Желтоқсан!
9 Қараша 2011
Ақталмаған Желтоқсан.
Көзімді жұмсам көретін де,Желтоқсан
Ерлеріне ел сенетін де,Желтоқсан
Итпен қуып күрекпенен ұрғанда
Алаңда Ербол өлетін де, Желтоқсан!
Намысымды келтірген де,Желтоқсан
Қайратты асып өлтірген де, Желтоқсан
Темір тормен қоршап тұрған одаққа
Семсер болып серпілген де, Желтоқсан!
Арыстарды қорлаған да, Желтоқсан
Аруларды зорлаған да, Желтоқсан
Қазақ емес мәңгүрт болып кетер ек
Алау жағып, болмаған да,Желтоқсан!
25 жыл мақталмаған Желтоқсан
Намысымыз тапталмаған Желтоқсан
Талайлардың түстеріне енетін
Әлі күнге ақталмаған Желтоқсан!
Қанымызды қайнат тағы, Желтоқсан
Қызғалдақ боп жайнап мәңгі,Желтоқсан
Рухын оят, ұйқыдағы ерлердің,
Алдаспан боп ойнап тағы, Желтоқсан!
Халелхан Әділхан-желтоқсан күрескері.


