Домбыраның 6000 жылдық тарихы болса, оны жасаған қазақ өркениеті қашан қалыптасқан ? (фото-видео репортаж)
11 Ақпан 2010
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 19 мамыр 2009 жыл.
Әлемдегі бүгінгі күні қолданып жүрген музыка аспаптарының ең көнесі, яғни атасы - ДОМБЫРА !!!
Майтөбе жайлауы (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) теңіз деңгейінен 2000 метрлік биіктікте орналасқан. Бұл жотаның ұзындығы 13 километрге созылған жоғарғы тау шатқалындағы көптеген суреттердің арасынан тастан қашалған көне домбыраға ұқсас музыкалық аспаптың суреті табылған.
Тастың ұзындығы 1 м 30 см, қалыңдығы 80 см, түсі қара. Бұл суретті 1986 жылы белгілі этнограф Жағда Бабалықұлы тауып, сол кездегі Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптары музейінің директоры, философия ғылымының докторы Сәбетқазы Ақатаевқа хабарлап, музейге қабылдатады. Жағда Бабалықұлы қағазға түсіріп әкелген тақтатастағы суретте музыкалық аспаптың артында бес адамның әртүрлі қимылда билеп тұрған бейнесі түсірілген. Ал фотоға түсірген суретте музыкалық аспаптың артында билеп тұрған адамдар саны төртеу. Осы фотосуретті Сен домбыраны зерттеп жүрген адамсың ғой деп, ( Жұмагелді Нәжмеденовке) маған Сабетқазы Ақатаев берген болатын. маған Сабетқазы Ақатаев берген болатын.
Жапон ұлтын ата жолынан тайдырмаған шығыстық болмыс - қазаққа үлгі бола ала ма? (фото-видео репортаж)
11 Ақпан 2010
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 10 қыркүйек 2009 жыл.
... Затшылдық көзді байлады,
Адастырып айдады.
ЖАН билемей, ТӘН билеп,
Адамның соры қайнады...
деп ХХ-ғасырдың басында-ақ, Еуропацентристік методологияға негізделіп, қалыптаса бастаған "кеңестік сана", ұлтымызды рухани дағдарысқа түсіретінін сезіп, күңіренген Шәкәрім ғұламаны коммунистер атып, денесін құдыққа тастағанымен қоймай, қазақтың бас көтерер басқа да арыстарын қырып-жойды.
Басшылығы Әлемдік басым күштердің ықпалында болып, солардың "қол шоқпарына" айналған Кеңес өкіметі, сол жылдардағы нәубеттерден аман қалған 40 пайыз қазақты ұлттық болмысынан айыруға бар күшін салды. Бірақ залымдардың ойлағандары жүзеге аспай, ниеті түзу қазақ халқына Алла жар болып, ұлттық тәуелсіздікке жеттік.
Қазақ Елі ұлттық мерекесі - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ. (Алматы қаласынан фото-видео репортаж)
10 Ақпан 2010
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 16 желтоқсан 2009 жыл.
[caption id="attachment_995" align="aligncenter" width="225" caption="Тауелсіздік монументі. 16.12.2009 жыл."][/caption] [caption id="attachment_999" align="aligncenter" width="300" caption="\"ЖЕЛТОКСАН - 86\" арналган ескерткіш"]
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Қалдыбай Әбенов ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ туралы 16 12 2009 жыл
Кенжехан Матыжанов Халық үшін ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ең ұлық мереке!
Халық емшісі ӨТЕЙБОЙДАҚ бабамыздың жолын қуған - бүгінгі ізбасарлары бар ма? (фото-видео репортаж-1)
4 Ақпан 2010
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 22 қаңтар 2010 жыл.
ПАРАСАТТЫ БАБАЛАР ҮНІН БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗГЕН РУХАНИ ЕМШІЛЕР ЖАЙЛЫ.
...Затшылдық көзді байлады,
Адастырып айдады.
