Алматының ең үлкен аудандарының бірі саналатын Алатау тұрғындары (тіркелген азаматтар саны 180 мыңнан асады) негізінен қазақтар. Кешегі ауылдың қазағы. Сіз бен біз. Демек, ауданның жай-күйі бәрімізді де толғандырары сөзсіз. Ал осы сан сауалға жауапты интернет-конференцияның бүгінгі қонағы Алатау ауданының әкімі Бағдат Сайланбайұлы Мәнізоров мырза береді.
КИІЗ ҮЙ
11 Маусым 2010
Киіз үй (оның құрылымы, ішкі безендірілуі). Қырғыз-қайcақтардың үйі оның көшпелі өміріне ыңғайлы: орташа көлем мен салмақтағы киіз үйді бір түйеге артуға болады. Ол керегелерден, жіңішке уықтар мен бірнеше киіз жабдықтардан тұрады. Біріншісі үйдің негізі, ал екіншісі суық пен аяздан қорғайды. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ. Төменгі бөлік немесе кереге - түйіскен жерлері қайыспен байланған, көшуге киіз үйді жыққанда жеңіл жиналып, тіккенде керілетін торкөз ағаштар. Киіз үйдің көлемі екіден сегіз керегеге дейін барады, оларды біріктіре байлағанда қанат деп аталады.
Н. И. ВЕСЕЛОВСКИЙ
Аққан жұлдыз
Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр.
Мен бір жырды жырлайын, Жырласам нені жырлайын? Ертеде өткен Абылай, Ханымды жырлайын! Оныменен қоймайын, Оның атысқан жауын жырлайын. Қосқан малын жырлайын. Мінгенде аты кер еді, Есенқұл мен Ерсадыр Қырғызда даңқы бірге шыққан ер еді.
Еуропаша білім алған қазақтар шоғырының көшбасшысы, этнограф-ғалым, фольклортанушы, географ, этнолог, саясаткер, ағартушы-демократ әм суретші, бір сөзбен айтқанда, сахарада саңлақ туған Ұлы Шоқан Уәлиханов тұңғыш рет туған халқына өз тілінде «үн қатқалы» тұр. Сіз расында таң қалуыңыз мүмкін, осы күнге дейін Мұхаммед-Ханафия (Шоқан) Шыңғысұлының толық шығармалары қазақ тілінде жарық көрмеген еді. Сонда дейміз-ау, бүгінгі дейін Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты қайда қарап отырған? Кешегі алыптар шоғыры Шоқанды өз тілінде сөйлетуге қалайша пәрмен жасай алмаған? Шоқантанушылар бұл мәселеге неге жете мән бермеген? Кейінгі 4-5 жылдың шегінде игілігті істер атқарып үлгерген «Мәдени мұра» бағдарламасына Шоқан шығармалары неге енбей келген? Жә, ештен кеш жақсы.
Құрметті Нұртай аға! Менің алдымдағы кісілер де біраз мәселенің басын шалып, көкейде жүрген сұрақтар қойған екен. Ол сұрақтарға тоқтамай-ақ өзімді алаңдатып жүрген сұрақтарыма бірден көшейін.
1. ШҚО әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың шығыста ел басына күн туған кезеңде атқарған жұмысына қандай баға берер едіңіз? Менің ойымша мүмкін сіз келіспессіз, ол кісіні мына қиын қыстау заманда әкім болып тағайындалғанына мың алғыс ету керек сияқты. Сапарбаевқа ел рахмет айту керек.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Мәшбекұллы Сапарбаевтың атқарып жатқан жұмысын толық қолдаймын. Өйткені ол азамат облыстағы аудандарды, елді-мекендерді жиі аралап, халықпен тығыз байланыста. Облыстағы көптеген мәселелердің шешілуіне ат салысып, нақты шешімдер қабылдап, игі жұмыстар атқарып жатыр.
| |
Мұрағат
Қыркүйек 2010
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| -1 | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 1 | 2 | 3 |
|