Біз өзімізді қазақ санаймыз, бірақ орысша ойлап, қажет болғанда ағылшынша да сөйлесеміз...
24 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Айбын Бақытұлы/ - Бірер күн бұрын, ғаламтор әлемін шарлап отырып, ой-талқы форумдардың бірінде белгісіз автордың пікіріне кезігіп қалдым. Орыс тілінде. «Біз өзімізді қазақ санаймыз...» деп басталғандықтан ба, әлгі автордың жазғандары бірден назарымды аударды. Әңгіме бүгінгі қазақ қоғамында
қалыптасып келе жатқан, өзін өгейсінетін жаңа бір буынның, тіпті ұрпақтың дейік, ащы шындығы, боямасыз қалпы туралы екен. Сонымен әлгі белгісіз автордың ойларын қаз қалпында қазақшаласақ, былай болып шығады:


