Archive - дек 2010 | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет


Абұйыр, атақ сол жанда –
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Абай Құнанбайұлы

Санайғақ
1996-2004 жылдар аралығында Ресейде білім алған қазақстандық 2 мың әскери қызметкердің оқуына 135,73 миллион доллар қаржы жұмсалған.

(Қаржы министрі Болат Жәмішовтың дерегі)

Айтқыш екен
- Мұрагеріңіз, ізбасарыңыз бар ма?
- Мұрагері-і-і-і-м-м-м... Ізбасарым жоқ. Ізіме түсетіндер көп-ау, бірақ...


Мемлекеттік маңызы ерекше мекеме басшысының мұңы

Загрузка

Archive - дек 2010

Жәрдемші

December 30th

Боқтағаның қай ағаш?! (Қашаған жыраудың Есқали сұпыға айтқаны)
30 Желтоқсан 2010


Теке қаласының (қазіргі Орал) түрмесінен босап, елге оралған күй атасы Құрманғазының дақпыртын естіп, Нарын құмында сауық құрып жүрген Қашаған жырау іздеп келеді. Екеуі Жайықтың бойында кездесіп,  жұртты аралап, күй тартып, жыр жырлайды. Қыс мезгілі болса керек.

 

 


Ескі жылға есеп және жаңа жылдан не күтесіз?
30 Желтоқсан 2010


Өткен жылы үлкенді-кішілі оқиғалар да, ел қабырғасын қайыстырған қайғылы жайттер де болды. Алайда, ел аман, жұрт тыныш. Десе де, әр жыл әр адамның есінде белгілі бір оқиғамен немесе жағдаймен жатталып қалатыны бар. Ендеше, Талқы-Форум осы жыл Сіздің есіңізде несімен қалды? Елде, жеке өміріңізде болған қандай дүниемен ерекшеленді? "Ескі жыл ескіресін, жаңа жыл жарылқасын" демекші, жаңа жылдан не күтесіз? Қандай өзгерістердің болғанын қалайсыз деген сауалдарға Талқы-Форум жауап іздейді. Жаңа жыл қарсаңында өткен жылды қортындылап, жаңа жылға бісмиллә деп жоспар құра отырайық, ағайын.

 

 


 


Ноғайлының жұртында
30 Желтоқсан 2010


Күн түбінен күңіреніп ту алған, Ұлы дала үшін болған жорықтарда үзеңгі қағыстыра бірге жортқан, түркінің жазира даласын төсек етіп, көкбөрі қарап ұлитын көк аспанды көрпе еткен түбі түркі қарындас Ноғай халқының бүгінін ойласаң, жүректің басына шер қатады.

 

 


«АЛҚА» - ҰЛТ ҚАЛАМЫНА СЕРТ
30 Желтоқсан 2010


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған (№ 21, 2010 жыл) профессор М.Қойгелдиев пен ізденуші Ш.Тілеубаевтың «Алқа.Табалдырық» атты материалын оқып шығып тарихқа ынтызар қауыммен ой бөліскенді дұрыс көрдік...

 

 


Еренғайып Қуатайұлы. БАЛБАЛ ТАС – БАБАМНЫҢ КӨЗІ
30 Желтоқсан 2010


«Айқын» газетінен Ерлан Қариннің сұхбатын оқып, оның бабалардан қалған балбал тасқа деген құрметіне тәнті болып едім. Ерлан Тынымбайұлы сұхбатында бүгінгі Моңғолия даласында сан ғасырлардан бері көк түріктің көзіндей саф күйінде сақталған мүсін тастарды көруге аңсары ауып жүргенін айтыпты.

 

 


Ерлан Қарин.Қазақ ауыз және жазба әдебиетіндегі жебе түрлерінің атаулары
30 Желтоқсан 2010


Оқтардың өз атауларына байланысты жалпақ, екі қырлы болып келгендерін «қозы жаурын», «көкжендет» деп атаған. Бұдан байқағанымыз оқтардың да өзінің атқаратын міндеті мен түріне қарай да жеке атаулары болғандығын білеміз. «Қозыжаурын» қазақ әдебиеті мен көптеген танымдық...

 

 


Зарқын Тайшыбай. Абайдың нағашылары мен қайын жұрты туралы
29 Желтоқсан 2010


Ұлы Абай туралы ұлы Әуезовтен сөз қалған ба, Мұхтар не дейді: "Абайдың өз шешесі Қаракесек ішінде Бертіс тұқымы болады. Ұлжанның әкесі Тұрпанмен бірге туысқан Қантай, Тонтай қалжыңмен даңқы шыққан белгілі мысқылшыл, тапқыр күлдіргілер. Бұл әдет - Бертіс, Шаншар руына түгел жайылған мінез.

 

 


December 29th

Депутат Елекеев «Ұлт лидері» түсінігін ҚР Конституциясында белгілеуді ұсынды
29 Желтоқсан 2010


Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ  - ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев пленарлық отырыс барысында ҚР Конституциясында «Ұлт лидері» түсінігін белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

 

 


Бастамашыл топ Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзартуды қолдайтын 2 млн қол жинауды жоспарлап отыр
29 Желтоқсан 2010


Астана. 29 желтоқсан.ҚР-дың қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы бастаманы қазірдің өзінде 150 мың қазақстандық қолдап отыр, деп мәлім етті бастамашыл топтың басшысы, Семей университетінің ректоры Ерлан Сыдыков.

 

 


Полицейлерді соққыға жыққаны үшін бұзақылардың біреуі 3,5 жылға, ал оның 2 серігі 2 жылға шартты түрде сотталды
29 Желтоқсан 2010


Қарағанды. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты полиция патрулін серіктерімен бірлесіп соққыға жыққан жергілікті тұрғынды 3,5 жылға соттады. Бұзақының екі серігіне сот шартты түрде 2 жыл берді.

 

 


 

Мұрағат

Мамыр 2012
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031123

Айлық статистика

<<  >>