ЖАН билемей,ТӘН билеп,
Адамның соры қайнады...
деп, батысқа еліктеген бауырларымыздың өзге тілде ойлап, өзге дыбысқа толғанып, өзгенің сырын түйсігіне түйіп, ұлттық болмысы өзгеріп, материалистік көзқарасқа негізделген коммунистік идеологияның құлдарына айналатынын ерте байқаған Шәкәрім ғұлама осылай күңіренген екен...
Ғұлама атамыздың ақиқатты болжағанын бүгін баршамыз көріп жүрміз. Тіпті кейде маған парасатты батыр бабаларымыздын рухы өзгелердің үнінен шошып, қазақ топырағына қона алмай жүргендей көрінеді...
Үннің табиғаты тербеліс-толқын, ендеше ол энергия-күш. Осыны білген Қорқыт ата бабамыз:
Құлақ астым сыбысқа,
Ой толғадым дыбысқа.
Сырын түйіп түйсікке,
Үн жинадым тынысқа — деген өсиет сөздер қалдырыпты.
ХАЛЫҚ пен БИЛІК, "екеуі екі тілде сөйлеп", бірін-бірі түсінбей жүрген жоқ па? (фото-видео репортаж)
3 Ақпан 2010
Арнайы www.qazaq.kz үшін НАУРЫЗБАЙ ЕЛТІНДІ. Қазақ Елі, 3 ақпан 2010 жыл [caption id="attachment_1212" align="alignleft" width="300" caption="\"Халыктын жері - Халыкка\" митингісі. Алматы 30.01.2010 жыл"][/caption] 30 қаңтар, сенбі күні Алматыдағы «Сарыарқа» кинтотеатрының артындағы саябақта, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен билік рұқсат еткен митинг болып өтті. Жиынға қатысқан жүздеген адамның арасында Қазақстандағы үш оппозициялық партияның мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық топтардың өкілдері мен қатардағы азаматтар болды.
Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж)
1 Ақпан 2010
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 30 қаңтар 2010 жыл
2010 жылы 27 қаңтар күні Алматы қаласы Әкімдігінде Үкіметтік Емес Ұйымдармен (ҮЕҰ) ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің І (VII) отырысы
Кеңес жұмысының барысында білім беру мәселелері қарастырылды:
1. Мектептердегі өзін-өзі басқару қағидатын дамыту;
2. Балалар тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру;
3. Балаларға бейне зомбылық көрсетуді тоқтату жөнінде кешенді шаралар қабылдау, телеканалдар бағдарламасын реттеу жөнінде нормативті актілер қабылдау;
4. Балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру бағдарламасын әзірлеу, өскелең ұрпақты діни экстремизм ықпалынан қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдау;
5. Қосымша балама білім рөлін арттыру.
Сонымен қатар Демократтар Үйін басқару бойынша Қоғамдық комиссияның анықтамасы талқыланды. Отырыс жұмысына Кеңес мүшелері, Алматы қаласы ҮЕҰ басшылары, қалалық құрылым өкілдері қатысты.
Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма? (фото-видео репортаж)
1 Ақпан 2010
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 ақпан 2010 жыл
[caption id="attachment_1197" align="aligncenter" width="1024" caption="\"АЛДАСПАН\" пікірсайыс орталыгында"][/caption]
2010 жылы 28 қаңтар күні "Қазақстан-ZAMAN" газеті оқырмандарының "АЛДАСПАН" пікірсайыс орталығында, "Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма?" тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті. тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.
Отырысқа қатысушылар, негізінен, төмендегі үш сұраққа жауап іздеді:
1. Аңыз-әпсаналарды тарихи дерек-көз ретінде қарастыруға негіз бар ма? Егер, бар болса, оның алғышарттарын көрсетсек. 2. Қазақ шежірелеріндегі сәйкестіктер мен кереғарлықтарды зерттеуді отан тарихы ғылымының басымдықтары ретінде қарастыра аламыз ба?


