Мағжанның орнын социалистік реализм классиктері алды. Мысалға, Сәбит Мұқановты айтайын. Оның «Өмір мектебінде», «Есею жылдарында» жақсы білемін. Егер мәселенің бетіне тура қарап айтатын болсақ, Сәбит Мұқанов бұл екі романы ұлттық ұстанымдағы қазақ зиялыларына жасалған қиянаттың белгісі болып есептеледі.
Ең алдымен, халқының этникалық құрамы, елдегі ұлтаралық ахуал жөнінен Қазақстан мен Үндістанды салыстырудың қиын екенін ескерген жөн. Біздің елде бір ғана тұрғылықты ұлт (коренная нация) бар, ол - қазақ. Біз «130-ға жетеді» деп әспеттеп жүрген қалғандары - әрқайсысының түпкі тарихи Отаны бар, бұл жерге кейінгі бірер ғасырда ғана келген диаспоралар.
Жаңаөзенде түсірілген бейнетаспаларды мен де шолып шықтым. Алаңдағы құқық қорғаушылар алдымен аспанға оқ атқаны анық көрініп тұр. Алайда, толқу одан әрі күш алып кетті, қаншама ғимарат өртенді, тоналды, шеруге шықпаған халықтың өміріне қауіп төнді. Қару қолданбағаннан басқа қандай амалдары қалды тәртіп сақшыларының?
Ұлт-азаттық қозғалысының «Алаш» идеясының маңайында топтасуында үлкен саяси мағына бар. Қазақтың зиялылары Алаш идеясын тек қана туысқандықтың белгісі ретінде қолданбай, мемлекеттік идея дәрежесіне көтере білді.
Алмат Азади, Гүлжан Ерғалиева, Тамара Калеева сияқтылардың өздерін халықаралық қазы етіп көрсеткісі келген тыраш әрекеттерінен түк шықпайды! ЖСДП басшыларына айтарым: Өздеріңді мықты да тәжірибелі саясаткер деген алдамшы қулықтарыңа тойдық. Қолдарыңнан келмесе, орындарыңды жас күштерге босатыңдар!
Кейде көпті көрген үлкен кісілер: - «Е, құдайым, малдан жарлы етсең де, ақылдан жарлы етпе»,- деп отырады. Десе дегендей, малдан жарлы болған кедей емес, нағыз кедей - ақылдан жарлы адам. Біреудің атын айтып, күлгенді ұнататын адамдар болады.
Расында да әңгiме қай пайғамбар жайында болуы мүмкiн? Қарапайым қисынға алсақ, Нұхтан өзге жебiрей немесе араб пайғамбарының бұл өңiрде iз тастауы мүмкiн емес. Әлде әңгiме шынында да Нұх пайғамбардың өзi жөнiнде ме? Олай болса, Ман түбiрiнiң тасасында қандай құпия жасырулы?
| |
|