Осымен, бірнеше айға созылған сөздің түйіні шығып тұр. Жаңаөзендіктерді (сол өңірдегі шетелден атажұртына түпкілікті қоныс аударған ағайындарды) «өтініштері» (әкімшілік қысым жасап, күштеп деп сөздің астарын бірден түсініп оқысаңыз, жүйкеңізге артық салмақ түспейді) бойынша, жұмыспен қамту үшін өзге өңірлерге көшіреді.
Автордың пайымдауынша, монғолдар жаңа техникалық жетістік ойлап таппады, жаңа дінге де бет бұрмады, азын-аулақ әдеби кітап шығарып, драмалық пьеса сахналады демесең әлемді елең еткізер бидайдың жаңа сортын да жасамады, дәстүрлі мал шаруашылығының өзінде тың тәсілдер ойлап таба алмады.
9-ншы ақпан - қазақтың Ұлы ақыны Мұхаммедқали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Жарық дүниеде туған халқын шексіз сүйген ақынды артындағы елі, сансыз ұрпақ жүрегіне салып әлдилеп келеді. Әлдилей береді. Мұқағали - әр қазақтың өзімен өзі мұңдасуы, сырласуы. «Өмір» деп соққан әр жүректің айнымас асыл серігі. Солай болған. Солай мәңгілік жалғаса бермек.
Енді есіңе Елбасының өткен жылдың 22 желтоқсанында Жаңаөзенде болғанда: «Мені мыналар алдап келіпті!» деп біраз шенеунікті орынтағынан айырғаны оралады. «Рас-ау, Алланы алдаған, Елбасын алдаған сұмдардың арамызда сонша көп болғаны ма?» деген үрей бойыңды билейді.
Орыс бауырлар да бүгінде қарды да, қысты да, аязды да, орманды да, басқасын да оңды-солды иемденіп, басқаға ештеңе «қалар» емес. Бәлкім, сондай үлгіні көргендіктен бе, айналамыз түркі жұртына ортақ құндылықтарды да бөлшектеп, патенттеп алуға жан таласып жатыр. Алайда, мұның барлығы да далбасалық әрекет.
Әлихан Бөкейханов. «Алаш-Орданың» бұрынғы төрағасы. Қазір Мәскеудегі шығыс баспасында жолд. Төреқұловта істейді. Өзінің барлық бұрынғы шәкірттерімен, соның ішінде Қожановпен де толық байланысы бар, олармен хат жазысып тұрады, «Ақ жол» редакциясынан материалдық көмек алып тұрады.
«Қорқыт ата кiтабы» да - ерлiктердiң кiтабы. Мұндағы оқиғалар саны да он екi (кездейсоқтық па?). Бiрақ осы қаһармандықтардың iшiндегi ең бiр тағылымдысы Тоқа баласы ержүрек Домрул туралы жырда айтылады ғой деп ойлаймыз.
| |
|