Блог пользователя Үкі Оқымысты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сенбесе – өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
Астананың бір минуттық шығыны - 600 мың теңгені құрайды
Айтқыш екен
Обал болды көзге де, құлаққа да,--
Сеніп елге бермейсің сыр ақтара.
Қарайтының күдіз-түн бір-ақ канал,
Көретінің бір кісі, бір-ақ қала.

А. Мұқабай, асаба

Загрузка

Блог пользователя Үкі Оқымысты

Жәрдемші

ЖАҺАНДЫҚ ДАУЫЛДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?
14 Желтоқсан 2009


Жалғанды жалмап келе жатқан жаһандану үрдісі  көп дүниені қайтадан қарап,елеп-екшеуді қажет ететіні белгілі. Осы үрдіске үрке қараған елдер де, жаңаның бастауы деп жанына жақын тартқан тіпті осы жалмауыз алапаттың апанына түсіп барынан баз кешіп, жұтылып жатқан елдер аз емес. Бұл үрдіске анықтама беріп, айдар тағушы оқымыстылардың пікірі әркелкі. Шындығында, жаһандану - әлем назарын аударған технология мен жаңашыл көзқарастардың, өткенді саралап, мораль мен гуманизмнің тоғыса келіп классикалық үлгіге айналатын жалпы ғаламдық нормалардың этикалық, демократиялық үлгісі болуы шарт.

Алайда, жаһандану «демократия» шапанын жамылған әлемдік лидер, жеке дара билік құралы ретінде пайдаланылып отыр. Батыс пен Шығыстың бір арнаға тоғыса алмауы, сондай-ақ сансыз оқиғалар тізбегін жасаған тарих бұл процестің тамыры тереңде екенін дәлелдейді. 


 


БЕТІ ТҮЗЕЛМЕГЕН КӨШ
14 Желтоқсан 2009


Астанамыздағы кезінде елдігіміз бен ерлігіміздің символына айналған  айыр қалпақты атақты үш биге арналған ескерткішті тамашалап тұрғанымда қасыма қолтықтасқан қазақтың қыз бен жігіті келіп тоқтамасы бар ма? Обалы нешік, келісті билерге көп қарады. Танымады ма, әлде, жорта айтты ма жігітіне төтесінен «бұлар кімдер» дегені. Қыз сұрағына абдырап қалған азаматымыз «білмей тұрмын, ел қорғаған батырлар болар» деп құтылды...  Данагөй үш ақсақалдың кербез бейнесін суретке түсіріп, таңданысын «Круто!» сөзімен түйіндеген екі жас кете барды. Арттарында үлкен сауал арқалап мен қала бердім. Санасын құрт мүжіп, тарихтан мақұрым қалған жастарға таң қалдым. Арманнан бұлдыр, тәрбие атаулыдан тұлдыр қалған жастардың обалы кімде?! «Жас өспей ме, жарлы байымай ма» дейді екен дана қазақ. Алайда, тәрбиесіз өскен жас пен сәулесіз байдың ертеңгі қоғамға қажеті қанша...


 


Ошақ жазбаларынан...
14 Желтоқсан 2009


Қай елдін болмасын алғашқы патшасы ақылсыз болады. Кейінгілері осыған қарап сабақ алады.

Кез-келген патшаның бойынан әл-Фараби айтқан 10 қасиеттің кемінде 7-еуі табылмаса халқын бақытсыздыққа душар етеді.

Дәл бүгінгі таңда өзін «халқым үшін қызмет етіп келемін» деп атайтындар қазақ халқының басты жауы. Жалғандық – жамандарға ғана тән дүние.


 


RSS-материал
 

Мұрағат

Ақпан 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728291234

Айлық статистика

<<  >>