Менің өз білуімде, қазақтан сол кезде екі әдемі кісі болатын. Мынау сұлулықты, ләззәттылықты, сосын дүниедегі жақсы нәрсені жақсы көретін екі кісі болып еді. Біреуі - Мұхтар, екіншісі - ақын Мағжан болатын. Осы екеуінің түріне қарағанымызда, құлпырып тұрған қыран құстай оларға еш пенде жетпейді деп ойлайтынбыз
1937-1938 жылдары Кеңес Одағында, халықаралық «Мемориал» тарихи-ағарту қоғамының мәліметі бойынша, 1 миллион 710 мыңнан астам адам саяси айып тағылып тұтқынға алынған да, солардың кемі 725 мыңы атып тасталған. (Бұлардың ішінде атылған 25 мыңдай қазақстандық да бар).
Шымкент қаласындағы Әкбар қажы Шәкірбай мешітінің имамы болып отырған Зейнекең шет жағасына өзі шала-шарпы куә болған 1991 жылдың қыркүйек айында Оралды дүр сілкіген қазақ пен орыс-казак текетіресі туралы өтірікті бөсіңкіреп жіберіпті. Тілшіге берген жауабын оқып отырып жағамызды ұстадық.
Біздің көсемдеріміз - ұлт мәселесінің жолдас Сталин секілді теоретиктері және басқалар Қазақиядағы «Алаш-Орданың», Әзербайжандағы «мусаватистердің» үкіметтерінің, Түркістандағы «Қоқан автономиялық үкіметінің» «контр-революцияшылдығын» талай растады және с.с. Бұл жайында ап-айқын етіп ж.Сафаров жазды.
Автордың пайымдауынша, монғолдар жаңа техникалық жетістік ойлап таппады, жаңа дінге де бет бұрмады, азын-аулақ әдеби кітап шығарып, драмалық пьеса сахналады демесең әлемді елең еткізер бидайдың жаңа сортын да жасамады, дәстүрлі мал шаруашылығының өзінде тың тәсілдер ойлап таба алмады.
Әлихан Бөкейханов. «Алаш-Орданың» бұрынғы төрағасы. Қазір Мәскеудегі шығыс баспасында жолд. Төреқұловта істейді. Өзінің барлық бұрынғы шәкірттерімен, соның ішінде Қожановпен де толық байланысы бар, олармен хат жазысып тұрады, «Ақ жол» редакциясынан материалдық көмек алып тұрады.
Маған жеткен мәліметтер бойынша, «Алаш-Ордашылар» өздерінің үстінен жазылған осы арыздың мазмұнын Ташкентте әлден біліп алды. Бұл былай болды. Арыздың бір данасын Қожанов әлде-бір жолмен қолына түсіріп алған, оқып шыққан да, осы партияда жоқ бұрынғы алаш-ордашыларға жасырын түрде көрсетіп шығыпты.
болып тұр. Мәскеуге келгеннен соң мен Зиновьевпен және Коминтерннің Шығыс Бөлімінің меңгерушісімен көрістім. Олар мені сырттай-ақ Шығыс Бөлімі меңгерушісінің орынбасары етіп тағайындауды және маған Таяу Шығысты (Түркия, Арабия, Сирия және т.б.) тапсыруды шешіп қойыпты. Бірақ мен...
Қорқыныш пен үрей құшағында жүріп, тірі қалудың қамымен ғана арпалысқан жас жеткіншектің ойына ол кезде болашақтағы ұлы жеңіс туралы қиялдың өзі кіріп-шықпағаны аян. Қабаған иттерден жанұшыра қашып, жылап-сықтап жүрген балада қай бір ес болушы еді.
Расында да әңгiме қай пайғамбар жайында болуы мүмкiн? Қарапайым қисынға алсақ, Нұхтан өзге жебiрей немесе араб пайғамбарының бұл өңiрде iз тастауы мүмкiн емес. Әлде әңгiме шынында да Нұх пайғамбардың өзi жөнiнде ме? Олай болса, Ман түбiрiнiң тасасында қандай құпия жасырулы?
| |
|