Archive - мар 2010 - Блогтағы жазба | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет

Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...

Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Archive - мар 2010 - Блогтағы жазба

Жәрдемші

Дата
  • All
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
Тип

March 29th

Қорқұт Әулиенің Соңғы Күйі
28 Наурыз 2010

Кеудемізде бүлкілдеген бір құдіретті үрей бар, үміт те, түңіліс те соны жіп ұшы еткен, бұған Қорқұт әулиенің соңғы күйі куә. Ажалмен айқасып та, жалтарып қашып та жеңістік ала алмайтынын түсінген соң, қасиетті сыр дарияға кілемін төсеп, қобыз шанағынан үйрілген үн шыңырауына мүлде берілген Қорқұт бабаның сол бір соңғы тылсым күйі жан дүниеміздің тереңінде өз-өзінен ойнала бастаса болды, көңіл көкжиегі баянсыз, мәнсіз былжыр сезімдер мен арзан ақыл-ниеттерден аруланып, тұңғиық мұң мен тұнық шаттық нәзік те, асқақ ырғақпен ойқастап, мүлделік баяндылықтың киелі сұлбасы көз алдымызда жарқын көсілгендей болады. Ал Қорқұт әулие жөнінде әркім әрине өзінше айтады, әрбір айтылым оларша Қорқұт әулие қалдырған сол бір жұмбақтың соңғы шешуі тақілетті.

ТӨРТ АНАҒА МАХАББАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЕЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯСЫ
28 Наурыз 2010

Ұлыларға құрмет, талант қадіріне жете білу – өркениетті елдің басты белгісі. Ұлттық ерік-жігер мен ізгі сенімнің ұшқары әйгілеушісі ретіндегі ұлт ұлылары тірі кезінде қадірлену мен үлгі етілу бақытына ие болса, онда ол ұлттың шығар тұғыры биік, болашағы жарқын болмақ. Ұлылық қадіріне өз кезінде жете алмайтын, ұлыларына құлақ түріп, олардың ұлы идеяларымен санасуды білмеген, білгісі де келмеген халықтың басына төнер зауал қара бұлттары қат-қабат. Мұны көсем тарих сан мәрте дәлелдеген. Тіпті соны кесіп айтуға болар, бір ұлт бастан кешірген сор мен нәубет сол ұлт тобырларының өз ұлыларына жасаған тарихи қиянатының қарымтасы. Өйткені ұлылық жай ғана танымалдылық, таңдаулылық, білімділік, біліктілік емес, адамдық биігінен ұлттық тіршіліктің ашық аспаны үшін жанкешті күресу, ұлттық болмыстың тұғырын бекемдеу, ұлтқа төнген зауал қара бұлттарын ыдырату. Дегенмен құрмет атаулы жекеге табыну мәнін алса, немесе сұрқия жағымпаздыққа сайса, онда бұл жасандылық ұлыны да, ұлтты да былғайды.

ҰЛТ, ФУТБОЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ ЖЕРҰЙЫҚ
28 Наурыз 2010

Автор: Алфи Хайдар Амед
ф.ғ.к., Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері.
 
March 17th

Аманжолдай азаматты ардақтай білейік!
17 Наурыз 2010

                                   Аманжолдай азаматты ардақтай білейік!
 
March 17th

Ұятты ұмыттырған тірлік амалдары.
16 Наурыз 2010

- Жан-жағымызға қарасақ баяғы аспан, баяғы жер. Сол аспан астындағы, сол жер бетіндегі адамдар өзгерген. Өзгерген болмысы емес, қасиеті, мінез-құлқы, психологиясы. " Құдай өзгерістер заманында өмір сүруді жазбасын" деп  көне көз қариялар айтып отырушы еді. Оның неге айтылғанын енді біліп жатырғандаймыз. Осы өзгерістер заманының туындысы болуы керек, ар-ұятты алға ұстайтын есті кісілер саяқ көрінетіг болып барады. Ата-бабаларымыздың " өлімнен - ұят күшті" дейтін ұят атаулы байлық пен билік біріккен жерден жерініп,басы ауған жаққа кеткен секілді. Ұятты ұмыттырған арам амалдар бүгінгі тірліктің жан бағу жолына айналған түрі бар.

March 16th

Жауап іздеген сұрақтар.
15 Наурыз 2010

-Орта ғасыр тарихында Византия империясына кресшілер шапқыншылығының қиын күндерінде дін иелері " періштелердің еркек-ұрғашысы бола ма" деген тақырыпты талқылап жатыпты деген дерек бар еді. Осындай сұрақтар тобына " жаратушының адамды жаратқандағы мақсаты не" деген сұрақ та жатады.  Бұл сұраққа жауапты " жаратушыдан сұрайтынды жаралушыдан сұраудың несі білімділік", - деп, Иранғайып ақын келтесінен қайырыпты. Сол ақын "бір жаратушының бар екеніне күмәнім жоқ, бірақ қолдан жасалынған құдайлар неге көп", -деп өзі де сұрақ қойыпты. Өз күніңді өзің көр деген жердегі құдайларға " өз күнімізді өзіміз көрсек, бізге сіздердің не қажеттіктерің бар" деп төтелеп айтып салыпты. Бұлайша қарпи айтып, қарша борататын мінезділер дала гүлдері сияқты ерте солады білем. Көбіміз мінезсіздіктен мүжіліп, жасқаншақ жаутаңкөзге айналдық. Жаратушының пәтуәлі сөз айтсын деп берген тесігімізге темір құлып салып қойдық. Үйіне қонған жолаушыдан жүкті болып қалған бір бейбақтың " өзімде де обал жоқ, шешініп жатып нем бар еді" деп өкінгеніндей бір кездері сан соғатын шығармыз. Табиғаттағы бар тіршілік атаулы өзін-өзі сұрыптаудан өткізіп тұратыны белгілі. Ал адамзатқа табиғи сұрыптаудың қатысы бар ма? деген сұрақ та бар.

March 9th

Болатхан Тайжан ағаның әруағына тағзым
9 Наурыз 2010

ҰЛТЫМ! - деп екіленетін ҰЛ болмаса,
                ҰЛЫМ! - деп еміренетін ҰЛТ қайдан болсын...
(Ұлтымыздың Ұлы перзенті Болтахан Тайжан ағамыздың рухына)
 
Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>