Блог пользователя san-bek | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Блог пользователя san-bek

Жәрдемші

Жабық есікке жалтақтаған тірлік.
30 Мамыр 2010


- Көрініп тұрған мінге сын айту - ауған ердің тартпасын қайта тарту керектігін айтқан сыйластық екенін түсінерлік деңгеәге әлі жете алмай жатырмыз. Өкпе назы қойнында, күңкілі көрпе астынан естілетін момын тіршілігіміз шапағатты тек жаратушыдан ғана күтуге мәжбүрлеп, ақылыңды - жасыққа, алтыныңды - тасқа айналдыратындай күйге жеткізді. Күйлілердің сөзі мен күйкі тірлігінен күпті болып жүрсек те селт етер қылық таныта алмайтындай жайға тап болдық.
- Қазір ақылдан тапшылық көріп жүрген ел екенімізді білмейді емеспіз. Тапшы дүниенің құны өсетін еді, бірақ ақылға зәрулік болмағандықтан ақыл-ой қажеттілікке айналмай отыр. "Әділдік орнатуға ақылың жетпесе, дарынды болудың өзі сорға айналады" деген даналардың сөзі шындыққа айналды. Өздерін тәңір деп санап жүргендердің алшаң басқаны ерсілік саналмай, зәрулік пен тапшылық көбімізді соқыр төзімнің құрбандығына айналдырды. Қойын-қонышын пұлға толтырған тойымсыздар "арамдықпен алтын буынғанша, тапқаныңды қорек етіп тыныш отыр" деген ұлағатты сөзге тоқтар ниеті жоқ.


 


Аңыздың да айтары бар.
29 Мамыр 2010


- Көне дәуірдегі жаугершілік жорықтары кезінде кемелері Жерорта теңізінде қатты дауылға ұшыраған парсының қалың әскері белгісіз шағын аралға аялдапты делінеді. Арал тұрғындарының әміршісі парсы әскері қолбасшысына құрмет көрсетіп отырған сарайға аралдың екі тұрғыны келіп төрелік сұрапты. Әлгі тұрғындардың бірі екіншісінің иелігіндегі алаңнан шағын жер сатып алған екен. Сол жерді өңдеп жүргенде жер астынан алтын салынған құмара тауып алған екен. Соны бұрынғы жер иесіне апарып,  ""  мен жеріңді сатып алдым, бірақ жер астынан табылған мына қазынаны сатып алғаным жоқ.. Сондықтан  оны иеленіп күнәһар болғым келмейді" депті. Жерін сатқан екінші тұрғын да " мен жерімді сатқанда астын да, үстін де сатқанмын. Сондықтан мен де иеленіп күнәһар болғым келмейді" деп, қазынаны алудан бас тартқанын айтыпты. Арал әміршісі екі тұрғынның адалдығына  риза болып: "біріңнің ұлың, екіншіңнің қызың бар болар. Соларды үйлендіріңдер де, тапқан қазыналарыңды соларға енші етіп беріңдер" деп төрелік айтыпты. Екі тұрғын кеткен соң арал әміршісі парсы қолбасшысынан: " Сіздің еліңізде осындай шағымдар қалай шешілер еді" деп сұрапты.


 


АТАЛАРЫМЫЗ АЛАРЫНАН АЙРЫЛСА ДА, АЙТАРЫН ЖІБЕРМЕГЕН ЕДІ...
15 Сәуір 2010


Барына бата қылып, сөмке көтеріп, тәшке итеріп нан тапқандардың өз тағдырын тануға талпынысы мен мұршасы жоқ. Дәрменсіздігіне мінезсіздігі қосылып, ішінара тістеніп қоятын қалыбынан да айрылатын түрі бар.Көздері көргенін құлағы естімейтін дімкес күйде. Бауын байласа ауы жыртылып, ауын жамаса бауы үзілген ығыр тірлікке еті үйренген. Олардың ауыз берген құдай азығын да берер деп, кең тұсау жайбарақаттылығы көмекейлі пенделерге қолайлы болуда.


 


АТАЛАРЫМЫЗ АЛАРЫНАН АЙРЫЛСА ДА, АЙТАРЫН ЖІБЕРМЕГЕН ЕДІ...
15 Сәуір 2010


Барына бата қылып, сөмке көтеріп, тәшке итеріп нан тапқандардың өз тағдырын тануға талпынысы мен мұршасы жоқ. Дәрменсіздігіне мінезсіздігі қосылып, ішінара тістеніп қоятын қалыбынан да айрылатын түрі бар.Көздері көргенін құлағы естімейтін дімкес күйде. Бауын байласа ауы жыртылып, ауын жамаса бауы үзілген ығыр тірлікке еті үйренген. Олардың ауыз берген құдай азығын да берер деп, кең тұсау жайбарақаттылығы көмекейлі пенделерге қолайлы болуда.


 


ҚАСАҢ ЖҮРЕКТІЛЕР ШЫРАЙЛЫ КӨРІН БЕЙДІ.
2 Сәуір 2010


- Қиялы бай адамдар қай кезде де жетпесті айтып, сағын сындырмай, еңсесін түсірмей, өмірін інжу көзін іздеумен өткізетінін білеміз. Көне заманда А.Македонский Диогенге: - "Сізді ойшыл, ғұлама дейді. Өзіңізге қандай жақсылық жасауды қалайсың", - дегенде, бөшкіде отырған Диоген: - "көлеңкеңізді әрі алып кетіңізші", - депті. Ой алыптарының бөтеннің көлеңкесінде қайырымдылық нәпақасымен өмір сүргісі келмейтін асқақтығы осындай болса керек. Осындай рухани асқақтықты санасы ояу, сезімі кір салмаған жандар ғана үлгі тұтады. Аяқ астынан келген капитализм қайсыбіреулердің бет пәренжесін сыпырып алып жатқанда өз ұстанымдарын сақтап қала алған жандар некен-саяқ көріп жүрміз. Олардың да ішіп-жемі мен шайлығы молдау орта іздеп кетуге мүмкіндіктері болса да қара шыбынды қазан басынан қайыр тапқысы келмесе керек. Тіршілікте саңлақтар мен саңырауқұлақтар қатар тіршілік ететіні әуелден бар. Аусар топтан аражігіңді ажырата білсең де, заманмен заңғарлас болмайтындай амалың жоқ. Жеткеніңе қараулық, жетістігіне құйтұрқылық жасайтын жетесіздер мен өресіздер өктемдігі діңкелетеді. Олардың ықтыра алмаса да, бұқтырып алу ниеттері іске асырылып жатыр. Өз ортасынан әділдік таба алмағандардың бойы да, ойы да дел-сал.


 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>