Қорқұт Әулиенің Соңғы Күйі
29 Наурыз 2010
Кеудемізде бүлкілдеген бір құдіретті үрей бар, үміт те, түңіліс те соны жіп ұшы еткен, бұған Қорқұт әулиенің соңғы күйі куә. Ажалмен айқасып та, жалтарып қашып та жеңістік ала алмайтынын түсінген соң, қасиетті сыр дарияға кілемін төсеп, қобыз шанағынан үйрілген үн шыңырауына мүлде берілген Қорқұт бабаның сол бір соңғы тылсым күйі жан дүниеміздің тереңінде өз-өзінен ойнала бастаса болды, көңіл көкжиегі баянсыз, мәнсіз былжыр сезімдер мен арзан ақыл-ниеттерден аруланып, тұңғиық мұң мен тұнық шаттық нәзік те, асқақ ырғақпен ойқастап, мүлделік баяндылықтың киелі сұлбасы көз алдымызда жарқын көсілгендей болады. Ал Қорқұт әулие жөнінде әркім әрине өзінше айтады, әрбір айтылым оларша Қорқұт әулие қалдырған сол бір жұмбақтың соңғы шешуі тақілетті.
ТӨРТ АНАҒА МАХАББАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЕЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯСЫ
28 Наурыз 2010
Ұлыларға құрмет, талант қадіріне жете білу – өркениетті елдің басты белгісі. Ұлттық ерік-жігер мен ізгі сенімнің ұшқары әйгілеушісі ретіндегі ұлт ұлылары тірі кезінде қадірлену мен үлгі етілу бақытына ие болса, онда ол ұлттың шығар тұғыры биік, болашағы жарқын болмақ. Ұлылық қадіріне өз кезінде жете алмайтын, ұлыларына құлақ түріп, олардың ұлы идеяларымен санасуды білмеген, білгісі де келмеген халықтың басына төнер зауал қара бұлттары қат-қабат. Мұны көсем тарих сан мәрте дәлелдеген. Тіпті соны кесіп айтуға болар, бір ұлт бастан кешірген сор мен нәубет сол ұлт тобырларының өз ұлыларына жасаған тарихи қиянатының қарымтасы. Өйткені ұлылық жай ғана танымалдылық, таңдаулылық, білімділік, біліктілік емес, адамдық биігінен ұлттық тіршіліктің ашық аспаны үшін жанкешті күресу, ұлттық болмыстың тұғырын бекемдеу, ұлтқа төнген зауал қара бұлттарын ыдырату. Дегенмен құрмет атаулы жекеге табыну мәнін алса, немесе сұрқия жағымпаздыққа сайса, онда бұл жасандылық ұлыны да, ұлтты да былғайды.
ҰЛТ, ФУТБОЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ ЖЕРҰЙЫҚ
28 Наурыз 2010
Автор: Алфи Хайдар Амед
ф.ғ.к., Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері.


